Тақырыбы: Көңілді тапқырлар
Мақсаты : 1.Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,
қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге
шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.
Барысы :
Армысыздар құрметті ұстаздар ,оқушылар !
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.
Ендеше бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Олай болса «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1.Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру)
2. «Өлең сөздің патшасы»
3. «Ұлы тұлғалар»
4. «Тамаша төрттік» (пәндер бойынша сұрақтар)
5. «Сиқырлы сөздер әлемі» (топ басшылары мен көрермендер сайысы)
6. «Сөз ойла ,тез ойла»бір сөзден бірнеше жаңа сөз жасау
-Енді сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтсе.
«АЛҒЫРЛАР ТОБЫ»
Асыл тастан,өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Қабылдаңыз шын жүректен,
Сәлем сізге жалынды.
«ТАПҚЫРЛАР » ТОБЫ
Толағайдың тасындай,
Ұландардан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
Тапқырлар тобы осындай.
- Ендеше ойынға қатысушыларға сәттілік дейміз.
1-кезең Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру) 2минут ішінде неше сұраққа жауап бере аламыз.
«АЛҒЫРЛАР » ТОБЫНА
1.Екі ақыннның арасындағы сөз жарыс /Айтыс/
2.Бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп,үлкейтіп айту/әсірлеу/
3.Адамдар арасындағы қарым –қатынастың ,қимыл-әрекеттің қиындауын / оқиғаның шиеленісуі/
4.Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары/кен/
5.Мыстың мырышпен қосындысы/ жез/
6.Екі не одан да көп түбірден құралған сөздер /Біріккен/
7.Екі сөздің қосарлануынан жасалған сөздер /Қос сөздер/
8.Қазақ тілінде неше септік бар ?/ жеті/
9.Тіктөртбұрыштың ені 6см,ұзындығы 10 см. Ауданы мен периметрі
қанша ? /S-60см 2 , P-32см./
10.Қиылысқанда төрт тік бұрыш шығатын түзу /перпендикуляр түзу/
«ТАПҚЫРЛАР » ТОБЫНА
Табиғат құбылысын жандандырып , адам сияқты күлдіріп , билетіп,қуантып ,жылатып кейіпте суреттеуді не дейміз ?/Кейіптеу/
Күлкіге ,әзіл-сықаққа құрылған шығарма /Сатира/
Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен –өзі сөйлескен сөзін не дейміз /монолог/
Қазақтың етті ,кұйрықты жүнді өсімтал тұқымының бірі/Еділбай қойы/
Майлы ,қоймалжың сұйық затты пайдалы қазба/Мұнай/
Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөз /күрделі сөз/
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем /Құрмалас сөйлем/
Етістіктің шақтарын ата /осы шақ,өткен шақ,келер шақ.
Ортақ нүктесі жоқ түзулер /параллель
Тіктөртбұрыштың ені 4см,ұзындығы 10 см. Ауданы мен периметрі
қанша ? /S-40см 2 , P-28см./
2-кезең. «Өлең сөздің патшасы» мәнерлеп оқу сайысы.
1.Абай Құнанбаев «Жазғытұрым»
2.Қасым Аманжолов «Туған жер»
3.Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
4.Шәкәрім «Жаз келер»
3-кезең. «Ұлы тұлғалар»
1.Ұлы отан соғысының батырлары
Әлия Молдағұлова,Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Мәметова
2.Қазақтың ұлы ғалымдары
Қаныш Сәтбаев,Әл-Фараби,Шоқан Уалиханов
3.Ұлы ақын- жазушылар
Абай,Мұхтар ,Шәкәрім.
4.Қазақстан ғарышкерлері
Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев
4-кезең «Тамаша төрттік» Пәндер бойынша сұрақтар.Экранға назар аударайық.
Әдебиеттік оқу
1-топ
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»әңгімесіндегі басты кейіпкерлер кім ?
2-топ
М.Әуезовтің «Көксерек» повестіндегі басты кейіпкер кім ?
Қазақ тілі
1-топ
«Оқы» сөзін 3жақта,3 шақта жікте
2-топ
«Дос» сөзін 3 жақта тәуелде
Математика
1-топ
Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? 12қыры,6 жағы
2-топ
Ұзындық өлшем бірліктерін ата
Дүниетану
1-топ
«Қазақ елі»монументі қай жылы салынды және авторы кім ?
2-топ
«Семирамида »аспалы бағы қай қалада салынған ?
5-кезең. «Сиқырлы сөздер әлемі» (топ басшылары мен көрермендер сайысы)
Қораптағы сөздерді алып,сол сөзді жұмбақ түрінде корермендерге жасыру.
6-кезең. «Сөз ойла, тез ойла»шығармашылық жұмыс. Бір сөзден бірнеше сөз жасау.Қарлығаш,Кітапхана
Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар
Қуанып шаттанып,күлу де бар.
Білімдерін тамашалап,отыр қауым,
Сайыста әділқазы тағы да бар.
«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.
Осымен «Көңілді тапқырлар» сайысы өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар.