Сабақ: қазақ тілі | Мектеп: №14 МГ | |||
Күні: | Мұғалімнің аты: Искакова К.Б. | |||
Сынып: 4 сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Пайдалы тағамдар | |||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | Тақырыпқа қатысты ас атауларын игеру арқылы сөйлем құрауға үйрету. Тілдесім арқылы оқушылардың танымдық-ақпараттық белсенділігін арттыру. Қысқа мәтіндер мен қарапайым сөйлемдер арқылы оқушыны ас атаулыны қадірлеуге тәрбиелеу. | |||
Алдыңғы оқу | Мен не үйрендім? |
| ||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||
Басы 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу «Шаттық шеңбері» тренингі Шеңберде тұрып оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді |
| ||
|
|
| ||
Қызығушылығын ояту 3 мин | Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, Оқушылар тақырыпты сурет арқылы ашады.
|
| ||
Ортасы Сөздік жұмыс 3мин
| Жүгері – кукуруза Жүгері қайнату – отварить кукурузу Жүгері құрамы – состав кукурузы Жүгері ботқасы – кукурузная каша Жүгері ботқасы пайдалы. – Кукурузная каша полезна. Ол жүгері жегенді ұнатады. – Он любит есть кукурузу. Күріш – рис Күріш түрлері – виды риса Күріштен жасалатын тағам – блюдо из риса Күріш ботқасы – рисовая каша | Интерак-тивті тақта | ||
Мәтінмен жұмыс 7 мин | Оқушылар мәтінді тыңдайды, бірнеше оқушы оқиды, аударады Сен пайдалы тағамдарды білесің бе? Жүгері, күріш, тары ботқасы – пайдалы тағамдар. Олар сенің ағзаңа пайдалы. Ботқада дәрумендер көп. Пайдалы тағамдар сенің денсаулығыңды жақсартады.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. |
| ||
Жазба жұмысы 3мин Анаң таңертең ботқа дайындай ма? | 1-тапсырма Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. Анам таңертең ботқа дайындайды. Маған күріш ботқасы ұнайды. Қарындасым тары ботқасын жейді. Ініме де күріш ботқасы ұнайды. Ағам жүгері ботқасын жақсы көреді.
Саған қандай ботқа ұнайды?
Ағаң жүгері ботқасын жақсы көре ме? Қарындасыңа тары ботқасы ұнай ма? Ініңе қандай ботқа ұнайды?
| оқулық | ||
Сергіту сәті 2 мин
| Билейміз | Интерактивті тақта | ||
Ауызша жұмыс 3 мин | 2-тапсырма Сөзді суретпен сәйкестендіріп айт. Сөйлем құрау | оқулық | ||
Ауызша жұмыс 7мин | 4-тапсырма «Сөйлем құра» ойыны. Екі топқа бөлініңдер. Сендерге екі заттың суреті беріледі. Топтың бірінші мүшесі осы суретті қатыстырып, сөйлем құрауы қажет. Келесі ойыншы ол сөйлемді толықтыруы керек. Мысалы, сүт пен жүгерінің суреті беріледі. Бірінші ойыншы «жүгері ботқасы» десе, екінші ойыншы «жүгері ботқасы жақсы», үшінші ойыншы «мен жүгері ботқасын жақсы көремін» деп жалғастыруы керек. Қай топ сөйлемді дұрыс әрі көп құраса, сол топ жеңімпаз атанады. | А4 форматтағы суреттер | ||
Соңы 5мин
| «Ыстық орындық» әдісін қолданамыз. Оқушылар орындықтағы оқушыға сабақ бойынша сұрақтар қояды
|
| ||
Қорытынды
| Сабақ қорытындыланып, формативті бағалау жүргізіледі(мақтау, мадақтау) |
| ||
Үйге тапсырма
| 93 беттегі 3- тапсырма. Әріптерден сөздер құрау |
| ||
Рефлексия
| Оқушыларға стикерлер таратылады, сабақтың қай жері ұнады, қай жері ұнамағандығын жазып, тақтаға жапсырады. | Стикерлер |