Тақырып : Жылы жүрек- жақсы тілек
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік
1.Білімділік: мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру 2.Дамыту: қайырымды қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту; 3. Тәрбиелеу: мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. |
|
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Тыныштық сәтi. 3. Үй тапсырмасын тексеру Әңгіме «Жақсы ата» Сұрақтар: 1.Әңгіме не туралы? 2.Ерасыл неге қуанды? 3. Мәтіндегі жақсы тілектерді айтыңдар. - Әр адамның арманы, болашақ өмірі оның жылы жүрегінен шыққын жақсы сөзге байланысты.Сондықтан жылы сөз, жақсы тілек айту әр қайсысымыздың парызымыз. |
|
Жақсы сөз- жан жылытар. Тақтадағы дәйексөздің мағынасын ашқызу. Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру. -Жақсы сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
|
|
Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды. -Балам, бүгін мазам кетіп шаршап тұрмын. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын. Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды. «-Жасаған ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жәутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті. -Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә? -Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы. -Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады? -Балам түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам!
-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар? - Неге жақсы ойлауымыз керек? -Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?
|
|
Дәптермен жұмыс 1-топ. Ситуациялық жағдаяттардың шешімін тап. 2-топ. Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер жазу. 3-топ Ребус, сөзжұмбақтар құрау
|
|
|
|
«Жақсылық» туралы мақал-мәтел жазып келіндер. «Ұқыптылық» мәтінін оқу. |
|
Ықыластарыңа рахмет.
|
|