Тақырыбы: Электр энергиясын үнемдеу.
Мақсаты: Оқушылардың электр қуаты және үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой- өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Көрнекі құрал: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Топқа бөліну.
Жұмбақ шешу. Шешуі бойынша 3 топқа бөлу.
- Біз неге энергия, Қуат топтарына бөліндік?
- Біз бүгін үнемдеу туралы айтамыз.
- Энергияны қалай үнемдейміз?
Ақпараттық шолу. Электр энергиясын үнемдеудің тиімді тәсілдері:
1. Күнделікті үйде өз есептеу құралы арқылы кей электр құралдары көп
электр энергиясын жұмсайды, соны талдау жасап, ол тауардан бас тарту керек.
2. Егер үйде ескі электр желілері болса, тез арада ауыстыру керек, бұл
электр энергиясын үнемдеуге бірден-бір көмегін тигізеді.
3. Жарықтану деңгейін туралап отыратын құралдармен жабдықтау.
4. Ғимараттан шыққанда жарықты өшіру керек. Біз ойлаймыз 20-30 минут
қосулы болса еш нәрсе болмайды деп, оған жол бермеуіміз керек.
5. Құралдарды ток көзіне еш уақытта қалдыруға болмайды.
6. Жаңа техника алған кезде оның қуаты мен энергияны тиімді пайдалану
класына қарау керек, бұл отбасы бюджетіне әсері болуы әбден мүмкін.
Әр күні электр қуатын үнемдеудің ең болмаса бір тәсілін пайдаланып көрсеңіз Сіз үнемді сезінетін болсасыз.
Көрініс : Экономикалық есеп:
Бірде Қайраттың анасы үйге ренжіп келіп, «Біз электр энергиясын көп
жұмсаймыз. Сондықтан, шығынымыз өсіп жатыр. Не істейміз?»,- деді. Әкем:
«үнемдейміз. Бөлмеден шығарда жарықты сөндіріп жүруден бастаймыз. Ал саған
Қайрат арнайы өтініш: теледидарды қызықты және пайдалы бағдарламалар болған
кезде ғана көр. Оны көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда қосып қоюдың қажеті
жоқ!»,- деді. Бір айдан соң, кезекті төлем жасалғанда, Қайраттың анасы электр
энергиясының көрсеткіші азайғанын хабарлады. Егер үнемдегенге дейін
көрсеткіш 3 мың теңгені құраса, жарыққа осы ақшаның 45 %-ы, теледидарға 30 %-ы кетсе, Қайраттың отбасы электр энергиясына қанша төлегенін есепте. үнемдеудің арқасында отбасы жарыққа шығынын 20%-ға азайтты, ал теледидарға бұрынғы шығынның жартысы кетті. Отбасы қанша ақша үнемдеді?
Топпен жұмыс
«Мен қалай үнемдеймін?» эссе жазу
«Мен қалай үнемдеймін?» сурет салу
Есіңізде болсын!
Түртіп алып отырыңыз
Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.
2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз
Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді. Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.
3. Тамақ сатып алғанда...
Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.
4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз
Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз.
Қорытындылау.
Ой Бөлісіу: «Электр қуатын қалай үнемдеймін? »
Бейнеролик көрсету.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Қорытынды тұжырым
Тақырыбы: Электр энергиясын үнемдеу.
Мақсаты: Оқушылардың электр қуаты және үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой-
өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас
2 «Ә» сынып оқушыларымен өткізілген бұл іс- шара оқушылардың тұрмыстық жағдайларымен өте тығыз байланыста болды. Оқушылар күнделікті қолданып жүрген электр қуаты туралы мәлімет алды. О
қушыларға үнем, үнемдеу туралы мағлұмат берілді. Өз кезегінде оқушылар да өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойып, жауап алды. Топтарға бөлініп берілген тапсырмалады бірлесе орындады. Алдын ала дайындалған көрініс те тамашаланды. Оқушылардың алған мағлұматтары мен айтқан ойларын қорытындылау мақсатында бейнеүзінді көрсетілді.
Тәрбие сағатыны өз мақсатына жетті.