Рухани жаңғыру жолында
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан уақытта кешегі тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың тұғырнамасына айналған үшінші «Рухани жаңғыру жолындағы» Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының толағай табыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Өйткені мектебіміздің әр шәкірті «Мәңгілік елді» бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға бастап келе жатқан және кешегі Мағжан сенген «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» шәкірттер. Ал осындай шәкірттердің жүректеріне нұр құйып, ақылдың дәнін сеуіп жүрген тынымсыз жалын иелерінің ұшан-теңіз еңбектерін де айта кеткеніміз жөн болар.
Қарымды ұрпақ кепілі – жаңашыл ұстаз екенін ескерсек, бәсекелестіктің жоғары қабілетіне жету үшін заманауи, әрі тиімді білім ресурстарының бірі - сандық білім ресурстарын (СБР) оқу үдерісіне үнемі пайдаланып, жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда мүмкіншілігі өте зор. Соның дәлелі ретінде педагогтардың функционалдық сауаттылығының деңгейін жетілдіру, шығармашылық шеберлігін шыңдау, білім беру жүйесінде жаңашылдықты дамыту және шығармашыл ұстаздардың тәжірибесін тарату мақсатында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында дәстүрлі мектеп күні аясында математика пәні мұғалімі Адильбекова А.А., тарих пәні мұғалімі Карибжанов Е.Т., химия пәні мұғалімі Ракишева М.А., орыс тілі пәні мұғалімі Шарипова Г.Б., ағылшын тілі пәні мұғалімі Жортарова А.Қ. жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді.
Сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өлкетану» бойынша электронды оқулықтардың және дидактикалық материалдардың тұсаукесері жасалды. Атап айтсақ, «Қаламыздың статистикалық көрсеткіші» оқулығын география пәні мұғалімі Тусупбеков Б.М., «Өлкеміздің құрметті азаматтары» электронды оқулығын даярлық топ мұғалімі Амирбекова М.М., «» Атап айтсақ, «Қаламыздың статистикалық көрсеткіші» оқулығын география пәні мұғалімі Тусупбеков Б.М., «Өлкеміздің құрметті азаматтары» электронды оқулығын даярлық топ мұғалімі Амирбекова М.М., «Өлкеміздің емдік өсімдіктері, пайдалы қазбалары» электронды және 3D оқулығын химия пәні мұғалімі Сәтбек Б.Д., биология пәні мұғалімі Балабатырова Г.Ж. «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» атты оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар жинағын қазақ тілі пәні мұғалімі Сатыбалдина П.Ә., «Балқаш қаласының архитектуралық ескерткіштері» тақырыбындағы электронды оқулығын орыс тілі пәні мұғалімдері Сатанова Ш.М., Ахметжанова А.С. жасап, көпшілік назарына ұсынды.
«Функционалды сауатты мұғалім» бөлімі бойынша «Көркем еңбек» пәнінен технология пәні мұғалімдері жаңартылған білім мазмұны бойынша технология пәні мұғалімдері Рахымберлина Қ., Тлеубекова М.Қ. ашық сабақтар өткізіп, жас та болса, жаңалыққа жаны құмар, шығармашыл мұғалім екендерін көрсете білді.
«Шығармашылық идеяларды тәжірибемен ұштастыру» бөлімі бойынша мектептің даму стратегиясы аясында жүзеге асып жатқан жобаларды ұстаздарымыз бен оқушыларымыз стартап негізінде таныстырды. Олар: «Зерде» қауымдастығы (Тлеубекова М.М.), «Серпін» орталығы (Зейнетуллина Т.К.), «Эрудит» (Жаманкузова Г.К.), «Ауылдағы он күн», «Менің өмірлік таңдауым» (Ерубаева Р.Б.) жобалары. Аталған жобалар аясында оқушылар бүгінгі алып жатқан білімдерін өмірде қолдана білудің түрлі жолдарын көрсетіп, мамандық әлемінде еш қателеспеу керектігін дәлелдей білді.
Осынау дәстүрлі мектеп күнінің ІІ кезеңінде мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық қырларынан таныла білді. Хореограф Аханова Г.Қ. жетекшілігімен 100 оқушыдан құралған арнайы флешмоб ұйымдастырылып, рухани жаңғыруға бет алған мектеп оқушылары өздерінің жаңғыруға деген ішкі ұмтылысын бимен өрнектей білді.
«Сөз – тілдің көркі» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың бірі, сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына және Ақан Қорамсаұлының 175 жылдығына орай ұлттық драматургиямыздың жауһары Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасы сахналанды. Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін, замана шындығын танытатын және Ақанның Ақтоқтыға деген махаббатын көрсететін туындыны мектебіміздің драма үйірмесінің оқушылары асқан шеберлікпен көрсете білді. Қойылымның басты кейіпкерлері махаббаттары мәңгілік дастанға айналған Ақан Сері мен Ақтоқты рөлдерін 11-сынып оқушылары Карибжанова Талшын мен Дауылбаев Рахат сомдаса, Қазіретті Талимов Асхат, Балта ақынды Тұтқабай Жантөре, Сердәліні Сейлбеков Еламан, Жалмұқанды Оразбай Дулат, Ақтоқтының шешесін Қасымова Перизат, Ақтоқтының әкесін Алтынбеков Әлихан, мылқауды Рыскелдиев Ерсайын және қарауылдың қыз-жігіттерін 11-сынып оқушылары үлкен тебіреніспен, сезіммен ойнаса, қойылымның музыкалық көркемделуі де көрерменге ерекше әсер етті Тіпті қонақтар Ақтоқтының басынан өткен оқиғаларға куә болғандай, көздеріне жас алды. Ақын мен биліктің, жаңа мен кертартпалықтың, зұлымдық пен ғаділеттің майданын шынайы көрсете білген оқушыларымыз қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Осындай оқушы бойындағы өнерді көре біліп, оларды сахна мәдениетіне, актерлік шеберлікке, драманың бар бояуын жеткізе білуге атсалысып, қойылымға жетекшілік еткен оқу ісінің меңгерушісі Ә.М.Уәлиева, музыка пәні мұғалімі А.Х.Талимов және мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімдерінің еңбектерін ерекше атап өтуімізге болады.
«Мен – өз елімнің патриотымын» блогы бойынша 6-7 сынып оқушылары арасында мектебіміздің әскери жетекшілері Сауғамбаев Т.Е. пен Елубаев О. жетекшілігімен «Әскер терапиясы» атты әскери-танымдық ойын өткізілді. Іс-шара барабаншылар шеруімен, әскери дефилемен басталып, «Әскер терапиясы» атты әскери-танымдық ойынмен жалғасты. Елімізді мәңгілік елге бастайтын ұландарымыз өздерінің патриоттық сезімдерін ойын барысында көрсете білді.
«Туған жер» бағдарламасын іске асыруда «Өрле, Қазақстан!» атты ІІІ блок мектеп өнерпаздарының гала-концертіне ұласты. Бағдарламада Каукербекова А.Н. жетекшілік еткен жеткіншектердің «Балдаурен» әні, «Бәйшешек» би тобының «Белес, белес» биі жетекшісі: Аханова Г.Қ., Қайролла Т. орындаған «Бәрінен де мен тәтті» әні, жет. Ерубаева Р.Б., оқушылар ансамблінің «Кубинский танец» музыкалық шығармасы ,жет.Науамбаев Қ., Көпбаева Г. орындауандығы М.Мақатаевтың «Алтай-Атырау» өлеңі , Амангелді Б., жет. Ерубаева Р.Б. «Туған өлке» акапелласы, «Айналайын» балалар хорының «Туған жерге сағыныш» әні, Жетекшісі: Каукербекова А.Н. Сейлбеков Е. оқыған М.Мақатаевтың «Бабаларым, рахмет сендерге!» өлеңі,мұғалімдер ансамблінің «Сағым дала» музыкалық шығармасы, (Жетекшілері: Талимов А.Х., Науамбаев Қ.), мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен түлектердің «Қазақстан» хоры орындалды. Осылайша әні мен сәні келіскен өнерпаздардың концерті жоғары бағаға ие болды.
Тағы бір ауыз толтырып айтарлық жаңалық Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Біздің мүмкіншіліктеріміз» (мұғалімнің функционалды сауаттылығы) атты кәсіби шеберлік байқауында мектебіміздің «STELLA» тобы «Ең функционалды сауатты команда» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Команда мүшелері орыс тілі пәні мұғалімі Сатанова Шакизат Молдашевна қоғамдық-саяси және тұрмыстық жағдайдағы сауаттылығын кәсіби тұрғыда дәлелдесе, бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбай Гульфайрус жеке тұлғалық және актерлік шеберлігін, технология пәні мұғалімі Тлеубекова Мейрамкуль Канатовна мен физика пәні мұғалімі, жас маман Аманкелдыева Айгүлім Саятқызы ақпараттық сауаттылықтарын көрсете отырып, ойларын бір арнаға тоғыстырып, функционалды сауатты мұғалім екендіктерін дәлелдеп берді. Аталған топты бастап барған Шакизат Молдашқызы өзінің кәсіби шеберлігін, жан-жақты, функционалды сауатты мұғалім екенін көрсете отырып, жас мамандарға ақылшы бола біліп, қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұлы мамандыққа бет алған мұғалімдерге үлкен жол ашып берді. Сондай-ақ жеке қатысушыларды марапаттау нәтижесі бойынша Жаксыбай Гульфайрус Жақсыбайқызы «Біздің жеңістерді ұйымдастырушы» номинациясының жеңімпазы атанды. Осылайша мектебіміздің мерейін асқақтатып, жеңістің биік шыңын бағындыра білген алғыр да аңғарымпаз ақыл иелеріне әрқашан да күннің құдіретті сәулесіндей жарқырай берулеріне тілектеспіз.
«Жас келсе іске» деген даналық ойды дәлелдеп жүрген мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Біләл Наздана Жаңабекқызы қалалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына қатысып, ІІ орынға ие болса, облыстық «Worldkils Karaganda - 2018» байқауында ІІІ орынды иеленді.
Міне, осылайша өмірдің сәніне, тіршіліктің шамына айналған білімнің тереңіне бойлап жүрген шәкірттеріміздің бірегейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының жүлдегері Дарибекова Айзат та республикалық пән олимпиадасынан жүлдемен оралды. Айзатты білім додасына дайындап, еселі еңбек етіп жүрген жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Зиядақызының ұшан-теңіз еңбегін ерекше атап өтуімізге болады. Сонымен қатар Қ.Бітібаева атындағы олимпиадаға жолдама алған Айзаттан әлі талай жеңістер күтеміз.
Қарағанды облысы білім басқармасының және «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК – ның ұйымдастыруымен өткен «Инженерлік үшөлшемді модельдеу» облыстық байқауында Слямханов Диас 2 дәрежелі дипломмен, Рахимберлин Асанали дипломмен марапатталды.
Дамудың даңғыл жолындағы Қазақстанның білікті ұстаздары мен білімді шәкірттерін тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып жатқан білім ордасы осындай биіктерді бағындырып келеді. Бұл әрине, тәрбие мен білімді таразының басындай тең ұстап жүрген алғыр да аңғарымпаз ақыл иелерінің төккен терінің арқасы деп білемін. «Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан басталады» деген Абай қағидасына сүйенсек, ұлылықтың басында әрқашан да ұстазға орын табылатыны атар таңдай ақиқат.
Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уәлиева Әсемгүл Мұхамедіғалықызы