Тақырыбы: Қанаттылар тіршілігі |
| ||
Күні: |
| ||
Сынып/топ: Мад 0«А» | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны | |
| |||
ҰОҚ оқытылу мақсаты | 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу 0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу | ||
Күтілетін нәтиже | Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс дыбыстайды. Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады. | ||
| Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды. | ||
Тілдік мақсат | Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: құс - птица - bird Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Шыбын-шіркей, инелік Пікір алмасу сұрақтары: Біздің айналамызды нелер қоршап тұр? Жыл құстарын ата. Үй құстарын ата. Олардың ортақ белгілері қандай? | ||
Өткен ҰОҚ алған білім | Мектепке не үшін барады, онда не істейтінін біледі? | Ресурстар | |
| Жоспар |
| |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | ||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
| Психологиялық ахуал Күлімде, күн, күлімде, Жер жасарып, көгерсін. Бұрынғыдай бүгін де Қанат қақсын көгершін. Кіріспе бөлім. а) Мұғалім: Балаларбір жылда неше мезгілі бар. Қазір жылдың қай мезгіл? - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? - Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады? - Қазір қай ай? - Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер? - Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. | ||
ІІ. Мақсатты болжам.
| Д/о «Кім жылдам?» Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қанаттылар тіршілігі» деп аталады Құстар екі топқа бөлінеді:жабайы құстар және үй құстары. Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу, бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б. Үй құстары:тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып - қонып жүреді.
Адамдар жем - шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды. Д/о. «Қай дыбыстан басталады?» Д/о «Кім тапқыр?» Сергіту сәтін өткізу. Қазым, қазым, қаңқылда, Көлде жүзіп саңқылда. Жем шашайын, жейсің бе, Кәмпит берші дейсің бе? -Жоқ, жоқ, кәмпит тәтті, болмайды ас. Арпа менен бидай шаш |
|
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.
| Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Тіл ұстарту: Ма-ма-ма – құс шоқиды алма, Ме-ме-ме – балам, оған тиме, Ма-ма-ма – қасына да барма, Дай-дай-дай – құстарға сеп бидай. Педагог: - Балалар, қанаты бар тағы қандай тіршілік иелерін білесіңдер? - Құстар немен қоректенеді? - Қанаты бар масалар, көбелектер, шыбын-шіркейлер, инеліктер жылдың қай мезгілінде өмір сүреді? - Құстар мен жәндіктердің арасында қандай ортақ белгілер бар? Топтық жұмыс. 1- топ. Бүркіт суретін бояу,ол туралы не білетінін айту 2- топ. Құс суретін жапсыру,ол туралы айту 3- топ. Тоқылдақ суретін бояу,ол туралы не білетінін айту 4- топ. Құс суретін жапсыру,ол туралы айту ә) Суретпен жұмыс. «Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, жем салды, т.б. 3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал. Көк көбелек, көк көбелек, Көздері дөп-дөңгелек. Гүл көрсе, күлімдейді, Қолыма ілінбейді. Көк шөптің арасынан Түр-түсі білінбейді. (Б. Қожабекұлы) | Әліппе-дәптер Әліппе-дәптер |
IV. ҰОҚ қорытындысы. | Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. | Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар |
Рефлексия.
| Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан көбелекті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын жасыл қарындашпен. |