«Осень 2024»

Критериалды бағалау

Критераилды бағалау туралы пікірім. Жаңартылған білім мазмұны бойынша алған өз пікірім.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки





Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау.



"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“

А. Байтұрсынов

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.

Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыруға негізделген үрдіс.

Дескрипторлар - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс – әрекеттер тізбесі

Критерий –бұл бағалаудың маңызды құралы.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі
:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критериалды бағалауды енгізу себебі:

  • Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

  • Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар

Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Критериалды бағалау :

  • Қалыптас-тырушы бағалау Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды

  • Жиынтық бағалау Бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды

Қалыптастырушы бағалау:

1.Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

2.Кері байланысты қамтамасыз етеді.

3.Ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткішін анықтайды.

4.Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Мұғалім үшін
оқытудың келесі деңгейін жоспарлау үшін тексеру жұмыстарының нәтижесін қолданады;
оқушыға білімін арттыру үшін пайдалы кеңестер береді;
жұмыс нәтижесі бойынша әр оқушыға жеке-жеке
мақсаттар қояды
Оқушы үшін
өз қатесі негізінде үйренуге көмектеседі;
маңыздыны түсінуге көмектеседі;
қолынан не келетінін түсінеді;
білмейтін тұстарын анықтайды;
нені істей алмайтынын түсінеді

Жиынтық бағалау

Білім және оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайтын бағалау, ол төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады:

  • мектеп дайындап, өткізген (ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) тоқсан соңындағы оқу ақпараты блогін меңгергенде;

  • ұйым дайындап, өткізетін бастауыш, негізгі және жоғары мектепті аяқтағандағы сыртқы жиынтық бағалауда (ЖБ).

  • Жиынтық бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.

  • Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.

  • Әрбір жетістік ұпаймен және дескриптор арқылы белгіленеді.

Жиынтық бағалау: 1.Жиынтық бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

2.Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

3.Жиынтық бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

Критериалды бағалаудың пайдасы:

1.Нақтылық

2.Әділдік

3.Ынталандыру

4.Белсенділік

5.Жеке тұлға

Түсініктеме:

  • Бағалау критерийі –ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі.

  • Дескриптор –оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.

Пән бойынша критерийлер

A Білу және түсіну

B Қолдану

C Сыни ойлау және зерттеу

D Коммуникация және рефлексия

Оқушыларды бағалаудың критериалды шкаласы

КритерийлерА Білу және түсіну

Дескрипторлар

Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

Критерийлер В Қолдану

Дескрипторлар

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану.. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, тәжірибе, жобалар, мәселені шешу, және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

Критерийлер С Сыни ойлау және зерттеу

Дескрипторлар Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету

Критерийлер С Сыни ойлау және зерттеу

Дескрипторлар Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін көрсету. Басқа адамдардың көз-қарасын қабылдай отырып өз көз-қарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді , оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс- әрекет жасау.

Критериалды бағалау жүйесімен жұмыс жасау барысында оқушыларды сыни ойлауға, ойлау туралы ойлауға дағдыландыруым қажет. Уақытты тиімді пайдалануды назарда ұстау. Дарынды оқушыларды тәрбиелеу барысында дескрипторлар құрастыруға үйрету.

Нәтижесінде оқушы тапсырманы орындауына қарай тиісті ұпайын алады. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру жолдарының бірі болып табылады.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее