Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 02.12.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жинақтық сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Жинақтық сан есім туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап:
1.Реттік сан есім дегеніміз не?
2.Реттік сан есімнің жұрнақтары қандай? Мысалдар келтіру, (дара,күрделі реттік сан есімдерге мысал)
ІІІ.Жаңа тақырып. Жинақтық сан есім
Нешеу? деген сұраққа жауап беретін сан есімдер заттың жинақталған санын білдіріп, жинақтық сан есімдер деп аталады. Олар бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еу жұпнағы жалғану арқылы жасалады. |
біреу, екеу,үшеу,төртеу,бесеу,алтау,жетеу. |
Жинақтық сан есімдер
Сұрақтары Нешеу? Нешеу? Құрамы Жасалу жолы
Дара болады: бір+еу, екеу,үшеу,төртеу,бесеу,алтау,жетеу. 1-ден 7-ге дейінгі негізгі түбір сан есімге -ау,-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады: бір+еу, екеу,үшеу,төртеу,бесеу,алтау,жетеу.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
138,139,140-жаттығуды орындатамын.
114-жаттығу. Ребусты шешу.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап:
1.Жинақтық сан есімдер дегеніміз не? Қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтіру,
VІ.Үйге жұмыс.
141-жаттығу.