«Осень 2024»

«Ойын арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру»

Калыкова Эльмира Табылдиновна

Павлодар облысы, «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін

Қараоба орта мектебі»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Ойын арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру»

Бүгінгі таңдағы ұстаздар алдындағы міндет – жас ұрпақты егеменді еліміздің тұтқасы болатын жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеу. Ол үшін оқу үрдісін жаңартып, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын кеңінен қолдана сабақты түрлендіре өтудің маңызы зор.

Сол технологиялардың бірі – педагогикалық ойындар. Педагогикалық ойындар оқушылардың пәнге, оқу материалына деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы болып табылады.

Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құштарлық. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, есту, қабылдау сезімдерінің жетілуіне, кез келген нәрсеге мән бере қарауға, абайлау, бағдарлау, тағы басқа дағдыларының ұштала түсуіне себепкер болады. Мүмкіндігіне қарай әр тақырып бойынша ойын элементтерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттыра түседі. Оқушылар сабақты саналы меңгеретін болады. Ойын араласқан сабақтарда оқушылар өздерін еркін ұстап, өзгелермен ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Осындай ерекшеліктері мен маңызына қарай педагогикалық ойындардың түрлері көп. Олар: іскерлік, интеллектуалдық, сюжеттік, рөлдік, драматизациялық және басқалары. Бұл ойындар сабақ барысында мұғалімнің ұйымдастырған жұмыстарын түрлендіріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята олардың ішкі мүмкіндіктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады.

Іскерлік ойындар педагогикалық технология ретінде бірнеше қызмет атқарады.

1. Ойын арқылы оқу үрдісіне қызығушылығын ояту.

2. Ойын барысында тіл байлығын молайту, сөйлесу барысында тіл мәдениетін тәрбиелеу.

3. Ойын шартын орындау үшін бала өз мүмкіндіктерін толық көрсетіп, пайдалануға тырысады.

4. Ойын оқушыға өзін-өзі толық тануына мүмкіндік береді.

5. Қоғамдық қарым-қатынас заңдылығын меңгеруге жағдай туғызады.

Сөйтіп, ойын үрдісінде балалар жаңа білім мен дағдыларды тез және жеңіл меңгеретіндерін, олардың психологиялық мүмкіндіктерін, шығармашылық қасиеттеріне ие болатынын айтып өттік. Педагогикалық зерттеулерге сүйенсек, ойын көбінесе оқушылардың іс-әрекеттерін, білімдерін практика жүзінде іске асыруға көп көмегін тигізеді.

Ғалым С.А.Шмақовтың айтуынша, іскерлік, рөлдік ойындардың өзіне тән мынадай қасиеттері бар.

1. Ойын барысында оқушы өз еркімен шешім қабылдап, өзінің іс-әрекетінен, жеткен нәтижесінен, ойын үрдісінен толық қанағат алады.

2. Ойынға белсенді қатысу арқылы оқушының ішкі мүмкіндіктерінің толық ашылуына, шығармашылық қабілеттерінің толық іске асырылуына жағдай жасайды.

3. Бәсекеге түсу, жарысу арқылы баланың іс-әректіне ерекше көңіл-күй береді.

Сабақ мақсатына қарай қолдануға болатын ойын түрлері көп. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеу тілін арттыруда рөлдік ойындардың да пайдасы зор. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиімді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір-бірне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Мысалы, «Ғылыми конференция» деген рөлдік ойынды өткізуге болады. Оқушылар өздерінің қызығушылығына қарай рөлдерді таңдайды (тілші, үлкен зауыт директоры, табиғат қорғау ұйымы, эколог-ғалым, ауыл ақсақалдары, көрермендер). Өздерінің таңдаған рөлдеріне ббайланысты әр оқушы айтатын сөздері мен тақырыпқа байланысты пікірін, көзқарасын ортаға салып, қорғауға тырысады. Сонымен қатар, сыныпты екі топқа бөліп, «Ойлан, тап!» ойынын ұйымдастыруға болады. Ойынның шарты бойынша оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген тор көздерде берілген сандар мен пән атауларын таңдайды. Сол тор көздерде жасырылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Бұл ойын арқылы оқушылардың теориялық білімін, практикалық қабілетінің деңгейін тексеріп, ой-өрісін жан-жақты дамытуға болады.

Оқушының шығармашылығын ояту мақсатында «Қай сөздерді жоғалттым» ойынын ұйымдастыруға болады. Бұл жерде өлең жолдарынан бірнеше сөздерді алып тастап оқушыларға өз нұсқасын жаздырту немесе мақал-мәтелдердегі берілген суреттің орнындағы қажетті сөздерді тапқызу.

Ойынның негізгі мақсаты – оқушыны қызықтыра отырып оның терең, сапалы білім алуына, өздігінен жұмысына жағдай жасап, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыру, дағды мен шеберлігін қалыптастыру. Олай болса, ойнай отырып, біз шәкіртімізге бүгінгі күн талабына сай білім беріп, бәсекеге қабілетті, құзырлығы мол азамат етіп тәрбиелеуге мүмкіндігіміз бар.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы

Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки

Серия олимпиад «Осень 2024»

Комплекты учителю

Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей

Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.

Подробнее