Тақырыбы: «Елім менің» танымдық ойыны
Мұғалім: Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты:
Оқушылардың ана тіліне деген құрмет,сезімдерін арттыра отырып, сөз құдіретін түсінуге, салт-дәстүрімізді білуге ,ойлау қабілеттерін жетілдіруге,
өзара достық қарым-қатынастарын нығайтуға баулу.
Көрнекіліктері: проектор, экран, кітаптар ,нақыл сөздер.
Жүргізуші: Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дегендей бүгінгі «Елім менің» атты» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер. Ойынға қатысушы екі топ: «Білгірлер» және «Зеректер» топтары. Ойншыларға сәттілік тілейміз.
І айналым. Бейнесұрақ (Дұрыс жауапқа бір ұпай)
ІІ айналым. «Сөнбес сәуле»
Бұлкезеңде пәндік сұрақтар қойылады .Әр сұрақтың жауабына бір ұпай беріледі.
1-топ «Білгірлер» тобына
1 Ұлы ақын,кемеңгер,ойшыл - А.Құнанбаев
2. Махамбеттің досы - Исатай
3.Қазақтың палуаны - Қажымұқан
4.Күлпаш пен Мақтымның баласының аты кім? Қали
5. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді? 2-ге
6. 3*9 көбейтіндісі (27)
7. Елтаңбаның авторы кім? (Ш.Уалиханов, Ж. Мәлібеков )
8. Есту мүшесі (құлақ)
9.Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? (1991 жылы 16 желтоқсан)
10.Қазақтан шыққан екінші ғарышкер (Т.Мұсабаев)
2-топ «Зеректер» тобына
1.Тұңғыш балаларға арнап мектеп ашқан ,ағартушы -педагог - Ы.Алтынсарин
2. Абайдың әжесінің аты - Зере
3. Тұңғыш қазақ ғарышкері - Т.Әубәкіров
4.ҚР әнұранының сөзін жазған - Ж Нажімединов, Н. Назарбаев
5.Исатай мен Махамбет батырлар заманындағы хан (Жәңгір хан)
6. 4*9 көбейтіндісі (36)
7.Көру мүшесі (көз)
8. Біздің облысымыз қай аймақта орналасқан ? (Батыс Қазақстан)
9. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2)
10.1-желтоқсан қандай күн ? (Президент)
ІІІ айналым «Аңдап айтып, анық сөйлеу»
1-асу ( берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек)
«Білгірлер» тобына: Жанпейіс, бойкүйездік, кемеңгер, қияңқы, сары ауыз
«Зеректер» тобына: Жұлдызшы, шаңқобыз, сұрғылт, сәнқой, ала көлеңке
2-асу Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру
Көздің жауын алу- (қызықтыру)
Көзді ашып жұмғанша (тез, шапшаң)
Таяқ тастам жер (бір аттам жер)
Күн құрғатпай (күнде)
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау
2 топ
Көрпеңе қарай көсіл (шамасына қарау)
Құлаққа ұрғандай болды (Тып-тыныш болды )
Аузына қақпақ болу (сөйлетпеу)
Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау
Иненің көзінен өткендей – пысық
4-айналым
Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді,әр тұлғаға 1 ұпай/
* Ахмет Байтұрсынов * Абай Құнанбаев
* Нұрсұлтан Назарбаев * Тоқтар Әубәкіров
* Меруерт Өтекешова * Мұқтар Әуезов
* Бердібек Соқпақбаев * Абылай хан
* Әбілқайыр хан * Бауыржан Момышұлы
* Қайрат Рысқұлбеков * Роза Бағланова
* Шәкен Айманов * Шәмші Қалдаяқов
* Мұқағали Мақатаев * Жұмекен Нәжімеденов
* Ыбырай Алтынсарин * Махамбет Өтемісұлы
* Исатай Тайманұлы * Сәкен Сейфуллин
5-айналым «Сенесіз бе,сенбейсіз бе?»
І топқа сұрақ
Қазақстандық археологтар 1970жылы «Алтын Адамды» Есік қаласы маңынан табылғанына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (Дұрыс жауап: ия) 1 ұпай
Сүйінбай ақын Жамбылдың ұстазы дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе?
(Дұрыс жауап: ия) 1 ұпай
ІІ топқа сұрақ
Кирилл әліпбиі Қазақстанда 1940 жылдан бүгінге дейін қолданылатынына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (Дұрыс жауап: ия) 1 ұпай
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас...»-деп тілге баға берген Абай екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? (Дұрыс жауап: ия) 1 ұпай
6-айналым. «Әріптер қозғалысы» /Оқушыға екі әріп тағылады.Сол әріптерді пайдаланып,сұрақтың жауабын тереді/
*Арам сөзінің антонимі /адал/
*Абай- дана,Абай-/дара/
*Майдың түсі /сары/
*Ананың ойы балада,баланың ойы.../дала/
*Көпшіліктің көмегімен бір жұмысты бітіру /асар/
*Өзенге құятын екінші өзен /сала/
С-Д А-Л Р-А Ы-А
*Жылқының түсі /құла/
*Қалың сөзінің антонимі /жұқа/
*Молда,имам... тағы да /қожа/
*Жұмысты дұрыс орындай алмайтын адам /олақ/
*Темір,тас дәуірі.Тағы қандай дәуір? /қола/
*Проект сөзі қазақша /жоба/
Қ-А Ұ-О Л-Ж А-Б
7-айналым. «Салт-дәстүрді білеміз бе?»
Бұл дәстүр бүкіл қазаққа ортақ салт. Жарыса көшкен ауылдардың бірі озып,бірі қалып отырады.Сонда бұрын қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп,маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа шақырып,қонағасы береді.Бұл қандай дәстүр? /Ерулік/
Біреуді сөзбен жығып,ұтып,оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастап ұялтқанда ұтылған адам бұл туралы басқа адамға таратып жібермеуі үшін бірдеңе береді. «Бірдеңені» алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек./ауызбастырық/
Қазылар алқасы ойынды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады