«Осень 2024»

Жұмсақ ойыншықтар. Тасбақа тігу

Тақырыптың маңыздылығымен танысады. Түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді. Тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Бастауыш сынып мұғалімі

Аязбай Күмісбек Нөптуллаұлы



Пәннің аты: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4

Кабинет: 7

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Жұмсақ ойыншықтар. Тасбақа тігу

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі


Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу» Қалдық матадан жасалатын жұмсақ ойыншықтар балалардың ойнауына арналады. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»- деген, ойыншық пішу үшін тұтынуға жарамсыз деген киімдерді, мата қиындыларын қолдануға болады.
XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған.
Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір айнасы» деген.
Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян, аю т. б жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы қалдық матадан жұмсақ ойыншық жасаймыз.

Ой толғаныс

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп қайталаймыз. Инемен, қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
• Қайшы өткір болу керек.
• Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың оң жағына қоямыз.
• Қайшыны ұсынар кезде сабымен ұсын.
• Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң мұғалімге ескертіп тауып ал.
• Инемен тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.
• Сынған инені жерге тастама, ешкімді зақымдамайтын жерге таста.
• мата, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары, фурнитура - түймелер, ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар, инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты), қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны монтаждауға).
• тігінге арналған бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта, синтепон, паралон т. б.
Оқушыларға дайын үлгіні таратамын. Содан кейін үлгіні қалдық матаға салып жекеленген дене мүшелерін қиыңдар.
Осылайша әрбір дене мүшені даярлап аламыз, тігеміз.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс






Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее