«Зима 2025»

"Ауғанның от - жалыны"

им У.К. Томанов № 183 школа. Карабалаева Азина Абильбаева

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Бекітемін

Тақырыбы:

Күні:

Мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

Барысы: (КТК музыкасы ойналады)

Жүргізуші:

Қайырлы кеш құметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік Салауатты өмір салты айлығының өтілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Дені саудың – жаны сау» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!



 (КТК музыкасы ойналады)



Жүргізуші:- Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                        Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.



Жүргізуші:

Біздің іс-шара басталмас алдын жеребе тасталып әр команда өз реттік номірлерін таңдап алған болатын.

Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды реттік номірлерімен қошеметпен ортаға шақырайық. 

5 а сыныбының ___________________________________________

5 б сыныбының ___________________________________________

6 а сыныбының ___________________________________________

6 б сыныбының ___________________________________________

7 а сыныбының ___________________________________________

7 б сыныбының __________________________________________ квн командаларын қошеметпен қарсы алыңыздар.

- Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Сонымен әділ қазылар алқасының төрайымы:

-  мектеп директоры

- Директордың оқу ісі меңгерушісі

- Директордың тәрбие-ісінің орынбасары

- Кәсіподақ ұйымының төрайымы

Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.

-         Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі 7 минут

-         Екінші кезең –«5 жаңалық»



Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!



 ( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)



Жүргізуші:

Сонымен 1 кезең – Сәлемдесу. Ортада тобы



Көрермендер сахнаға

Қолды соғып қараймыз

Сахнамыздың төріне

Мұқият назар аударамыз – деп сахна төріне 8а сыныбының «Назар аудар» квн командасын шақырамыз.



Дастарханда тұратын,

Асханадан шықпайтын

Міне енді Акт залдың

Төрі менікі деп қоймайтын

Тәп-тәтті деп, топ-томпақ

Тамара апайдың тоқашы – дей келе ортаға 8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасын шақырамыз



Біздің бір топ бар кәделі

Жымияды әдемі

Smile нүкте KZ-деп

Шет тілінде сөйлейді дей келе ортаға 9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы шақырамыз.



Қырсықтайын мінезі

Шу шу етіп жүреді

Шаштары түрлі түрлі

Лицейдің тентектері- дей келе ортаға 9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасын шақырамыз



Біздің бір топ дарынды

Жаңалықтар ашады

Теледидардан жарнама

Сенсация деп ашады – деп ортаға 10а сыныбының «Сенсация» квн командасын шақырамыз.



Құрамы оның әр түрлі

Ұзынды, қысқа сән түрлі.

Атына заты сай келген

Демек олар «Біртүрлі» - деп ортаға 10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасын шақырамыз.



Мектептің Үздік сыныбын

Түлектерім мүлдем бермеген

Дарынды да, ақылды

Балалары Күлсін апайдың - дей отырып ортаға түлектеріміз

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командасын қошеметпен қарсы алыңыздар.



Жүргізуші:- Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:

8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы ұпай

8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы

9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы

9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасы

10а сыныбының «Сенсация» квн командасы

10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы

11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын



Жүргізуші:

-Ойынымыздың келесі кезегі “5 жаңалық” сайысы. Ендеше ортаға барлық командаларды шақырайық. Ойынның шарты бойынша әр айналымда командалар 2 әзіл - жаңалықтан оқиды. Әзіл жаңалықтары әділ-қазы мүшелерінің көңілінен шықпаған топ сахна сыртына шығады. Егер командалардың жаңалықтары бір деңгейде болатын жағдайда әділ-қазы мүшелерінің шешімі бойынша командалар қосымша 1 жаңалық оқыса болады. Егер 2-ші кезеңіміздің шарты түсінікті болса, бастасаңыздар болады. Іске сәт.



Иә, сонымен қай командамен қош айтысамыз?



Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.

5 а сыныбы ___________________________________________

5 б сыныбы ___________________________________________

6 а сыныбы ___________________________________________

6 б сыныбы ___________________________________________

7 а сыныбы ___________________________________________

7 б сыныбы __________________________________________

Көрерменге әзіл сыйлай білген топтардың бағасын тамашалайық. Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.



Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                       КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)



Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.



Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее