ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік» «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру» «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Мамандықтармен танысайық»
Мақсаты: Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру. Қамырмен жұмыс ширатып созуды тәсілдерін қолдану арқылы бауырсақ жасауды үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу. Еңбекқорлыққа баулу.
Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: телидидардан мамандықтар бейнеленген суреттер, қамыр,тақтайшалар, доп.
Сөздік жұмыс: мамандық.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
| ||
Мотивациялық – қозғаушылық | Шаттық шеңбері Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Жарқыраған Күнге ! Тосын сый топқа үлкен хатқалта алып кіреді. Балалар, бізге «Мамандықтар қаласынан» хат келіпті. Тыңдаңдар.Хат оқылады. Мамандық адамның белгілі бір саладағы еңбегі. | Балалар шеңбер бойына тұрып,қимылдар жасап,өлең жолдарын қайталайды.
| ||
Ұйымдастырушылық - ізденістік
| Білімді өзектендіру. Жұмбақ Мамандықтың бәрі жақсы. Ауруханада дәрігерлер жұмыс жасайды. Дәрігер ауырған адамды емдейді. Біздін балабақшада дәрігер бар ма?
Құрылысшылар зәулім үйлер,ғимараттар тұрғызады. Мына біздің балабақшаныда құрлысшылар салды. Жүргізуші көлік түрлерін жүргізетін адам. Тәп-тәті тамағы, Аспаз ең басты мамандықтардың бірі. Аспазшы көмек сұрап келеді, Бас аспазшы ауырып қалды, балалар маған көмектесіндерші бауырсақ пісіру керек. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру: Қамырды алып ширатып есеміз,оны кескіштің көмегімен кесеміз,міне домалақ пішін болды. Үлестрмелі материалға назарларын аударады. Балалардың өз бетінше жұмысы. Саусақ жаттығуы Әдемі қораз тан атпай түрып, Жан-жаққа қарап , Айдарын тарап, Ку-ка-ре-ку деп айқайлапты. Д/ойын: «Осы мамандық иесінің қолданатын заттарын тауып бер » Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Аспазшы рахметін айтып бауырсақ береді. |
Балалар жұмбақты шешуге тырысады.
Дәрігер
Ботакөз Болатқызы Құрлысшы үйлер салады.
Жүргізуші көлік жүрізеді,трактор, автобус,т.б.
Балалар аспазшыға көмектесу керектерін айтып, қамырды ширатып, есіп, кесті. Қайталайды.
Мамандарға қажетті заттарын тауып береді | ||
Рефлексиялық- тұзетушілік | Ақылды доп Сұрақ-жауап арқылы қортындылау. Қандай мамандық түрлерімен таныстық? Қай мамандық сендерге ұнады? Өскенде кім болғыларың келеді? Біздің ауылда әртүрлі мамандық иелері тұрады. | Балалар допты қолдарымен қағып алып, сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтежелер:
Жасайды:мамандықтар туралы берілген тапсырманы;
Түсінеді: тұрмыста мамандықтардың пайдасы бар екенін;
Қолданады:өз ойларын толық және еркін жеткізе алуды.