«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық конспектісі № 53
Өткізу күні: «13» қаңтар 2021ж
Тәрбиеші: Жұманова Кенжегүл Қайыржанқызы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»
Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»
Мақсаты:
1.Тәрбиелік:Тапсырманы орындай отырып, жүру және жүгіруіне тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Қимылының бағытын сақтап, 6 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу.
3.Оқыту: Басына қап қойып, тепе-теңдікті сақтай отырып, жіптің бойымен жүру.
Ресурстармен қамтамасыз ету:әр балаға кеглиден, арқан, гимнастикалық орындықтар, кілемшелер.
Билингвалдық компонент:теп-теңдік- равновесие.
Сөздік жұмыс:еңбектеу,жүру,жүгіру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір отырып,бір тұрып
Бір тынығып алайық.
Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.
Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.
Бір қатармен жүру,шашырап орналасқан кеглилердің арасымен жүру, жүгіру. Кеглилердің қастарына барып тұру.
2.Негізгі бөлім:
Жалпы дамыту жаттығулары/кеглимен/
1. Б.қ. аяқ алшақ, кегли оң қолда. Қолды жанынан созу, кеглиді сол қолға ауыстыру, қолды төменге түсіру, б.қ. оралу (5-6 рет).
2. Б.қ. аяқ алшақ, кегли оң қолда. Иіліп кеглиді сол аяқтың жанына қою, тіктелу, қол белде. Иіліп кеглиді оң аяқтың жанына қойып, жаттығуды қайталау. Б.қ. оралу (5-6 рет).
3. Б.қ. тізерлеп отыру, кегли оң қолда, сол қол белде. Оңға, солға бұрылып, кеглиді аяқтың ұшына қою. Оңға, солға бұрылып,
кеглиді қайта алу. Б.қ. оралу (5-6 рет).
4. Б.қ. аяқ алшақ, кегли оң қолда. Отырып, кеглиді еденге қою, түзелу, қолды артта ұстау. Отырып, кеглиді алу, б.қ. оралу (5-6 рет).
5. Б.қ. – аяқ сәл алшақ, кегли төменде еденде. Кеглиді айнала секіру, жүру.
2. Негізгі қимылдар:
Төрттағандап еңбектеу /6м/- Балалар сапқа тұрады мұғалімнің белгісі бойынша еденге тізерлеп тұрады қолды еденге қояды алға қарай төрттағандап еңбектейді, кері еңбектеп келеді, жаттығуды 2-3 рет қайталайды.
Жіп бойымен оңға, солға қосаяқтап жүру (тіке сызық бойымен орналасқан) – еденде орналасқан арқанның екі жағына қосаяқтап жүру.
Қимылды ойын:«Аңшы»
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа ,ұйымшылдықққа үйрету.
Шарты: Балалардың қалауы бойынша ортаға аңшы н/е кез –келген жануарлардың біреуі аталады.Балалар шеңбер құрып тұрады.Аң қашады,ал аңшы соңынан қуып ұстап алуға тырысады.Балалар қолдарын көтеріп,анды шеңбер ішіне кіргізіп алып,ал аңшыны кіргізбеуге тырысу қажет.Ойын балаларды алмастырып отыру арқылы жалғаса береді.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
-Балалар бізде бүгін оқу қызметі не жайлы болды?
-Сендерге қандай жаттығу түрі ұнады?
-Қандай ойын ойнадық?
-Өте жақсы балалар!
Балаларды мадақтау.