Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі
Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру парадигмасының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогиалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек. Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.
Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды. Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.
Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды. Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін сралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысада. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.