7 сынып
Тақырып: Шоқан Уәлиханов.
Мақсаты: 1. Қазақтың тұңғыш ғалымы туралы білім деңгейлерін кеңейту;
ШоқанУәлихановтың өмірі мен шығармашылық жолына,ғылыми
еңбектеріне, жасаған саяхаттарына, зерттеу жұмыстарына шолу
жасау.
2. Оқушылардың шығармашылық пен жұмыс істеуіне ықпал жасау,
зерттеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін
дамыту.
3. Елі,халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі тұту, бала-
Ларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: іздену,білімдерін жинақтау.
Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Шоқан Уәлихановтың портреті, Қазақстан картасы, интер-
активті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, бейнелеу өнері, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, отырғызу, түгелдеу, топпен отырғызу.
1 топ-әдебиетшілер 2 топ- зерттеушілер
ІІ Тақырыпты анықтау кезеңі. 1 минут
Эпиграф. 1слайд.
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.
Бірақ, адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады,
іс қалады, сөз қалады. (Ы.Жақаев)
Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?
Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?
Артына өшпесіз қалдырған ұлы тұлғалардың бірі – ШоқанУәлиханов.
2 слайд Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.
Бүгінгі сабақта біз ШоқанУәлихановтың өмірі мен шығармашылық жолына, ғылыми еңбектеріне, жасаған саяхаттарына, зерттеу жұмыстарына шолу жасаймыз.
Қазір осы тақырыпқа байланысты өздерінің дайындап келген мәліметтерді тыңдайық.
ІІІ Әдебиетшілер тобы. Алдың-ала дайындаған баяндамалар .3минут
Өмірбаяны.
Біз Шоқанның туыстары туралы ,жан-жақты білімді қайдан алғанын білгіміз келді. Жинаған ақпаратты айтып берейік.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқанның азан шақырып қойған аты Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын, кейін Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өтті. Арғы атасы – Абылай хан. Шоқанның әкесі – Құсмұрын бекетінің атақты аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов. Анасы-әйгілі Шорман бидің қызы Зейнеп. «Шоқан» деген ат – әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. «Шоқыдай биік, таудай асқақ» деген мағынаны білдіреді. Ақылды, парасатты Шоқан Айғаным әжесінің бауырында өсті.Жастайынан тарихи өлең-жырларды, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдап, ерте хат таныды. Ол сурет салуды да үйренді. Сөйтіп, ол заманына Шоқан есімімен танылды.
Білім алған ордасы.
1847 жылдың күзінде әкесі он екі жастағы Шоқанды Омбыдағы кадет корпусына оқуға берді.Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика, математика, шетел тілдері оқытылған. Әуелі орысша бір ауыз сөз білмеген. Бірақ ол өз зеректігімен тілді тез үйренген.«Осы әскери білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді, орыс жолдастарын басып озды. Екі-үш жылдан соң Шоқан өзінен екі жас үлкендерді де идея жағынан басып озды» деп жазды бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде дами бастады. Жазғы демелыс кезінде ол ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, жырларды жинақтады, сурет салумен шұғылданды. .Енді Шоқан саяхатшы болуды армандайды.
ІYЗерттеушілер. Шоқан – саяхатшы. 3 минут.
Біз өз тобымызбен Шоқан Уәлихановтың саяхаты туралы айтқымыз келеді.
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Кейін ол: «Тәңірі», «Қазақтардағы имандықтың қалдығы» деген еңбек жазады.
1856 жылы Шоқан Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. Қырғыз бен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәтіметтер жинайды.
1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. «Жоңғария»очерктері, «Қырғыз туралы жазбалар» еңбектері шыққан. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті зерттеледі.
1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды.
1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Ол сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайлы көп мәліметтер жинайды. Бұл мәліметтер Шоқанның дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болып есептеледі.
1859 жылдың аяғында Шоқан Петербургке барып, онда 1861 жылдың көктеміне шейін болады. Петербургте денсаулығы нашарлап, Шоқан 1861-1863 жылдар арасында елінде болады..
1863-1864 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысады. Осы жолы ол «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазады..
1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласына) келеді. Черняев отрядында біраз қызмет істейді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауыры қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемен тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.
Сұрақ-жауап стратегиясы. 1минут
Рахмет, балалар. Мен де сіздерге сұрақтар дайындадым. Жауап беруге дайын болыңдар.Әдебиетшілер тобына сұрақ:
1 Шоқан қандай оқушы болған? (кішіпейіл, еңбекқор, зерек, алғыр, қабілетті)
Зерттеушілер тобына бір сұрақ:
2 Саяхатта жүргенде, Шоқан нелерді зерттеді? ( халқының тарихын, әдебиетін, фольклорын, этнографиясын)
Y Тест сұрақтары.Интеративті тақта. 2 минут
YІ Семантикалық кестемен жұмыс. Интеративті тақта. 4 минут
YІІ Әдебиетшілер.Шоқан – суретші. Слайд. 3 минут.
Біз Шоқанды әдебиет зерттеушісі, қазақтың тұңғыш суретшісі деп ойлаймыз.
Суретшілік өнер-тарихшы, географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана. Шоқан жастайынан сурет салуға құмар болады. Ол көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағына енген.
Шоқан-жазушы.Еңбектері.
“Жоңғария очерктері”
“Манас”
“Ыстықкөл сапарының күнделігі”
“Алты шаһарға сапар”
Қырғыдар туралы жазбалар
«Шығыс Түркістан»
«ХҮІІІ ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар»
«Қырғыздың ата-тегі» және тағы басқа еңбектері ғылыми тереңдігімен қатар, оқырманды баурапалатын көркемдік қасиеттерімен де құнды.
YІІІ Зерттеушілер.Шоқан туралы естеліктер. Слайд.
Ғалым туралы керемет пікірлер айтқан адамдар өте көп.
«Ш.Уәлиханов өз халқын зерттеуді және онымен орыс жұртшылығын таныстыруды бірінші міндет етіп қойды. Ш.Уәлихановтың екінші ойы халықты оқыту болды»,- деп толғана жазады жазушы Н.М.Ядринцев.
Саяхатшы-ғалым П.П.Семенов Тянь-Шаньский: «Г.Н.Потанинмен қатар Омбыда менің, әсіресе көңілімді аударған екінші бір адамым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Ерекше қабілетті Шоқан Уәлиханов Омбының кадет корпусын зор табыспен бітірген. Кейін менің ықпалыммен Петербургтегі университетке лекция тыңдап, француз және неміс тілдерін жақсы меңгерді. Шығыстың тарихы жөнінде көп білетін тамаша оқымысты болып шықты».
Тарихшы-ғалым, академик И.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығыс зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті»,-деп жазды.
ІХГрамматикалық тапсырмалар. 5минут.
Екі жай сөйлемнен1топ-салалас, 2топ-сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасап, олардың түрлерін анықтаңдар.`(кәрчкемен жұмыс)
Шоқан орысша бір ауыз сөз білмеді . Екі – үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды.
Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым , зерттеуші деп атады.
Шоқан 30- ақ жыл өмір сүрді. Көп жұмыс атқарды.
XСинтаксистік талдау.(тақтада екі оқушы) (4минут)
1оқушы. Петербургте Шоқан Уәлихановтың денсаулығы нашарланды, сондықтан ол өз аулына келді.
2 оқушы. Г.Н. Потанин Шоқанның еңбектерін еркін түсініп, халыққа жеткізді.
ХІМәтінмен жұмыс. (5 минут)
Әдебиетшілер тобы.
Жақшаны ашып, берілген сөйлемдерден мазмұнды мәтін құрастыр.
Қостанайда Құсмұрын деген жер бар.Мұнда қазақ халқының ұлы ғалымыШоқан Уәлиханов туды.Ол жер – тау мен қырат.Қыраттың төскейі – қайысқан қайың, көкорай шалғын. Ол Қостанай қаласынан жүзшақырымдай жерде. Құсмұрын табиғаты мүлде өзгеше.Бірақ қырат алыстан құс тұмсығына ұқсап көрінеді.Оның бұлағы, көлі бар .Ол жер – тау мен қырат.Сондықтан бұл өлке Құсмұрын атанған.
Зерттеушілер тобы.
Шоқан Уалихановтың сөзі.
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Шолушысы - ой
Сынаушысы - халық
Қорғаушысы – сабыр
Қорғанышы - мінез
Ең қымбаттысы - ар
Таусылмайтыны - арман
Барлығынан ардақтысы - өмір
( мәнерлеп оқу,аудару , антоним, синоним )
ХІІ Шоқанның есімі берілген мекен-жайлар.Презентация. (4 мин.)
- Көкшетау облысында бір аудан, ауыл, педагогикалық институт;
- Алматы облысында бір ауыл Ш.Уәлиханов есімімен аталады.
- Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтына;
- Алматы қаласында №68-мектепке, бір көшеге Ш.Уәлихановатың есімі берілді.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының біреуі (Бейнелеу өнері және архитектура саласындағы сыйлық) Ш.Уәлиханов атымен аталады
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ШоқанУәлихановтың мұражайы, ескерткіші бар. Оның атымен мектеп аталған.
ХІІІ Синквейн \ 5 жолды өлең. (1 мин)
1Кім?
2 Қандай?
3 Не істеді?
4 Синоним.
5 Бірсөйлем.
ХІY Эссе.«Егер мен ғалым болсам…» (3мин)
ХY Үй тапсырмасы. 93бет, 2 тапсырма.
ХYІ Бағалау.