«Осень 2024»

Азаматтық құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік

Адамдар арасында мүліктік қатынастан басқа мүліксіз қатынас жасалып, ол да азаматтық заң тәртібімен реттеліп отырады. Мыс: ар-ұждан, қадір-қасиет және іскерлік дәреже құқығы.

Мүліктік, сондай-ақ жеке мүліктік емес азаматтық құқықтық байланыс олардың субъектісі болып аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі ретінде жеке бір адам, әлде адамдар ұжымы шығады. Жеке адам азаматтық заңда азамат деп аталады.

Ұйымдар да азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі бола алады. Оларды заңды тұлға деп атайды.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

ТАНАТАРОВ ДАНИЯР ЖАНҰЗАҚҰЛЫ

Қызылорда гуманитарлық-экономикалық

колледжінің құқық пәнінің оқытушысы


Сабақтың тақырыбы: «Қылмыстық жауапкершілік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құқық пәнінен алған білімдерін жинақтап, салауаттылық өмір салтына байланысты алкаголь, темекі, есірткі, СПИД ауруларының адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін заң жүзінде әшкерелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларға құқықтық, экономикалық тәрбие бере отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сот сабағы.

Сабақтың әдісі: Рольдік ойын.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, бейнероликтер, слайдтар, плакат,

Пән аралық байланыс:Қоғамтану, саясаттану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

  • Сәлемдесу,аудитория тазалығын тексеру.

  • Студенттерді түгелдеу.

  • Көрнекі құралдармен жабдықтау.

  • Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру:

Кіріспе. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы бойынша «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімдері, әл-ауқаты» ұзақ мерзімді басымдықты басшылыққа ала отырып, сот процесінің жүргізілу барасымен танысу және спирттік ішімдіктің, есірткінің, темекінің, СПИД-тің адам мен қоғамға, экалогияға,экономикаға тигізетін әсерін әшкерелеу.Ақ пен қараны анықтау. Соған орай, біз өткен сабағымызда адамзатқа жат қылықтар туралы мағлұматтар алған болатынбыз. Енді осы алған білімдерімізді тиянақтау үшін осы сабағымызды сот үдерісіне арнаймыз.

Сот үдерісі

Жүргізуші: Біздің халқымыз өте еңбекқор, кеңпейіл, ата-бабасын, үлкенді сыйлаған. Күнделікті адал еңбектің арқасында күн көрген. Егінші егінін еккен, малшы малын баққан, етікші етігін тіккен. Ал, ұста болса, ол да өз ісімен айналысқан. Ауыл адамдары бір-бірімен тату-тәтті өмір кешкен. Ата-анасы тату болған. Ол кісілердің 10, тіпті одан да көп балалары болған. Ауыл ақсақалдарын сыйлап, балаларға қамқорлықпен қарап, аялап, мәпелеген. Осындай тату-тәтті отырған ауылға алыстан Бүлдіргі деген бір саудагер келіпті. Ол ауылды қақ жарып өтетін соқпақ жолға түсіп алып:

О, халайық, халайық,

Мына ыдысты қарайық

Керемет күшті қасиет

Бар ыдысты алайық

Ыдыс емес, ол сиқыр,

Өзіңді баурап алады.

Бар тірлікті ұмытып,

Жанды азапқа салады.

Ауыл адамдары ештеңе түсінбей, әлгі ыдыстан ала бастайды. Саудасы жүрген Бүлдіргі саудагер әндетіп ауылға жиі келіп тұратын болыпты. Сол Бүлдіргі саудагердің келгенінен бастап, ауыл адамдарының берекесі кетеді. Тату-тәтті отбасында ұрыс-керіс шығып, әкесі баласын орынсыз жәбірлейтін болыпты. Малшыны ұйқы басып, жайып жүрген малынан айырылады, егіншінің жаздай еккен егінін жинай алмай рәсуә болып қар астында қалады. Міне, осындай қасыретке тап болыпты, несібелерінен айырылыпты.

Сонда, оқушылар, бұған кінәлі Бүлдіргі саудагер оның сатып жүрген ыдысының ішіндегі қандай зат, айтыңдаршы?

Оқушылар: арақ

Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар оқушылар. Бұл ыдыстың ішіндегі әзәзіл сусын-арақ еді.

Осындай жағдай сол кезден бастап талай баланың, ананың көз-жасы болып тамған.

Оқушылар, Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД адамдарға опасыздық пен бақытсыздық алып келуде, осыған ашынған халық оларды әділ сотқа беріп, қылмыстық іс қозғау керек деп арыз түсірді. Қазір соттың жүрісін тыңдайсыздар.

Сот процесін сот хатшысы бастайды.

Хатшы:

  • Сот келе жатыр... орындарыңыздан тұрыңыздар!

  • Сот:Отырыңыздар. Басты сот талқылауын ашық деп жариялаймын.

  • Сотталушылар: Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД бойынша қылмыстық ісі қаралады.

  • Сот: Хатшы, осы қылмыстық іске кімдер келіп отырғаның баяндаңыз.

  • Хатшы: Сот процесіне қатысушылар:сот кеңесшілері, жәбірленушілер(қоғам ішіндегі экология, мәдениет, демография), айыпталушы қылмыскерлер 1.Арақ.

2.Темекі.

3.Есірткі.

4.СПИД, айыптаушы(прокурор), қорғаушы(адвокат)

Айыптаушы:

Бүгін сот процесінде қаралатын мәселе ғасырдың басты кеселдерінің бірі болған және XXI ғасырда басты індеттерінің біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі, СПИД, ауруы.

ҚР қылмыстық кодексінің 96 - шы бабы( кісі өлтіру, яғни, басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру - алты жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) 102-ші бабының 1-ші тармағы (жәбір көрушінің адамгершілік еңбек қабілетінен қасиеттерін жою арқылы өзіне өзі қол жұмсауға жеткізу-үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады)178- бабы (тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау-үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

103,104,105-ші баптары (денсаулыққа ауыр, орта, жеңіл түрдегі зиян келтірушілік, еңбек қабілетінен мүлдем және уақытша айыру-үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

179- шы бабы (қарақшылық-мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады), 120шы бабы (зорлау), 295-ші бабы (мас күйінде автокөлікті жүргізуге) сәйкес арақтың үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Есірткініңүстінен жоғарыда аталған баптар мен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабына (есірткіні жасау, тасымалдау,сақтау-мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады) сәйкес қылмыстық іс қозғалады.

СПИД ауруының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 102,121-ші бабының 3-ші тармағының 6-шы пунктіне (ауруды таратушы-сегіз жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады) ісі бойынша қылмыстық іс қозғалады.

Темекінің үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің 174-ші бабының 1-ші тармағына (қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті бұзушы, денсаулыққа зиян келтіруші ісі бойынша азаматтық адамгершілік тұрғысынан) іс қозғалады. Сот алдында айыптаушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, жәбір көруші қоғамды шақырамыз....

Сот: Сот алдындағы айыпталушы, қылмыскерлердің сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз.

Қоғамдағы экология саласы:

-Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Тіпті темекі өсетін алқаптарда, темекі топырақты құнарсыздандырады. Басқа өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді. Ал, кокайн, марихуана, апиын тәрізді табиғи есірткі заттардың алқаптарын жою қоғам алдындағы үлкен міндетке айналып отыр.Темекінің кесірінен жылына 4 млн-ға жуық адам өліп кетуде. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы,384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 650 мың тонна темекі, майы 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Олар ауамен араласып, ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, 2-шіден атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту, ішімдік ішу, өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде. Есірткі бағзы заманнан қолданылып келе жатқан дерт екені белгілі. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ресейдің Челябі облысындағы заутта болған жарылыста Қырғызстандықтар зардап шекті. 2015 жылдың 1-ші қазанында Челябі облсындағы «Карабашмыс» зыуытында темекіні шегу салдарынан жарылыс болды. Зардап шеккен 9 жұмысшы туралы хабарланды, соның ішінде төртеуі ауыр халде. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс салдарынан Қырғызстанның 3 азаматы зардап шеккен.

Сот :-Қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші қоғамның оларға таққан айыбымен келісе ме, жоқпа соны сұрайды.

Қорғаушы:

-Жәбірленушінің менің қорғаушыларыма таққан айыптарымен толық келіспейтінімді мәлімдеймін. Себебін толық түсіндіру үшін айыпкерлердің өзіне сөз берілуін сұраймын.

Арақ:

-Құрметті сот мүшелері, мен өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін. Менің қоғамға пайдалы жақтарымда бар. Мысалы: мен өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы, қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен етіп отыр. Көптеген шаруашылықтар арақ-шарап жұмсауға керекті шикізаттарды даярлаумен айналысуда. Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы тұрғындарының біразы жүзім шаруашылығымен айналысады. Спирт өндіруге керекті жоғары сапалы бидайды өсіретін шаруашылықтарда бар.Қаз алка қауымдастықтарының пікірі бойынша қазақ жерінде арақ 40,шарап 24,спирт өндіретін 62 завод бар екен. Кедендік бақылауында бір ғана Алматыда 2007 жылы 117мың млн доллор құрайтын 89 мың тонна құрайтын өнімі енгізілсе. Ал 2008 жыл шетелдерден алынып келетін арақ-шараптың өзі 106мың тоннаға дейін, ал бағасы 126мың доллорға дейін артқан. Мен мемлекеттің қазынысына миллиондаған қаржы түсірудемін.

Темекі:

-Менде әріптесім арақ сияқты көптеген адамдарға жұмыс берудемін. Мемлекет мені шығарған өндіріс орындырының көлемін көбейтуге және түрлендіруге, шығаруға мүдделі болып отыр. Мысалы:Іле ауданының орталығы энергетиктер ауданында темекі комбинаты салынып бітті. Сонымен қатар арақ пен темекіні теледидар, баспасөз арқылы жарнамалаудан белгілі бір адамдар пайда көріп отыр. Қазақстандағы темекі өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын.Алғаш фермантация зауыты болып салынған. Кәсіпорын құрылысы 1933 жылы басталып 1936 жылы аяқталды. Ресей мен Украинадан көшіріп келген темекі фабрикаларының жабдықтары негізінде зауыт қуаты 2-есе артты. Кейін кәсіпорындардың сигарет жасайтын станоктар орнатылады. 1958 жылы зауыттың цехтары бірігіп комбинатқа айналды. Темекі өндіруге және Республикада темекі өсіруге 340млн доллор көлемінде қаржы жұмсады.1994 жылы алматы облысындағы темекі фабрикасын салуға кірісті. Компания сигареттің жергілікті маркаларынығ сапасын халықтар стандарт деңгейіне көтерді. Өнім көлемі 1993 жылғы 10млрд темекі бірлігінен 1997 жыл 18 млрдқа көбейді. Темекіні кейбір халықтар өтімді маркаларын шығара бастады. 4 жыл ішінде мемлекет бюджетіне салық түрінде 128 млн доллор төледі. Сондықтан, мен өзіме тағылған айыптармен келісе алмаймын.

Есірткі:

-Апиынды адамдар ертеден қазірге дейін адам бойындагы кейбір дерттерге қарсы шипа ретінде қолдануда. Дәрілік өсімдік ретінде медицинада 500-ден астам медициналық дәрілерге қолданады. Морфин мен пантопонды таза күйінде (басқа дәрілерге араластырмай) жанға батып ауырған жерді басып тыныштандыруға қолданады. Апиын әр түрлі наркотиктерді дайындауда құрамына қосатын өте бағалы медициналық шикізат болып есептеледі.Тұқымын тамақ, кондитер өнеркәсібінде пайдаланады. Тұқымы өте майлы болғандықтан май алынады. Сәндік үшін бұйра көкнәрді гүлзарларда өсірді. Менде белгілі бір мемлекеттің, адамдар тобының баю көздерінің бірімін. Адамзат тарихында апиынды ұлттық төмен құралы (валюта) ретінде қолданғаны мәлім. Есірткі табиғи гормондарды еліктіретін химикат. Есіркілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі-есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөледі. Сондықтанда маған тағылып отырған айыптарға мүлдем келіспеймін.

СПИД-ВИЧ ауруы:

-Менің жұқпалы вирус ретінде XX-XXI ғасырлардың басты дерті екеніде рас. Бірақ мен өздігімнен тарамаймын. Мені тарататын- адамдар.СПИД о бастан-ақ денсаулығы әлсіз адамдарда тез ұлғая бастайды.Бұған шылым шегу, алкоголь, есірткі, дұрыс тамақтанбау және беймазалық күнде кері әсер етеді. СПИД өзінің бар екендігінен толықтай хабар береді. Ауыр жұқпалы аурулар, ісіктер, орталық жүйке жүйесін қызметінің бұзылуы біліне бастайды.

  1. СПИД-тің жұғу түрлері: біреудің қырыну заттары мен тіс щеткаларын да пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.

  2. Жыныс жолдары арқылы.

  3. Екі қабат, туу және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде жұғады.

  4. Қандайда бір қаннан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Есірткіге: оның ішінде, СПИД жұқпалы қауіпі жоғары, тамыр арқылы егетін түрлеріне жоламаңыз. Сондықтан мен өзіме тағылған бірқатар айыптармен келісе алмаймын.

Сот:-Айыптаушы мен қорғаушыдан сот процесінде қаралып отарған іске қатысты бар куәларды сот залына шақыру сұралады.

Айыптаушы:

-сот залына куәгер шақырылады.

-куәгер, көрген білгеніңізді сотқа баяндап берсеңіз.

Хатшы:

-Куәгердің сот алдында берген мәліметтері тек шындыққа жанасуы керек. Мәліметтер жалған болып сот процесінде кері әсерін тигізген жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 352-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес (жалған мәлімет бергені үшін) жалақы мөлшеріне қарай айып тағылатын немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны ескертіліп, жоғарыда айтылғандар мен танысқанын растап қол қоюы сұралады.

Куәгер:

-Осы жылдың 23-ші ақпанында, түс кезінде ауданда 14-ші үйде өрт болды. Мен сол оқиғаның куәсі болдым. Өрттің шығу себебі: далада жүрген мекен-жайы тұрақты емес азаматтар суықтан тоңып,үйдің ең төменгі қабатына кіріп ішімдік ішіп, жылыну мақсатымен от жаққан. Олардың 14-ші үйдің ең төменгі қабатына кіріп бара жатқанын өз көзіммен көрдім. Соның салдарынан өрт шыққан, үйдің тұрғындары белгілі бір көлемде материалдық, рухани шығындарға ұшырады.

Айыптаушы:

-Сот залына 2 куәгер шақырылады.

Хатшы:

-Куәгердің сот алдында берген мәліметтері тек шындыққа жанасуы керек. Мәліметтер жалған болып сот процесінде кері әсерін тинізген жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 352-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес (жалған мәлімет бергені үшін) жалақы мөлшеріне қарай айып тағылатын немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны ескертіліп, жоғарыда айтылғандар мен танысқанын растап қол қоюы сұралады.

Куәгер:

-Осы жылдың 21-ші ақпанда Қызылорда қаласының А. Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында кешкі сағат 18:30-да үйге қайтып келе жатқан сол көшенің бойында тұратын А. Гольцев пен В. Козловқа байланысып тұрғанын байқадым. Нәтижесінде А.Голцев В.Козловқа бірнеше рет пышақ салды. Дәрігерлер келіп жеткенше В.Козлов өліп кетті.

Қорғаушы:

-Жолдас куәгер менің қорғаушыларымның біреуі, дәлірек айтқанда арақтың сіз баяндаған оқиғаға қатысы бар екені дәлелденген. Сіздің айтысыңызша арақтың қылмысқа қатыстылығын көре алмай тұрмын.

Куәгер:

-Мен олардың сөздерінен, қимылдарынан-ақ арақ ішкендерін байқадым. Сонымен қатар, екуінің қасынан босаған шөлмек пен екі стакан көрдім.

Айыптаушы:

-Сотқа 21-ші ақпандағы куәгер баяндаған оқиғадағы А.Гольцев пен В.Козловтың арақ ішкендіктерін дәлелдейтін дәрігерлердің анықтамасын тапсырады.

Хатшы:

-Сот алдына сараптамашы –дәрігер маман шақырылады .

Сот:-Сараптамашы дәрігер келеді.

-Қылмыскерлер орнында отырған темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ ауруларын қоғамға жалпы әсері туралы баяндап берсеңіз.

Сараптамашы дәрігер:

-Шылым шегу-зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, сілекейлі қабықшамен өкпе көпіршіктерінің бетіне қонады. Сілекей мен бірге жұтылып, асқазанға барады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен басқа екі жүздей химиялық зат кездеседі. Бұлар – сірке қышқылы,эфир майы, комір қышқылы, аммиак, висмут, т.б. шылым шегетін адамнан шекпейтін адамды оңай ажыратуға болады. Бет келбеті сөлсіз, әжім ерте түседі.Шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, оз жасына қарағанда үлкен көрінеді, тісі бұзылады, терісінің созылғыштық қасиеті кемиді. Шылым шегетіндерде әрбір шылым шеккен сайын темекінің тамырлардың отыз минуттай тарылатындығы байқалады. Бұл жүректің атқаратын жұмысын күшейтеді. Көп күш түскеннен кейін жүрек тез қажиды. Шылым шегуден созылмалы гастрит пен асқазан аурулары пайда болады. Бауыр мен бүйректің жұмыстары бұзылады. Шылым шегетіндердің өмірлері шылым шекпейтіндермен салыстырғанда 6-12 жылға қысқарады, стенокордия, инфаркт, сияқты ауруларға шалдығады. Никотин айналадағыларды да уландырады. Көптеген химиялық қосылыстар (темекі құрамында бар) адам ағзасында рак ауруын тудырады. Осындай химиялық қосылыстар темекі құрамында бар екені анықталады. Бұлар бензпирен, полонин, қарамай, висмут,никотин мидағы қантамырларын тарылтады, миға қоректік заттар мен оттегініғ келуі азаяды, жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды, түсті ажырату қабілеті төмендейді.

Алкаголь:

Егер оны мөлшерден тыс көп пайдаланған адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады. Онда ол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, асқорыту мүшелеріне, миға, адамның жүйке жүйесіне де әсер етеді.

Сот үкім етті:

Сотталушы Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД. Арақ пен темекі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-бабымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259- бабымен есірткіні, 120-121- бабымен СПИД-ті кінәлі деп тауып, оларға осы көрсетілген бап бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Темекі, арақ, есірткіні басқа мемлекеттерден тасымалдауға шек қойылып, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынсын.Темекі мен арақты өндіретін орындарға айыппұл салынсын. Бұларды түрлі жолдармен жарнамалауға шек қойылсын. Балақша, мектеп, жоғарғы оқу орындары мен спорттық мәдени ошақтар маңынан темекі, арақты сататын сауда дүңгіршіктері алынып тасталсын.Қоғамның өз ішінде бұл дерттің зияндылығы жөнінде түрлі үгіт-насихат шаралары жүргізілсін.Сот үкімі мен ұсыныстары қайта қарауға жатпайды.

Сот: Сот мәжілісін жабық деп жариялаймын.

Жүргізуші:

Халқым бұрын білмеген,

Кейін келе үйренген.

Тұзақты мойынға салатын,

Адамды аздыратын,

Несібеден айыратын,

Баланы бездіретін,

Қанды бүлдіретін,

Бауырды күйдіретін,

Миды улайтын,

Ақылды кемітетін,

Ұрпақты тоздыратын,

Ананы зарлататын,

Әкені шарлататын,

Ар-ұяттан айыратын,

Отанын сатқызатын,

Ерте қартайтатын,

Өлімге жетелейтін

Пәледен аулақ ет!

ІІІ. Сабақты бекіту: 15 минут.

Сұрақ- жауап:

1.Темекі мен есірткіге қоғамға деген әсеріне қандай жаза қолданылады?

2.ҚР ҚК 9-шы бабына сәйкес қылмыс дегеніміз не?

3.Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін және 4 элементін түсіндіріңіз.

4.Кінә дегеніміз не?

5.Экологиялық құқық дегеніміз не?

6. Табиғат дегеніміз не және оның үш қызметі?

7.20-шы бап қасақана жасалған қылмыс пен21-ші бап абайсызда жасалған қылмыс дегеніміз?

8.Қылмыстар көбінесе обьективтік жағына қарай ажыратылады?

9.Кәмелет жасқа толмағандар деп қылмыс жасаған кезде қанша жастағылар айтылады? ҚК 115-ші бабы?

10.18 жасқа толмай сотталған бас бостандығынан айырылады?

ІV. Қорытынды: 3 минут.

1988 жылдан бастап дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні атап өтілуде. Сонымен бірге есірткі темекі және алкогольді ішімдіктерге қарсы республика, облыс, қала, аймақтары бойынша оқу орындарында іс-шаралар өткізілуде. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында да қоғамның, оның ішінде жас ұрпақтың өніп өсуіне, демалуына кері әсерін тигізіп отырған 4 кеселге (алкаголь, есірткі, темекі, СПИД жұқпалы ауруы) арнайы тоқталған. Біз 101-«Емдеу ісі» тобынды (Құқық негіздері) пәнінің оқу бағдарламасына сай (Қылмыстық жауапкершілік) тақырыбында (сот сабағы) түрінде ұйымдастырылды. Оқушыларға алдын ала тапсырмалар берілді. Олар баспасөзден, телехабарлардан, жоғарыда айтылған төрт кеселдің адам ағзасына, қоғамға табиғатқа тигізетін зияны, және мемлекетке түсіретін пайдасы туралы материалдар жинады. Сабақ барысында оқушылар рөлге ене отырып Қазақстан Республикасындағы соттың өту ретімен, ерекшелігімен іс жүзінде танысуға мүмкіндік алды.

V.Үйге тапсырма: 2 минут.

  1. Мемлекет және құқық негіздері Алматы 2016 ж. «Жеті жарғы»

542-547 беттер.

  1. Қ Р. Қылмыстық кодексі 79-78-82 баптары.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее