«Осень 2024»

Жатыс септік. Қазақ тілі пәні. Қысқа мерзімді жоспар

4 сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша "Жатыс септік" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспар

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Тексерілді» Оқу ісі орынбасары: Б. Титербаева

Сабақ: қазақ тілі

Тақырып: Жатыс септік

Күні: 17.01.2017 ж

Мұғалімнің есімі: Айша Салихова

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны: -

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Зат есімдердің септелуі туралы түсінікті кеңейту, жатыс септік туралы түсінік алуға мүмкіндік жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жатыс септігіндегі сөз жекеше, көпше түрде қолдана беретіндігін, өзіне тән жалғауы болатынын біледі, қандай сұрақтарға жауап беретінін айта алады

Оқушылардың басым бөлігі: Сөйлем ішінен жатыс септіктегі сөздерді таба біледі, басқа септіктердерден ажыратады

Кейбір оқушылар: Тапсырмаларды орындау арқылы жатыс септігіндегі сөздер туралы өзіндік пікір қалыптасады, дәлелдер келтіреді

Тілдік мақсат

Оқушылар дұрыс байланыстырып сөйлейді

Негізгі сөздер мен тіркестер: септік жалғау, жатыс септік

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: сұрақ қой, сөйлемдерді көшіріп жаз, әңгіме құрастыр, жатыс септіктегі сөздерді тап

Талқылауға арналған тармақтар: сурет бойынша әңгіме құрастыру

Бүгін сабақта алған білімді қайда қолдана аласыңдар?

Жазылым бойынша ұсыныстар: сауатты, әдемі жазу

Алдынғы тақырып

Табыс септік

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

7 мин








1. Психологиялық ахуал орнату. «Сенің көңіл-күйің неге ұқсайды?» жаттығуын орындату . Оқушылар шеңберге тұрып, бүгінгі көңіл-күйлерін неге ұқсатып жатқандығын кезектесіп айтады. Мысалы: менің көңілім жарқырған күнге ұқсайды

2. Топтарға бөлу. Түрлі түсті қарындаштарды таңдау арқылы топтарға бөл інеді

3. Үйде орындаған 5-жаттығу орындалуын тексеру, жаттығуда берілген мақалды оқыту, табыс септіктегі сөздерді сұрау. 4. Ережені сұрау(табыс септік туралы)

5. Өтілген тақырыптарға шолу жасау: семантикалық картамен жұмыс




барысты

гүл

айға

баланың

түйме

бақшаны

терезеге

той-дың

А.с









І.с









Б.с









Т.с









Оқушылардың жауаптарына қарай бағалу парағына бағалап бару (*-толық, жоғары деңгейдегі жауап; ⌷-толық емес, толықтыруды қажет ететін жауап; ∆-жауабы төмен деңгейде)







Түрлі түсіт қарындаш-тар


Дәптерлер








Семантика-лық карталар









Бағалау парағы

Ортасы жалпы

33 мин







1. «Миға шабуыл» Сөйлемдерді оқыту

Естігенді ойда сақтай білу-жақсы қасиет. Әли Мен Гүлнұр бір мектепте оқиды. Назымның әкесі зауытта жұмыс істейді.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Не байқадыңдар?

2.«Сағат» әдісімен жұмыс: ережені оқыту, жұптасып бір-біріне түсіндіруді ұсыну

Жатыс септіктің сұрақтары: кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда? Жатыс септіктің жалғаулары: -да, -де, -та, -те,

Жұптар бір-бірімен 3 рет кезектесіп, түсіндіреді.

Сұрақтар беру:

Жатыс септігі туралы не білдіңдер? Мысал келтіріңдер. Әр оқушыдын мысал айтуды сұрау

3. Тақтамен жұмыс: 2- жаттығуды орындату Сөздерді оқыту, сөздер арасынан жатыс септіктің сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу

Далада, бойында, қансонарда

  1. 4. Деңгейлі тапсырма:

А тобы: 3-жаттығуда берілген жатыс септігіндегі сөз тіркестерін тауып, сөйлем құрастыруды сұрау.

Тауда өседі, ауылда қалды, дәптерде жазылған, мектепте ұйымдастырды.

В тобы: Сөздерді жатыс септігіне қойып, жазыңыз.
Жерлер, үй, орман, ақындар, тау, су, дала, шөл

С тобы: Жатыс септікте тұрған сөздің астын сызыңыз.
1. Еңлікгүл тауда өсетін өсімдік. 2. Аппақ қар жамылған далада қызыл түлкі зытып барады

  1. Сергіту сәтін ұйымдастыру . «Мен қазақпын» бейнежазбасындағы қимылдарды қайталап жасау

  2. 5. Жұптық жұмыс: 5-жаттығуды орындату Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, әр сөзбен байланыстырып жазады, оқиды, салыстырады, өзін-өзі бағалайды

Астананың көшесі Суда жүзді,

Астанаға барды, Суды ішті

Астананы көрді, Суға түсті

Астанада болды. Судың беті

  1. 6. Топтық жұмыс: топтарға суреттер тарату

Әр топ сурет бойынша жатыс септіктегі сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құрастырады, оқиды, өзара бағалайды

Бағалау шәкілі:

  1. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

  2. Сөйлемде жіктеу есімдігінің болуы

  3. Қатесіз жазылуы

Сөйлемдер жазылған парақ






Оқулық, дәптер


Ереже жазылған парақ







Тапсырма жазылған қима парақтар
















Бейнежазба












Суреттер, А 4 форматтағы парақтар, маркерлер




Суреттер

Аяқталуы

  1. мин

1. Бүгін сабақта алған білімді қайда қолдана аласыңдар?

2. «Бағдаршам» әдісімен кері байланыс жасау

Түсіндім -

Түсінігім толық емес, сұрақтарым бар -

Түсінгенім жоқ -

  1. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау

  2. Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу


Бағдаршам суреттері

Қосымша ақпарат



Саралау:Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлай-сыз?

Бағалау :Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Талқылау жұмысын жүргізу арқылы

«Миға шабуыл», «Сағат» әдісі, топтық, жұптық жұмыс, деңгейлі тапсырмалар, «Бағдаршам»



Бейнежазба

дүниетану

Рефлексия

Сабақ мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ нәтижелі болды деп ойлаймын. Оқушылар сабақ барысында жасаған жұмыстары арқылы жатыс септік пен оның сұрақтарын білді, сөздер тобы арасынан жатыс септіктегі сөздерді таба білді. Деңгейлі тапсырмаларды орындау топтарда қиындық тудырмады. Топтық, жұптық жұмыс істеу дағдылары жақсарды. Сыныптағы ахуал жағымды болды. Жоспарланған әдістер оқушыларға жаңа тақырыпты меңгеруге септігін тигізді. Уақыт тиімді пайдаланылды. Жоспарланған жұмыстар уақытылы жүргізілді. Мен өз жоспарыма ешқандай түзетулерді енгізуді қажетсынбадым.

ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАМДАУ

Қандай екі нәрсе табысты болды?

  1. Деңгейлі тапсырмаларды орындау


  1. Топ болып сурет бойынша әңгіме құрастыру


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

  1. Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді бағалап бару, нәтижені көріп отыру


  1. Ережемен танысып, бір-біріне түсіндіру жұмысы


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Сабақ барысында оқу үлгерімі төмен оқушыларға берілген деңгейлі тапсырмаларды күрделендіріп беру керектігін білдім.









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее