Білім таусылмайтын байлық
Бүгінгі білім беру саласының мұғалімдерінің алдында, оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, жан-жақты, шығармашылдықпен дамыту міндеттері де тұр.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру екені белгілі.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын мұрат – міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру.
Менің ұстанымым басқару ісінің негізгі принциптерін меңгеру, табандылық, адамгершілік, гуманистік асыл сезіммен, адами қасиеттерден айырылмау, тоғышарлық пен шенеуліктің жаман қасиеттеріне бой ұрмау негізгі қағидамның бірі.
Ұлы данышпан Абай атамыз: «Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын, жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абройын шашатындар көп» деген көрегендікпен айтылған нақыл сөзі қандай басшылықта болмасын жиі еске алатын философиялық ой. Адам өзінің адами қасиеттерін қымбат екенін терең түсініп, оның бағасын биік ұстағаны жөн.