Орыс тілінің ережеге бағынбайтын «бұзық» сөздері басыңды қатырып жіберді ме? Енді оларды жаттау түк те қиын емес! Бар болғаны мына сөйлемдер мен сөздерді жаттап алсаң болды:
ЦЫган на ЦЫпочкак ЦЫкнул ЦЫпленку «ЦЫц»!
Осы сөздерде ғана «Ц» әрпінен кейін «Ы» жазылады, басқа жағдайларда «И» жазу керек.
Иван родил девчонку велел таскать пеленку.
Орыс тіліндегі септік жалғауларының реті:
Иван – Именительный падеж;
Родил – Родительный падеж;
Девчонку – Дательный падеж;
Велел – Винительный падеж;
Таскать – Творительный падеж;
Пеленку – Предложный падеж.
Слышать, видеть, ненавидеть,
И зависеть, и обидеть,
Гнать, держать, терпеть, вертеть,
А еще дышать, смотреть!
Орыс тіліндегі «-еть» пен «-ать» суффиксімен аяқталатын ІІ спряжениедегі 11 етістік. Бұл етістіктерді жіктегенде "-и” әрпімен жазамыз: ты видишь, он видит и видят они.
Вот солдатик оловянный
Взял топорик деревянный
И построил дом стеклянный,
В нем ни потолка, ни стен,
И живут две буквы "Н".
2 «Н» әрпімен жазылатын ерекше сын есімдер. (Л. Уланованың өлеңі)
МошеННик у тружеНика одну Н украл.
«Мошенник» пен «Труженик» сөздеріндегі «Н» саны.
КиЛЛер у диЛера одну Л отнял.
«Киллер» мен «дилер» сөздеріндегі «Л» саны.
ЗаНаВО, ИзДоСА
Үстеулердің жалғауы: қай приставкадан кейін «А» (немесе «О») жазылатынын білу үшін жоғарыдағы сөздерді жаттап ал.
За-, На-, В- приставкаларымен жасталатын үстеулердің соңында «О» әрпі жазылады: задолго, наглухо, воедино;
Из-, До-, С- приставкаларымен жазылатын үстеулерін «А» әрпімен жазамыз: издалека, добела, снова.
Каждый охотник желает знать где сидит фазан.
Кемпірқосақ түстерінің ретін білу үшін мына сөйлемді жаттап алсаңыз жеткілікті:
Каждый – красный
Охотник – оранжевый
Желает – желтый
Знать – зеленый
Где – голубой
Сидит – синий
Фазан - фиолетовый