Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Төрт топқа стол дайындау
Барысы:
- Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз,бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы : «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіндер? оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады
- Тренинг ережесімен таныстырамыз.
- Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз
Тренинг ережесі:
- бір-бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым-қатынас
- жағымды эмоция тудыру
I-жаттығу. Әр оқушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»
- «Ешқашанда білмеймін демеу»
- «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»
- «Биік шыңға ұмтылу»
II-жаттығу. Сұрақ. 1. Күн деген сөзді айтқанда көз алдынызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларын айтып шығады)
Оқушыларды төрт топқа бөлеміз. 1. жаз, 2. күз, 3. қыс, 4. көктем
Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салады.
Салған суретін артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі.
III-жаттығу. «Саяхат» ( экскурция ) ойыны. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жүргізуші, 4-топтан фотогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фотогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді.
Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді.
Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдерінізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне қошемет көрсетіп, қол соғамыз)
Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш»
Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.