«Осень 2024»

Туған жерім Қазақстан

Кудрышева Шолпан Советбекқызы

Павлодар облысы, Павлодар қаласы,

М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ

бастауыш сынып мұғалімі

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнында

жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу (ҚМЖ) үлгісі.

Орта мерзімді жоспарды әзірлеп болған соң, мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) дайындайды.

Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын

шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсатына сәйкес келуі

керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, 1-сыныпта

математикадағы оқу мақсаттарының бірі: 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 2.1 Оқу түрлерін қолдану.

Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз бола алады, ал олардағы сабақ мақсаттары әртүрлі

болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/

мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не істеуді үйренуге тиіс екені туралы

жазылады. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не

істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз.

Бұл:

• сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар

аударуға;

• сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;

• оқуды бағалауды жеңілдетуге;

• оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.

Сабақты жоспарлау

Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай

жоспарлау керек екендігін шешеді. Дәстүрлі оқыту әдістері оқушылардың мінез-құлқы,

олардың уәжі, арман-тілектері мен қызығушылықтары, дағдылары, оқу стильдері әртүрлі

болатынына немесе әлеуметтік жағдайына онша көңіл бөле бермейді. Оқыту мен оқудың

заманауи әдістері жоғарыда айтылған мәселелерге көңіл бөле отырып, біздің оларға қол

жеткізудегі қажеттіліктеріміз оқудың сапасы мен көлеміне түбегейлі әсер ете алатындығын жіті

назарға алады. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға тиіс

екені түсінікті, алайда оқушылар оқу үдерісінде өте аз үйренетін болса, жалғыз мұның ешбір

мәні болмас еді. Пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындап, сонымен қатар,

оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлау

қажет.

Мен мысал ретінде келтірген сабақ жоспарына мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын

әзірлей алады. Сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отырыңыз. Сабақ барысында

өзіңіздің қанша сөйлейтініңіз туралы ойланыңыз. Егер сіз тым көп сөйлесеңіз,

оқушылардың өзара пікір алмасып, бір-бірінен үйренуіне уақыт аз қалады. Қол

көтергендердің жауабын тыңдап немесе оқушыдан жауап беруін сұрай отырып,

жауаптарын анықтау арқылы сыныптың нені түсінгенін бағдарлаңыз. Жеке, жұптық,

топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолданыңыз.

Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс бірқатар мәселелер:

• Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушының мақсатқа жетуіне

жетелей ме?

• Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олардың не істейтінін және олар

қандай нәтижеге қол жеткізуі керектігін қалай түсіндіремін?

• Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?

• Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, осының бәрін қалай қабылдар едім? Оқушыға

көмек көрсетіле ме/ жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ала ма?

• Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы,

дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз

кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?

• Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты оны қалай жіктеп, жазамын және

талқылаймын? деген сұрақтар қамтылуы кажет.

Құрметті әріптестер, сіздерге осы жаңартылған оқу бағдарламасы аясында сабақты жоспарлау үлгісін ұсынғым келіп тұр.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сыныптағы танысу. Сөйлем.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 2.1 Оқу түрлерін қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Сөйлем-Предложение-Sentence

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

8 минут

№1 Суреттің көмегімен сыныптасыңмен танысып көр.

-Менің атым..

-Сенің атың ше?

-Менің атым..

Танысқаныма қуаныштымын.

№2 Сызба арқылы танысып көр.

Дәптермен жұмыс.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сөйлеуде дауыстың өзгеруі жазуда арнайы белгілермен белгіленеді.?!

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Сурет бойынша тапсырма. Суретті сөйлет.

Түрлі тапсырмалар. Сурет.

Аяқталуы

16 минут

№3 Берілген заттардың алғашқы әріптерінен балалардың есімін тауып,олармен таныса аласыңдар.Бұлар сендер сияқты 1-сынып оқушылары. (Әли,Мерей)

Тапсырма:

Өз есіміңді суреттердің көмегімен ығарып көр.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жер аумағы 2724,9 мың шаршы км. Халық саны 16 млн. адам. Астанасы – Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар екі қаладан тұрады. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгізілді.
  • Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жер аумағы 2724,9 мың шаршы км. Халық саны 16 млн. адам. Астанасы – Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар екі қаладан тұрады. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанның көрікті жерлері

Табиғаты. Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.

Табиғаты. Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее