
№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп. Панорамалық ашық сабақ. Дүниетану. Тақырыбы: Су.Судың қасиеті. 3 «б» қазақ сыныбы.
Өткізген бастауыш сынып мұғалімі:Есенова Ляиля Байтоллаевна.

Мақсаты:
Судың пайдасы мен тіршілік үшін маңызын түсіндіру.Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылығы :Оқушылардың байқағыштығын, білімқұмарлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Суды таза сақтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Табиғатты қорғап оны сүйе білуге баулу.Туған жердің экологиясын жақсартуға үлес қосу.
Көрнекілігі :слайдтар,постер,стикер.
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, миға шабуыл,”Ыстық орындық”
Тапсырмалар: сарамандық жұмыс,деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың жүру барысы 1Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. а)“Жүректен жүрекке” ә)Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықты ояту:
- Жұмбақ шешу:
- Жылт-жылт етеді,
- Жылғадан өтеді.
- Сылқ-сылқ етеді,
- Аяғы жоқ жүреді.

Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Су сұйық.Аспаннан жауын түрінде түседі.Қыста қатып мұзға айналады.
- Тәжірибелер арқылы көз жеткізу:
- 1-тәжірибе.
- Суды әр түрлі ыдыстарға құю.Нәтижесін бақылау.
- 2-тәжірибе.
- Екі стаканның біреуіне сүт, екіншісіне су құй.Олардың ішіне қасық сал.Қайсысы анық көрінеді ? Неге?
- 3-тәжірибе.
- Екі стаканның біреуіне шырын, екіншісіне су құй.Дәмін тату арқылы не байқадың?
- 4-тәжірибе.
- Стакандағы суға топырақ сал.Не байқадың?
- 5-тәжірибе.
- Шырын мен су құйылған стаканды иіскеп көр.
- 6-тәжірибе .
- Суды тегіс нәрсеге құй. Нені байқадың?
- 7-тәжірибе.
- Суға кез-келген затты малып алсаң, затың қандай күйде болады?Дәлелде?

Сарамандық жұмысты қорытындылау.
- Судың нақты пішіні болмайды.
- Су-мөлдір,түссіз, түсі болмайды.
- Судың дәмі болмайды.(дәмсіз)
- Кейде су лайланады.
- Судың иісі болмайды.( иіссіз)
- Су- сұйық, ағады.
- Су жабысқақ.

Венн диаграммасы
Табиғат СУ Адам
не
үшін
қажет?
- а
- й
- д
- а
- л
- ы

Ой толғаныс. Логикалық тапсырма
- Жүк артқан 2 түйе жолға шықты. Біреуінде тұз, екінші түйеге мақта артылған. Алдарынан өзен ағып жатты. Сол өзеннен түйелердің біреуі әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың?

Сергіту сәті:

Ойлан, топтас, талқыла:
- 1-топ:Судың 3 күйін бейнеле.
- 2-топ:Су қандай ?( сипатта.)
- 3-топ:Су туралы мақал-мәтел жаз.
- 4-топ:Судың пайдасы туралы шағын эссе жаз.

Жағдаяттан шығу:

Кері байланыс:
А)Кім қалай ұғынды?
- Ыстық орындық.
Б)Не қызықты болды?
Не қиын болды?

Үйге тапсырма:
- 42-43 беттерді оқып келу.
- Тәттілер арқылы бағалау.