«Зима 2025»

Отбасы татулығы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5

№: 17

Мұғалімі:

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Отбасы татулығы

Құндылығы: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Ұқыптылық, әділеттілік, отбасындағы, мектептегі парызын орындау.

Мақсаты: Отбасы тату – тәтті болуының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ұқыптылыққа үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы әділеттілік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды отбасындағы, мектептегі парызын орындай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. oilar.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз. бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №16 – сабақ. Адам жанының сұлулығы жайлы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №17, Мәдіхат Төрежановтың «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Дәрігер Болаттың іс-әрекетіне неліктен риза болды? 2. Болаттың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы көрінеді? 3. Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады? 4. Отбасындағы татулықты қалай сақтауға болады деп ойлайсың?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту).

Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат.

Антон Чехов

Антон Павлович Чехов (17 (29) қаңтар 1860, Таганрог, Екатеринослав губерниясы — 2 (15) шілде 1904, Баденвайлер, Герман империясы) — орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, драматург, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған. Әлем драматургиясының классикасы болған төрт шығарма жазған.

Сұрақтар:

  1. “Отбасы жарастығы”, “Отбасы бақыты”, “Отбасы қуанышы” деген ойларды қалай түсінесің?
  2. Адамдар отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?
  3. Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата – анаңызбен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласыз ба?
  4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Ынтымақ

Ертеде Нығмет, Үсен деген ағайынды екі бала болады. Нығмет он жасқа, Үсен бес жасқа келгенде әке-шешелері қайтыс болып, екеуі жетім қалады.

Осы кезде бұрын әкелерінің қожайыны болған Шаһимардан деген бай:

-Екі жетімді қолыма алып, ержеткенше үй жұмысына салайын. Ержеткен соң екеуіәкесінің орнын басып, бір керекке жарап қалар, - деп ойлайды.

Сөйтіп, Шаһимардан бұғанасы қатпаған Нығмет пен Үсенге су тасытып, отын жақтырады. Ержеткен соң Нығметке жылқысын, Үсенге қойын бақтырады. Содан Нығмет пен Үсен кисе — киімге, ішсе — тамаққа жарымай, Шаһимарданның малын бағып, табаны күректей жиырма бес жылды өткізеді.

Байдың қойы мыңға, жылқысы үш мыңға, сиыры екі мыңға жетіп, барған сайын дәулеті таси береді. Соншама еңбек істеп, тер төксе де бай екі жетімнің басына үй тігіп, бауырына қазан асып, басын құрасын деп ойламапты.

Нығмет отыз беске,Үсен отызға шыққан жылы бай жеті жастағы ұлына келіншек айттырып, сән-салтанат құрады. Мұны көрген Нығмет пен Үсен ақылдасып, бұл бай әкемізге де жақсылық қылмаған еді, малын осынша өсірген бізге де жақсылық қылмайды. Бүйтіп, қорлық көріп жүргенше ақымызды алайық та, өз бетімізбен күнелтейік деген байламға келіседі. Шаһимарданнан ақы талап етеді. Зорласа да малын бақпай кететініне көзі жеткен бай амалсыз қалып, жиырма бес жылдық еңбек ақыларына бір ат, бір бұзаулы сиыр беріп, екеуін жолға салады. Екеуі берген ақысына разы болмаса да қолдан келер қайраны жоқ еді. Олар жапан далаға қаңғып кете барады.

Нығмет пен Үсен жүре-жүре бір күні көкорай шалғынды көк өзеннің жағасына келіп, шөптен күрке жасап демалады. Кеш батып ымырт үйірілген кезде Нығмет пен Үсен жалғыз сиырды сауып алған бір баспақ сүтті қорек кып отырғанда, аттың дүбірі шығып, күркенің сырт жағынан біреу:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Үйде отырғандар:
  • Атыңыз кім болады!— дейді.
  • Атым — Қызыр.
  • Қызыр болсаңыз, қонатын жерге қоныңыз, біз қондыра алмаймыз,— дейді үйдегілер. Мұны естіген қызыр кетіп қалады.

Нығмет мен Үсен бұл түнді осылай өткізеді. Ертеңіне біреуі сиырды, біреуі ат пен бұзауды бағып, бір күнді тағы өткізеді. Кеш батып, ымыр түйіріледі. Кешкі ас үстінде отырғанда, тағы да ат дүбірі естіледі. Келген кісі сырттан:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Екі жігіт:
  • Атыңыз кім?— деп сұрайды. Сырттағы кісі:
  • Атым Бақ,— дейді.
  • Бақ болсаңыз, орныңызды тауып қоныңыз,— дейді жігіттер. Сонымен бақ та кетіп калады.

Үшінші күні кешкі тамаққа отырғанда тағы біреу келіп:

  • Құдайы қонақпын,— дейді.
  • Аты-жөніңіз кім?
  • Атым — Дәулет,— дейді сырттағы кісі.
  • Ендеше дәулетті жерге барып қоныңыз,— дейді екі жігіт — Бізде ішетін тамақ жоқ, жатарға орын жоқ.

Сонымен Дәулет те кетіп қалады.

Нығмет пен Үсен ылғи да: О, Жаратқан, ынтымақтан айырма, бас аман болсын!— деп тілеу тілеп, қалт-кұлт күн өткізе береді. Бір күні кешкі асқа отыра бергенде үйдің сыртынан ат дүбірі естіледі де, біркісі:

  • Атыңыз кім болады?— деп сұрайды.
  • Атым — Ынтымақ,— дейді жолаушы. Нығмет пен Үсен сыртқа жүгіріп шығады:
  • Ынтымақ сіз болсаңыз, қонақ болыңыз,— деп, атын ұстайды.

Ынтымақ — ақ көңіл, ашық-жарқын қарапайым кісі екен. Екеуінің пейіліне разы болады. Қонақ үйге кіріп, төрге отырғаннан кейін Нығмет пен Үсен:

-– Ынтымақтың қонақ болуы — үлкен бақыт. Сондықтан қонақты разы қылып аттандырайық деп ақылдасады. Қонақ асыға аттарын көлденең тартып, «Аумин!» деп бата сұрайды. Ынтымақ отырып:

– Жан баққан жалғыз аттарыңды маған арнасаңдар, қалай күнелтесіңдер?— дейді жігіттерге.

– Қане, қонақсіз болсаңыз, бәрі де орнын табады, ықыласыңызды беріңіз,— дейді екі жігіт өтініп. Шын пейілдеріне көзі жеткен Ынтымақ дастарқанға бар пейілін төгіп:

  • Құдай оңдасын, Қызыр қолдасын! Бақ қосылып, Дәулет дарысын!— деп бата береді. Нығмет мен Үсен дереу атты сойып, етті қазанға салады.

Үсен ет пісіріп, Нығмет Ынтымақпен әңгімелесіп отырғанда, сәлем беріп үйге Қызыр кіреді. Оның артынан іле-шала Бақ пен Дәулет кіреді. Ынтымақтың үстіне Қызырдың, Бақтың, Дәулеттің келуі үлкен қуанышқа айналады. Екі жігіт жігі-жапарболып күтеді. Еттүсіріліп, тамақ желініп болған соң, Нығмет пен Үсен алғашқы үш қонақты қондырмағандары үшін кешірім сұрайды. Сонда Қызыр қарт айтады:

  • Балаларым, оған қысылмаңдар, Ынтымақ болмаса Қызыр қонбайды, Бақ қарамайды,

Дәулет дарымайды. Біз Ынтымақтың бастауымен келдік. Көсегелерің көгеріп, өркендерің өссін!—деп ықылас білдіреді.

Тамақ ішіп болған соң, төрт қонақ екіжігітке алғыстарын айтып, аттанып кетеді. Осыдан кейін Нығмет пен Үсеннің істері өне бастайды. Оларды Қызырқолдайды, Баққонып, Дәулет дариды да, бақытты жандарға айналады.

Әйелалып, бала сүйіп, мұраттарына жеткен ағайынды екі жігіт:

  • Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ, - деп, үрім-бұтағына өсиет айтқан екен.
  1. Ынтымақ дастарқанға бар пейілін төгіп қандай бата береді?
  2. «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» деген өсиетті қалай түсінесіңдер?
  3. Ынтымақты қандай құндылықпен байланыстырар едіңдер?
  4. Өз отбасыларыңдағы ынтымақ, татулық туралы айтып беріңдер?
  5. Отбасыларыңдағы құндылықтар туралы әңгімелеп беріңіздер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1 - тапсырма: Алдарыңдағы қағаздарды пайдаланып, күн шуақтарын жасаңдар. Жасаған күн шуағына отбасында үйлесімділік тізімін жазып күнге орналастырыңдар. (Мейірімді,бақытты,жарасымды,өнегелі,тату,үлкен,тәрбиелі тб).

2 – тапсырма:

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз, . жарасар. (ағайынға)

Ата – баланың. (қорғаны)

Өз үйім. төсегім. (өлең)

6. Топпен ән айту.

Ана туралы жыр.

Сөзі:Ғ.Қайырбеков

Әні:Ш.Қалдаяқов

Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған

Даланың әр күнін, жинадың сен маған

Сен берген құстардың, қанаты самғаған,

Балалық құштарым, өзіңе арналған

Қ – сы:

Әлдилеп аялап, өсірген жемісін Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Көңілді көктемдей, көзіңнен танимын

Өтеуге борышым, анашым, жан сырым

Іздедім сен үшін, әлемнің асылын

Әлемнің асылын, әлемнің байлығын

Сыйлар ем кеш мені,сыйлар ем ай, күнін,қолыма түспеді

Қ – сы:

Ете көр қанағат,әзірге берерім

Балалық махаббат, балалық жүрегім

Бол риза анашым,қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған,әнімді қосып ал.

Қ – сы:

7. Үй тапсырмасы.

1. №17 – сабақ. Тірек сөздерді пайдалана отырып, «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар. Қажетті сөздер: мейірімділік, сыйластық, татулық, сүйіспеншілік, қамқорлық.

2. Келесі сабақ. №18, Әбді Шынбатыровтың «Ағаның хаты» әңгімесін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз., арқамызды тіктейміз., қолдарыңды тізеге қоюға болады.

Д е м а л.. ш ы ғ а р. (жаймен 9-10 рет) немесе 1...2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5

: 17

Мұғалімі:

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Отбасы татулығы

Құндылығы: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Ұқыптылық, әділеттілік, отбасындағы, мектептегі парызын орындау.

Мақсаты: Отбасы тату – тәтті болуының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ұқыптылыққа үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы әділеттілік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды отбасындағы, мектептегі парызын орындай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. oilar.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №16 – сабақ. Адам жанының сұлулығы жайлы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №17, Мәдіхат Төрежановтың «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Дәрігер Болаттың іс-әрекетіне неліктен риза болды?
2. Болаттың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы көрінеді?
3. Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?
4. Отбасындағы татулықты қалай сақтауға болады деп ойлайсың?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту).

Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат.

Антон Чехов

Антон Павлович Чехов (17 (29) қаңтар 1860, Таганрог, Екатеринослав губерниясы — 2 (15) шілде 1904, Баденвайлер, Герман империясы) — орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, драматург, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған. Әлем драматургиясының классикасы болған төрт шығарма жазған.

Сұрақтар:

  1. “Отбасы жарастығы”, “Отбасы бақыты”, “Отбасы қуанышы” деген ойларды қалай түсінесің?

  2. Адамдар отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?

  3. Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата – анаңызбен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласыз ба?

  4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Ынтымақ

Ертеде Нығмет, Үсен деген ағайынды екі бала болады. Нығмет он жасқа, Үсен бес жасқа келгенде әке-шешелері қайтыс болып, екеуі жетім қалады.

Осы кезде бұрын әкелерінің қожайыны болған Шаһимардан деген бай:

-Екі жетімді қолыма алып, ержеткенше үй жұмысына салайын. Ержеткен соң екеуіәкесінің орнын басып, бір керекке жарап қалар, - деп ойлайды.

Сөйтіп, Шаһимардан бұғанасы қатпаған Нығмет пен Үсенге су тасытып, отын жақтырады. Ержеткен соң Нығметке жылқысын, Үсенге қойын бақтырады. Содан Нығмет пен Үсен кисе — киімге, ішсе — тамаққа жарымай, Шаһимарданның малын бағып, табаны күректей жиырма бес жылды өткізеді.

Байдың қойы мыңға, жылқысы үш мыңға, сиыры екі мыңға жетіп, барған сайын дәулеті таси береді. Соншама еңбек істеп, тер төксе де бай екі жетімнің басына үй тігіп, бауырына қазан асып, басын құрасын деп ойламапты.

Нығмет отыз беске,Үсен отызға шыққан жылы бай жеті жастағы ұлына келіншек айттырып, сән-салтанат құрады. Мұны көрген Нығмет пен Үсен ақылдасып, бұл бай әкемізге де жақсылық қылмаған еді, малын осынша өсірген бізге де жақсылық қылмайды. Бүйтіп, қорлық көріп жүргенше ақымызды алайық та, өз бетімізбен күнелтейік деген байламға келіседі. Шаһимарданнан ақы талап етеді. Зорласа да малын бақпай кететініне көзі жеткен бай амалсыз қалып, жиырма бес жылдық еңбек ақыларына бір ат, бір бұзаулы сиыр беріп, екеуін жолға салады. Екеуі берген ақысына разы болмаса да қолдан келер қайраны жоқ еді. Олар жапан далаға қаңғып кете барады.

Нығмет пен Үсен жүре-жүре бір күні көкорай шалғынды көк өзеннің жағасына келіп, шөптен күрке жасап демалады. Кеш батып ымырт үйірілген кезде Нығмет пен Үсен жалғыз сиырды сауып алған бір баспақ сүтті қорек кып отырғанда, аттың дүбірі шығып, күркенің сырт жағынан біреу:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Үйде отырғандар:

  • Атыңыз кім болады!— дейді.

  • Атым — Қызыр.

  • Қызыр болсаңыз, қонатын жерге қоныңыз, біз қондыра алмаймыз,— дейді үйдегілер. Мұны естіген қызыр кетіп қалады.

Нығмет мен Үсен бұл түнді осылай өткізеді. Ертеңіне біреуі сиырды, біреуі ат пен бұзауды бағып, бір күнді тағы өткізеді. Кеш батып, ымыр түйіріледі. Кешкі ас үстінде отырғанда, тағы да ат дүбірі естіледі. Келген кісі сырттан:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Екі жігіт:

  • Атыңыз кім?— деп сұрайды. Сырттағы кісі:

  • Атым Бақ,— дейді.

  • Бақ болсаңыз, орныңызды тауып қоныңыз,— дейді жігіттер. Сонымен бақ та кетіп калады.

Үшінші күні кешкі тамаққа отырғанда тағы біреу келіп:

  • Құдайы қонақпын,— дейді.

  • Аты-жөніңіз кім?

  • Атым — Дәулет,— дейді сырттағы кісі.

  • Ендеше дәулетті жерге барып қоныңыз,— дейді екі жігіт — Бізде ішетін тамақ жоқ, жатарға орын жоқ.

Сонымен Дәулет те кетіп қалады.

Нығмет пен Үсен ылғи да: О, Жаратқан, ынтымақтан айырма, бас аман болсын!— деп тілеу тілеп, қалт-кұлт күн өткізе береді. Бір күні кешкі асқа отыра бергенде үйдің сыртынан ат дүбірі естіледі де, біркісі:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Екі жігіт:

  • Атыңыз кім болады?— деп сұрайды.

  • Атым — Ынтымақ,— дейді жолаушы. Нығмет пен Үсен сыртқа жүгіріп шығады:

  • Ынтымақ сіз болсаңыз, қонақ болыңыз,— деп, атын ұстайды.

Ынтымақ — ақ көңіл, ашық-жарқын қарапайым кісі екен. Екеуінің пейіліне разы болады. Қонақ үйге кіріп, төрге отырғаннан кейін Нығмет пен Үсен:

-– Ынтымақтың қонақ болуы — үлкен бақыт. Сондықтан қонақты разы қылып аттандырайық деп ақылдасады. Қонақ асыға аттарын көлденең тартып, «Аумин!» деп бата сұрайды. Ынтымақ отырып:

– Жан баққан жалғыз аттарыңды маған арнасаңдар, қалай күнелтесіңдер?— дейді жігіттерге.

– Қане, қонақсіз болсаңыз, бәрі де орнын табады, ықыласыңызды беріңіз,— дейді екі жігіт өтініп. Шын пейілдеріне көзі жеткен Ынтымақ дастарқанға бар пейілін төгіп:

  • Құдай оңдасын, Қызыр қолдасын! Бақ қосылып, Дәулет дарысын!— деп бата береді. Нығмет мен Үсен дереу атты сойып, етті қазанға салады.

Үсен ет пісіріп, Нығмет Ынтымақпен әңгімелесіп отырғанда, сәлем беріп үйге Қызыр кіреді. Оның артынан іле-шала Бақ пен Дәулет кіреді. Ынтымақтың үстіне Қызырдың, Бақтың, Дәулеттің келуі үлкен қуанышқа айналады. Екі жігіт жігі-жапарболып күтеді. Еттүсіріліп, тамақ желініп болған соң, Нығмет пен Үсен алғашқы үш қонақты қондырмағандары үшін кешірім сұрайды. Сонда Қызыр қарт айтады:

  • Балаларым, оған қысылмаңдар, Ынтымақ болмаса Қызыр қонбайды, Бақ қарамайды,

Дәулет дарымайды. Біз Ынтымақтың бастауымен келдік. Көсегелерің көгеріп, өркендерің өссін!—деп ықылас білдіреді.

Тамақ ішіп болған соң, төрт қонақ екіжігітке алғыстарын айтып, аттанып кетеді. Осыдан кейін Нығмет пен Үсеннің істері өне бастайды. Оларды Қызырқолдайды, Баққонып, Дәулет дариды да, бақытты жандарға айналады.

Әйелалып, бала сүйіп, мұраттарына жеткен ағайынды екі жігіт:

  • Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ, - деп, үрім-бұтағына өсиет айтқан екен.

Сұрақтар:

  1. Ынтымақ дастарқанға бар пейілін төгіп қандай бата береді?

  2. «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» деген өсиетті қалай түсінесіңдер?

  3. Ынтымақты қандай құндылықпен байланыстырар едіңдер?

  4. Өз отбасыларыңдағы ынтымақ, татулық туралы айтып беріңдер?

  5. Отбасыларыңдағы құндылықтар туралы әңгімелеп беріңіздер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1 - тапсырма: Алдарыңдағы қағаздарды пайдаланып, күн шуақтарын жасаңдар. Жасаған күн шуағына отбасында үйлесімділік тізімін жазып күнге орналастырыңдар. (Мейірімді,бақытты,жарасымды,өнегелі,тату,үлкен,тәрбиелі тб).

2 – тапсырма:

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
... жарасар. (ағайынға)

Ата – баланың .... (қорғаны)

Өз үйім ... төсегім. (өлең)

6. Топпен ән айту.

Ана туралы жыр.

Сөзі:Ғ.Қайырбеков

Әні:Ш.Қалдаяқов

Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған

Даланың әр күнін, жинадың сен маған

Сен берген құстардың, қанаты самғаған,

Балалық құштарым, өзіңе арналған

Қ – сы:

Әлдилеп аялап, өсірген жемісін
Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Көңілді көктемдей, көзіңнен танимын

Өтеуге борышым, анашым, жан сырым

Іздедім сен үшін, әлемнің асылын

Әлемнің асылын, әлемнің байлығын

Сыйлар ем кеш мені,сыйлар ем ай, күнін,қолыма түспеді

Қ – сы:

Ете көр қанағат,әзірге берерім

Балалық махаббат, балалық жүрегім

Бол риза анашым,қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған,әнімді қосып ал.

Қ – сы:

7. Үй тапсырмасы.

1. №17 – сабақ. Тірек сөздерді пайдалана отырып, «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар.
Қажетті сөздер: мейірімділік, сыйластық, татулық, сүйіспеншілік, қамқорлық.

2. Келесі сабақ. №18, Әбді Шынбатыровтың «Ағаның хаты» әңгімесін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы

Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки

Серия олимпиад «Зима 2025»

Комплекты учителю

Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей

Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.

Подробнее