Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Мақсаты:
1.Білімділігі: Ақын өмірінен түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2.Дамытушылығы: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
3.Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, бейне таспа, Қазақстанның картасы, оқулық, суреттер.
Сабақ түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Болашақтың гүліміз,
Жарқын біздің үніміз.
Достық, байлық мекені
Біздің туған еліміз.
ІІ. Үй тапсырмасы
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты эссе жазып келу. 6-7 оқушыны тұрғызып оқыту. “Миға шабуыл” жасайық
ҚАСЫМ
АМАНЖОЛОВ
ЗАМАНЫМЫЗҒА
АҚЫНДЫҒЫМЕН
ҚАЙТАЛАНБАС
СЫРЫМЕНЕН
ТАНЫЛҒАН
АУДАРМАШЫ
НАМЫСҚОР
Енді, қарандаршы қандай сөз шықты? – Иа, дұрыс айтасыңдар ҚАЗАҚСТАН сөзі шықты.
III. Жаңа сабақ Қ. Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Қасым Аманжолов (1911 - 1955)
“Ұлы тұлға”
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Қасым Аманжоловтың өмірі және шығармашылығы жайлы шағын бейне ролик көрсетіледі.1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне аударатын аудармашыда болған. 1941 - 1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын. Бүгін ақынның «Қазақстан» өлеңімен оқып, танысайық.
Қазақстан
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті киелі.
Сен бақытты, атам қазақ баласы.
Кең далалы кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!
а) Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу (картадан Қазақстан жерін, Балқаш көлін көрсету)
ә) Әр шумағын дауыстап оқу, ондағы негізгі ойды табу.
1-шумақ. Жеріміздің киелі қасиетті екендігі, балалардың бақыттылығы.
2-шумақ. Даламыздың кеңдігі, халқымыздың еркінділігі, азаттылығы сезіліп тұр.
Сөздік жұмыс
Балқаш – Балқаш көлі және оның маңындағы өндірісті қала. Қас тағдырдың қиқаңы – қиындықтың ауыртпалығы.
(Бұл сөздерді сандыққа салу).
Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Іштей оқу
3. Тізбектей оқу
4. Жеке мәнерлеп, тұтас оқу
Сергіту сәті
Қарлығаш боп ұшайық, Қане, қанат жазайық Ұшып-ұшып алайық Орнымызға қонайық
«Қане, ойланайық!» үлестірмелі қағаздар таратылады, оқушылар толтырады
. . .
жеріміз. құл . . .
. . . . . . жанбыз
. . .
қазақпыз.
. . .
. . . намысы
. . .
азат
. . .
Тақырыпты бекіту
Жеріміз: қасиетті, киелі
Қазақпыз: кең далалы, кең пейілді
Ел намысы
Азат: жігіт, қыз.
Құл емеспіз
Еркін жанбыз
Сабақты қорытындылау.
«Қазақстан» өліңін жазған кім?
Қай жылы, қай өңірде дүниеге келді?
Қандай шығармалары бар?
Қасым Аманжолов кім?
Сонымен, балалар, мына мен таратып берген стикерлерге әркім өзінің тілектерін жазады. Содан соң, Қазақстанның картасына жабыстырамыз.
Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?
Қазақстан: Туған жер, Отан, Атамекен.
Үйге тапсырма: 98бет өлеңді мәнерлеп оқу.
Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау