«Осень 2024»

"Қазақшаңыз қалай?"

"Қазақшаңыз қалай" сайысы. Сайыс 6-8 сынып оқушыларына арналған

Олимпиады: Викторина "Берегите зрение, чтобы видеть мир" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қараоба орта мектебі















САЙЫСЫ





















Сыныптар: 6 «б», 8 «б»

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кетикова Ж.Т.






2016-2017 оқу жылы


«Қазақшаңыз қалай?» сайысы

Мақсаты: 1. Оқушылардың қазақ тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Қазақстанның, қазақ тілінің құдіреті туралы түсініктерін кеңейту және дамыту;

2. Тіл әуезділігін , көркемдігін, байлығын , шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын , ой өрісін дамыту;

3. Тіл тазалығын сақтау , мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: топ аттары жазылған плакаттар, асық, қоржын, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары,

1-жүргізуші:

-         Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

2- жүргізуші:

«Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!»- деп Қадыр ағамыз айтпақшы,  бүгінгі біздің сайысымыз қазақ тілі апталығының қорытындысы ретінде өтеді. Сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан, құрметті сайыскерлер, өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіремін. Сонымен осы сайсымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

 1-жүргізуші:

Атамыз қазақ «Бір көрген-біліс, екі көрген-таныс» демекші, өз білімдерін сарапқа салар сайыскерлерімізді ду қол шапалақпен ортамызға шақырамыз.

6 «б» және 8 «б» орыс сынып оқушылары арасында  «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс өтеді.

2- жүргізуші:

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1 бөлім- «Танысу»

2 бөлім- «Дода»  (сұрақ- жауап)

3 бөлім- «Шапшаңдық»

4 бөлім – «Сен білесің бе?»

5 бөлім – «Тапқырлық»

6 бөлім- «Үй тапсырмасы» (қалаған тақырыпқа ән, өлең, диалог дайындап келу)

1-жүргізуші:

Енді,қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтыннын анықтайды (қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші)

2- жүргізуші:

2- бөлім «Дода»

«Білім» командасы:

1.    Қазақстанның президенті кім?

2.    Қобыздын атасы кім?  (қорқыт ата)

3.    Қазақстанда неше қала бар? (84 қала 14 облыс)

4.    Наурыз айында неше мереке бар?

5.    Қыста не жауады?

6.    Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

7.    Кұздің бірінші айын атаңдар?

8.    Қазақстан туының түсі қандай?

9.    Қазақстанда неше қорық бар?

10.  Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

«Бірлік командасы»

1.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

2.    Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, егеменді)

3.    Абай Құнанбайұлының шын аты кім? (Ибраһим)

4.    Жамбыл Жабаев неше жыл жасаған ақын? (100 жыл)

5.    Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)

6.    Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

7.    Қазақтың тұңғыш ғарышкерін атаңдар?

8.    Қазақ балаларына мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)

9.    Бір тәулікте неше саған бар?(24)

10.  Бір жылда неше күн бар? (364)

1-жүргізуші

3- бөлім «Шапшаңдық»

Мақсаты: 1 минутта берілген сөзден сол сөздің құрамындағы әріптерді қолданып, сөздер құрау, қанша сөз болса, сонша ұпай жинайды.

Берілген сөзі: «Ұйымдастырушылық»,  «Құрметтеулерінің», «Шығармашылық» 

2- жүргізуші

4-бөлім «Сен білесің бе?»

Мақсаты: тоғыз ұяшақтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайлар жинау.

10

20

15

15

10

20

20

15

10

 

Жоғардағы 10 ұпайдың сұрағы:

1.    Қазақтың ұлттық аспабы?

Жоғардағы 20 ұпайдың сұрағы:

2.    Әнұранның сөзін жаған кімдер?

Жоғардағы 15 ұпайдың сұрағы:

3.    Қорқыт ата кім?

Ортадағы 15 ұпайдың сұрағы:

4.    Отан туралы қандай мақал- мәтелдер білесіндер?

Ортадағы 10 ұпайдың сұрағы:

5.    Сөздің дұрыс жазылуын қай сөздік  құрастырады? (орфографиялық)

Ортадағы 20 ұпайдың сұрағы:

6.    Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Төмендегі 20 ұпайдың сұрағы:

7.    Қазақ тілінде неше септік  бар?

Төмендегі 15 ұпайдың сұрағы:

8.    «Независимость»  сөзін қазақ тіліне аудар?

Төмендегі 10 ұпайдың сұрағы:

9.    ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?

1-жүргізуші

5- бөлім «Тапқырлық»

Тапқырлық деп аталатын кезеңде мұғалім оқушыларға бір тақырып береді. Сол берілген тақырыптың жақсы және жаман жақтарын қатар ойлап жазып айтады. Ұпай саны- 15

Мысалы: Коньки тебу-жақсы жағы денсаулыққа пайдалы, спорттың түрі, жаман жағы – аяғыңды сындырып алуға болады.

                                                  «Ұялы телефон»

Ұялы телефонның- жақсы жағы тез арада хабарласуға, суретке түсіруге , смс жазуға жаксы, жаман жағы – ұзақ пайдалануға болмайды, денсаулыққа қауіпті.      

                                                    «Теледидар»

Теледидардың жақсы жағы жаңалықтарды тыңдап отырамыз, жаман жағы денсаулыққа қауіпті

6- бөлім Үй тапсырмасы

Әр топ ән, өлең, мақал, диалог айту керек

2- жүргізуші

Сонымен қадірлі қонақтар мен ұстаздар, оқушылар, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.

1-жүргізуші

Білім мен тапқырлықтың сайысында, жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, «Қазақшамыз қалай?» атты сайысымыз мәрісіне жетті.

Мұғалімнің сөзі:- Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі . Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді , қандай қиындықтар да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрпағын егіп, өміршең күй кеше береді. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атану мүмкін емес. «Қазақшаңыз қалай?»  атты сыныптан тыс шарамызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, атсалысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее