Балқашым 80 жыл
Әлдиіне тербеген көкше көлдің,
Сезіміне бөленген қалың елдің
Балқашым туған жерім қасиетті,
Мерейлі 80жасқа міне келдің.
Атағың шығып жатыр бүгін де елде,
Мысың шарлап әне жүр біраз жерде.
Жағаңа кеп демалуда сансыз адам,
Жан –жақты салаң өсіп күннен күнге.
Туған өлкем өсе бер биікке өрле,
Асуларға самғай түс қанат кер де.
Мақтанышпен айтатын барлық ұрпақ.
Даңқың шығып тұрсыншы мәңгі төрде.
Карибаева Гүлдариға
5 «В» сыныбы