«Осень 2024»

"Теңдік және теңсіздік" сабақ жоспары

1-сыныпқа арналған математикадан сабақ жоспары

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы:

Теңдік және теңсіздік

Пәні: математика

Күні :


Мұғалімнің есімі: Садырбекова Лира

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

- теңдік пен теңсіздік, теңдеуді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі;

«+», «-», «=», «#» , «˃», «˂» таңбаларын,белгісіз сан таңбасын

қолдана біледі

(Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр топқа арналған табақшалы таразы, массасы бірдей түйме жиынтығы, жетондар немесе монеталар;

Массы бірдей көгөніс муляждары; А4 пішіндегі қағаз парақтары

Әрбір оқушыға арналған маркерлер

Тірек сөздер

Теңдік; теңсіздік

Сабақтың мақсаты:

«Теңдік» және «теңсіздік»ұғымдары туралы білімдерін толықтыру, теңдік және теңсіздікті ажырату, теңдіктерді «=» таңбасын, ал теңсіздіктерді «#» таңбасын пайдаланып жазу дағдысын дамыту

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Математикада «=» таңбасы мәні бірдей өрнектердің немесе сандардың арасында қойылады. «#» таңбасы, яғыни теңсіздік белгісі мәні тең емес теңдіктерді белгілеуде қолданылады


Кіріспе тапсырма.таразының бір табақшасына үш монетадан салыңыз.Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін сұрау

  • Таразы қандай жағдайда тұр?

  • Оны қалай ажыратуға болады?

Тепе – теңдік математикада «теңдік» деп аталады. Теңдікті жазу үшін «=» математикалық белгісі қолданады. 3= 3 түрінде жазылады да оқуда «үш тең үш» деп аталады.Теңдік тең болмайтын жағдайда математикада «теңсіздік» деп атайтынын айту. Теңсіздікті жазу үшін «#» белгісі қойылады 3#5және «3 тең емес 5-ке» деп оқылады

Қораптағы кәмпит санын салыстыр.Оқушыларға суреттің әр қорабындағы кәмпит санын салыстыру

Жауабы : 5#7

Теңдік пе , әлде теңсіздік пе? Жұптық жұмыс

Оқушылар ауызша жауабын қағазға жазып көрсету

Жауабы : а) 5 = 9 ә) 6#9

Шығарып көр. Жұптық жұмыс.

Жауабы:теңсіздіктер теңдіктер

1 #11 6=6

2 # 10

3 # 9

4 # 8

5 # 7

Орындап көр. Таразы бағанының тең емес жағдайын бағалауды ұсыну. Оқушылар өз тобындаа талқылайды

Жауабы:1) 1 алманы алып немесе 1 алманы қосу;

2)1 алманы сол жақтағы табақтан оң жақтағы табаққа ауыстырып салу немесе оң жаққа 2 алма қосу

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылар тірек сөздерді есте сақтауға жаттықтыру үшін ойын ұйымдастыру. Оқушыларды 4 не 6 адамнан тұратын топқа бөлу. Жүргізуші «Теңдіктер!»деген бұйрығы бойынша оқушылар бірдей топқа бөлінеді. «Теңсіздіктер» деген бұйрықты естігенде оқушылар әр түрлі топқа бөлінеді

Суреттен теңдіктерді тап. Оқушылар теңсіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түс пен бояйды. Теңдік болатын суреттің жанына тиісті теңдіктерді жазу керек

Жауабы: а) теңдік 2=2

Ә) теңсіздік 3 4 б) теңдік 4 = 4

Белгілерді қой. Тапсырманың а) және ә) көлемді фигуралар тобының жұптарын салыстыру

ОЛардың арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою. Суреттің астына тиісті өрнекті жазады.

Жауабы: 8 = 8 5 # 6


Бағалау

Оқушылар сабақ соңында теңдік және теңсіздікті ажыратып үйренеді.

Оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімнің деңгейін анықтау мақсатында оларға төмендегі сұрақтарды қою

  • Теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?

  • Теңсіздікті жазу үшін қандай белгі қоямыз?

  • Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрап жаз

  • Гүлмираның жануарлар 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз-өзін бағалатыңыз.










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее