«Осень 2024»

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

материал для 3 класса по физкультуре на казахском языке

Олимпиады: Физическая культура 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындары

Мектеп: «Ынтымақ» жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Қарабаев Жанибек

Сынып: 3 «А»

қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін біледі және түсінеді

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.

Басым бөлігі: дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.

Кейбірі: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығудағы қозғалыстарды орындайды


Тілдік мақсаттар

Оқушылар: қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Пәндік лексика және терминология

  • әділ ойын, ереже, жарыстар серіктестік,

  • сұраныс қабілет

  • көшбасшылық ролдер, қорғаушы көмекші

  • кеңістіктнгі ойлау: сызық, бұрандық, кедергілер, шеңбер

  • шабуыл, қорғаныс

  • қозғалмалы дағдылар

Талқылауға арналған сұрақтар

Сізге серіктестікпен жұмыс жасау ұнайма?

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика,физика,биология пәндерімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру.

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар алдыңғы сыныптарда, күнделікті өмірде сандар ретімен санауды, жатығулар жасауды, ойындар ойнаған тәжірибелеріне сүйенеді

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Оқушыларды түгелдеу.Спорт киімдерін тексеру.

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен мазмұнын түсіндіру.

Сапта орындалатын жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың ортасы

(С, Т, ҚБ) «Өрмелеумен және қайта өрмелеумен эстафета». Оқушының дабылы бойынша әр команданың бірінші ойыншылары бөренеге жақындайды, гимнастикалық қабырғаға жүгіріп шығады, одан түседі, қолдарымен 2-2,3 м биіктікте ілінген жалауды ұстайды, төмен түседі және қайта келіп, бөрене арқылы қайтадан өрмелейді. Бұдан соң ойынға жаңа ойыншылар кіріседі, ал қайтқандары өзінің бағанының соңына тұрады және т.б.

Эстафетаны ерте аяқтаған және ережені аз бұзған команда жеңіп шығады.


(С, Т, ҚБ) «Кедергілер жолағы».

Дабыл бойынша екі команданың да бірінші ойыншылары алдыға жүгіріп шығады және кедергілер жолағын басып өтеді:

- гимнастикалық матқа алдыға қарай екі рет тоңқалаң асады;

- кедергілерден өтеді;

- гимнастикалық орындықтан жүгіріп өтеді;

- оқтау арқылы бес секіруді орындайды;

Осы кедергілердің бәрінен өткеннен кейін кері қайтады.

Жүгіріп келген ойыншы кезекті ойыншының қолынан ұстайды да бағанның соңына тұрады. Ойын команданың барлық мүшелері тапсырманы орындағаннан кейін аяқталады, — бірінші ойыншы қолын жоғары көтереді. Эстафетаны жылдам бітірген команда жеңеді

Қ.б-ға арналған тапсырма

Ойыншылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, көршісіне жылдам беруге тырысады. Барынша жылдам қарқынмен бір-біріне доп лақтыруға немесе шеңберге арқасымен тұрып және қолды арқаға ұстап беруге болады. Жаттығуда балалар көздерін жұмып немесе ойынды бір уақытта бірнеше доппен ойнаулары арқылы күрделендіруге болады.











Дескриптор. Білім алушы

- іс-әрекеттердің қозғалыс қарқынын көрсетеді;

- біркелкі қозғалыстың маңызыдылығын айтады.



Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Гимнастикалық орындық, швед қабырғасы, жалаушалар, гимнастикалық

төсеніштер.


Балаларға арналған қозғалмалы ойындары интернет ресурстарының сілтемесі:

http://kladraz.ru/igry-dlja-detei/podvizhnye-igry












Сабақтың аяғы

Бой жазу, тыныс алу жаттығулары.

Бас бармақ, бағдаршам әдісі арқылы бағалау

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Ойын соңында өздерінің көңі-күйлерін, эмоциясын білдіре алады.







Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау

Уақытты үнемді пайдалана отырып оқушылардың деңгейлеріне қарап тапсырмаларды түсіндіріп беремін

Қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделілеу,әлсіз оқушыларға көмектесу үшін жеңілдетілген тапсырмалар беремін.

Оқушыларға өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.

Жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын.

Оқушыларды мақсатты түрде оқуға уәждеймін

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін үнемі айтып түсіндіріп оқушы бойына дарыту және сақтауды қадағалау.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?



Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Өз сабағыңызды талдау.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.

Жаттығуларды жасай білді. Ойын ережелерін түсінді, ойнай білді.Сабақ түсіну, білу қолдану мақсаты бойынша берілген деңгейлі тапсырмаларды орындады

Сабақ қызықты, жоғары деңгейде өтті.

Қосымша деңгейлік тапсырмалар орындалды.


Уақыт дұрыс пайдаланылды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Оқушылар өте белсенді қатысты

  2. Оқушылардың спорт ойындарына деген қызығушылығы артты

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

1. Психологиялық дайындық.

2. Оқушыларды сабаққа ынталандыру.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее