Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Құстар. Балықтар. Қосмекенділер және жорғалаушылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жануарлардың топтары-құстар, балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру, тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Атауларын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, танымдық қабілеттерін арттыру. Салыстыру, талдау біліктерін арттыруға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
ұрметпенен сіздерге Бас иеміз біз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тірі табиғаттың бір бөлігі - жануарлар. Жануарлар мынадай топтарға бөлінеді:
Ой қозғау
Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын не шалшықта,
Бірін –бірі мақұлдап? (бақа)
Иір,иір ізі бар,
Құлағы жоқ көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Ауызында айыр бізі бар. (жылан)
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса өледі, (балық)
Оқушыларды топтарға бөлу.
«Құстар» тобы. Топ мүшелерінің құстар туралы мағлұматтарын тыңдау.
Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды. Құстар тіршілік ету ортасына қарай үй құстары және жабайы құстар.
Жабайы құстардың түрі өте көп. Олардың бәрі де пайдалы. Мысалы, аққу – сұлулықтың символы. Тырна – табиғатымыздың көркі, сұлу құс.
Дуадақ – өте әдемі құс. Бір кездері ол еліміздің далаларында кездесетін еді. Дәмді еті үшін көптеп ауланды да, қазір саны азайып кетті.
Сонымен қатар біздің жерімізде кездесетін құстар – қарлығаш, сауысқан, қарға, торғай, кептер, шағалалар да бар. Бұл құстардың ішінде жүйрік, бірақ ұша алмайтын құстар да бар. Оларға дуадақ, пингвин жатады.
Олардың жабайы құс аталуының себебі неде?
Себебі олар азығын өздері тауып жейді.
Құстардың келесі бір тобы – үй құстары. Үй құстары қолда өсіріледі. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті – тамақ, мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланылады. Үй құстарына тауық, әтеш, үйрек, қаз және күркетауық жатады.
Қазақстанда құстарды көптеп өсіруге арналған үлкен құс фермалары бар. Олар қала халқын құс етімен қамтамасыз етеді.
«Балықтар» тобы. Топ мүшелерінің балықтар туралы мағлұматтарын тыңдау.
Балықтар – суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Олар өкпе арқылы емес, желбезегі арқылы тыныс алады. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Балықтардың денесін қабыршақ жапқан. Олар суда жүзбе қанаттары арқылы қозғалады.
Балықтар судағы шөптермен, майда жәндіктермен қоректенеді. Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Үйде балықтарды арнайы ыдыс-аквариумда өсіруге болады. Біздің елімізде кездесетін балықтар – шабақ, сазан, шортан, жыланбалық, бекіре, т.б.
«Қосмекенділер» тобы.
Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Қосмекенділерге бақа жатады. Ересек бақа көбінесе құрғақта, шөп арасында тіршілік етеді. Ал оның баласы есейгенше балық сияқты суда жүреді.
«Жорғалаушылар» тобы.
Жорғалаушылар – бауырымен жорғалап қозғалады. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, қолтырауындар, т.б. жатады.
Сергіту сәті
ІV. Ой толғау.
1-тапсырма
«Құстар» тобына: құстарды атап, ішінде ұша алмайтындарын белгіле.
«Балықтар» тобына: Не қалай дыбыстайды? Әр құсты өз дыбысына сәйкес сызықпен қос.
«Қосмекенділер» тобына: құстарды топтарға бөл, аттарын жаз.
«Жорғалаушылар» тобына: Қала маңында жиі кездесетін құстарды таңдап (+) белгіле. Олардың аттарын жаз.
2-тапсырма
Сәйкестендір:
Құстар Суда жүзеді
Балықтар Бауырымен жорғалайды
Қосмекенділер Ұшады
Жорғалаушылар Суда да, құрлықта да тіршілік етеді.
3-тапсырма
Сөзжұмбақ шешу
4-тапсырма
Тест бойынша қорытындылау:
1. Қосмекенділерге қандай жануарлар жатады?
А) сиыр
Ә) қолтырауын
Б) бақа
2.Үй құстарын ата?
А) қарға
Ә) тауық
Б) ешкі
3. Жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?
А) бақа
Ә) жылан
Б) піл
4. Жорғалаушылар қалай қозғалады?
А) суда жүзеді
Ә) ұшады
Б) жерге бауырымен жорғалайды
5. Балықтар қайда өмір сүреді?
А) суда
Ә) құрғақта
Б) бауырмен жорғалайды
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау.