Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігін түсіндіру, балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар туралы алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Білімді жаңа жағдайда қолдана білуге дағдыландыру арқылы танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін кеңейту, ауызекі сөйлеу тілін, ойын дамыту.
Тәрбиелік: Айналадағы дүниені қорғауға үйрете отырып, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын түсіне білуге, жануарлар түрлерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, баяндау, талдау-жинақтау, әңгімелеу, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ойын.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, бейнефильмдер, тест тапсырмалары, оқулық, музыка әуені, жұмыртқа.
Түрі: ашық сабақ, жаңа сабақты меңгерту, аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, еңбекке баулу.
Күтілетін нәтиже: балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі туралы білімдерін қалыптастыру. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуі, танымдық қабылдауын арттыруға дағдылануы.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
А) Топқа бөлу
1-топ: Балықтар
2-топ: Қосмекенділер
3-топ: Жорғалаушылар
Ә) Психологиялық дайындық
Амансың ба, Алтын Күн,
Амансың ба, Көк Аспан!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем, қуанам!
Сабаққа кіріспе:
Бүгінгі сабағымды мына өлең шумағынан бастағым келеді
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады?
Көктемде.
Бүгін ауа райы қандай?
Көктемде табиғат қалай өзгереді?
Көктемде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Үй тапсырмасын тексеру:
Құстар туған жерге қай уақытта оралады?
Құстар ұясын неден жасайды?
Құстар немен қоректенеді?
Үй құстарын атау: тауық, үйрек, қаз, әтеш, балапандар
Көктемде үй құстарын адамдар қалай күтеді?
Жаңа сабақты түсіндіру
Қазір мына сөзжұмбақты шешіп жіберейік.
Ішінде тамақ салынған
Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа)
Отырмайды, тұра аламайды.
Түзу жолда бұраңдайды. (жылан)
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық)
Су - оның мекені,
Құрлықта да жүреді. (бақа)
|
|
| Б |
|
|
|
| |||||||
|
|
| А |
|
| Б |
| |||||||
|
|
| Л |
|
| А |
| |||||||
Ж | Ұ | М | Ы | Р | Т | Қ | А | |||||||
Ы |
|
| Қ |
|
| А |
| |||||||
Л |
|
|
|
|
|
|
| |||||||
А |
|
|
|
|
|
|
| |||||||
Н |
|
|
|
|
|
|
| |||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
Сөзжұмбақты шешкенде қандай сөздер шықты: жылан, бақа, балық.
Бұлар жануарлардың қандай тобына жатады?
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Олай болса, бүгін біз балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемдегі тіршілігімен танысамыз.
- Есімізге түсіріп жіберейік, қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылар қыста қайда қыстайды?
- Бақалар су түбіндегі лайға тығылып, ұйқыға кетеді.
- Жылан мен кесіртке жапырақтар мен шөптердің арасына тығылып ұйықтайды.
- Неліктен олар ұйқыға кетеді?
- Күзде азық қорының азаюынан, ауа райының салқындауынан суыққа шыдай алмайды.
- Көктемде қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың тіршілігінде де қандай өзгерістер болады?
- Олар ұйқыдан оянады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
(Қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылар туралы бейнефильм көрсету)
Көктемде балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелер көбейеді. Олар жұмыртқалау арқылы көбейеді. Балықтар мен бақалардың жұмыртқасын уылдырықтар деп атайды. Уылдырықтардан дернәсіл дамып, итшабақтар өсіп шығады. Жыландар мен кесірткелер жұмыртқасын күн көзі жақсы қыздыратын жерге салады.
Білімді жүйелендіру мен пысықтау.
Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға мәтінді тізбектей дауыстап оқыту.
-Балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелер немен қоректенеді?
-Олардың қандай пайдасы бар?
Балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелер бунақденелермен, балдырлармен, шабақтармен қоректенеді. Жылан сонымен бірге тышқанды, құстарды және кесірткені ұстап жейді.
Бақа зиянды бунақденелермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын келтіреді. Жыланның уынан дәрі алынады, балықтардың бауырынан май алынып, онда «Д» витамині мол. Сондықтан оларды қорғауымыз керек.
2. Дәптермен жұмыс:
Қосмекенділер уылдырық
Балықтар уылдырық
Жорғалаушылар жұмыртқа
Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырма:
1 – топ: «Балық» тақырыбына эссе жазу.
2 – топ: көрініс қою: «Бақа мен бала»
3 – топ: жыланды және оның жұмыртқасын ермексаздан мүсіндеу.
Балалар тапсырманы орындап көрсетеді.
Жеке жұмыс: Семантикалық карта
Әр балаға жеке-жеке семантикалық карта таратылады. Орындап болған соң, слайд арқылы тексеріледі.
| Балықтар | Қосмекенділер | Жорғалаушылар |
Тритон |
| + |
|
Саламандра |
| + |
|
Тасбақа |
|
| + |
Акула | + |
|
|
Дельфин | + |
|
|
Сабақты қорыту.
Суреттер (қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың) таратылады, балалар атын атап, сол жануардың көбеюіне сәйкес «Уылдырық» немесе «Жұмыртқа» конвертіне салу керек.
Рефлексия. - Бүгінгі сабақта біз нені үйрендік? Сендерге ұнады ма?
-Сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, сондықтан сендердің қармақтарыңа «Алтын балық» ілікті. Бірақ «Алтын балықтарыңызды» үйге алып кетпейсіздер. Біздер әрқайсымыз бір – бір тілек тілеп, сол тілектеріміз орындалу үшін алтын балықты теңізге жібереміз.
Әр топқа бір – бір алтын балық беріледі. Балалар
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып келу, қалаған қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың бірінің суретін салу.