«Кел балалар» балабақшасы
«Арайлы Алтын күз»
«Балбөбек» ІІ-кіші тобы
Өткізген: Доскулова М.Ә.
Бисенбаева А.Ж.
2018жыл
Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Арайлы Алтын күз» атты көңілді сағатымызға қош келдіңіздер!
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Жүргізуші: Балалар біз бүгін қайда келдік?
Балалар: Ән залына келдік
Жүргізуші: Қандай мерекені тойлауға келдік?
Балалар: Алтын күз
Жүргізуші: Ал күз мезгілінде қандай ең көп жауатын не?
Балалар: Жаңбыр.
Жүргізуші: Ал сендер жаңбыр туралы ән білесіңдерме?
Балалар: Ия
ӘН: ЖАҢБЫР
Жүргізуші: Енді біздің балақайлардың орындауында «КӨҢІЛДІ ҚОНЖЫҒЫМ» биі.
Жүргізуші: Балалар естіп тұрсыңдарма? Бір дауыс естілетін сияқты кім келе жатыр екен.
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі мерекелеріңмен құттықтаймын. Әрқашан осындай әдемі болып жүріңдер!
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Алтын күз!
Алтын күз:
-Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдерма?
-Ия
-Ендеше қане ойын ойнайық
ОЙЫН: «КІМ ЖЫЛДАМ»
-Рахмет балалар сендер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз біздің балалар күз туралы тақпақтар біледі тыңдағың келема?
Балнұр: Күз айы тамаша,
Ән айтамыз жаңаша
Би билеп бәріміз
Қуанайық балаша.
Бекболат: Ой балалар, балалар,
Міне тағы күз келді.
Жапырақтар солыпты
Ел егінін орыпты.
Дильназ: Жомарт көңіл алтын күз,
Берекесі халқымның
Қош келіпсің алтын күз
Кұт қонағы төрімнің.
Махаббат: Келді міне күз,
Айнала сары түс
Керемет, тамаша
Қандай әсем күз
Алуа: Күз келді, алақай
Алтын келді далаға
Дәні бітік бидайды
Құйып жатыр қамбаға
Жүргізуші: Алтын күз саған біздің балалардың тақпақтары ұнадыма?
Алтын күз: Ия
Алтын күз: Біздің балалар тек ойын тақпақ емес сонымен қатар би де билей алады.
Би: «Көкөністер»
Алтын күз: Рахмет балалар! Енді мен қайтайын басқа балалар мен күтіп жүр соларға барайын. Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті біздің қонағымыз Алтын күз, бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғаныңызға рахмет! Балалар осымен біздің күз мерекеміз аяқталды. Сендер бүгін өте жақсы қатыстыңыздар рахмет сендерге. Сау болыңыздар қонақтар.