«Осень 2024»

Бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық дағдысын қалыптастыру жолдары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп көрсеткен болатын [1]. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі, Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі, білім беру жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған өзгерістердің көрінісі болып отыр.

Қазіргі уақытта білім беруге қойылатын басты талап ол – жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті терең білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрине, жеке тұлға қалыптастыруда әр пәннің өзіндік орны бар болғанымен, барлық білімнің негізі, оны игеру құралы болып саналатын сауат ашу пәнінің қызметі өте үлкен.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық дағдысын қалыптастыру жолдары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп көрсеткен болатын [1]. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі, Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі, білім беру жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған өзгерістердің көрінісі болып отыр.

Қазіргі уақытта білім беруге қойылатын басты талап ол – жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті терең білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрине, жеке тұлға қалыптастыруда әр пәннің өзіндік орны бар болғанымен, барлық білімнің негізі, оны игеру құралы болып саналатын сауат ашу пәнінің қызметі өте үлкен.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қазақ тілі пәнінің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың жазу дағдыларын ойдағыдай меңгерту. Ғалым Құлмағамбетова: «Бала сөйлеп тұрған кезде сөздің морфологиялық құрылысына, олардың жіктелуіне назар аудармайды да, өзінің ойын түсінікті етіп айтып береді. Ал жазуда грамматикалық ерекшелік белгілі дәрежеде ойға оралып отырады. Бастауыш сыныпта жазуға үйрене бастаған бала жеке әріптерден сөз құрағанда сөздің грамматикалық құрылысының элементтерін сақтайды. Осыдан барып қатесіз жазу дағдысы көрініс береді, » - деген болатын [2.101].

Жазу дағдыларын ойдағыдай меңгерту орфографиялық ережелерді меңгертумен тығыз байланысты.

Сөйлеу тілі мен жазба тілі арасындағы айырмашылық әріп пен дыбыс қатысына ғана емес, сөз құрылысына да тән. Бала сөйлеп тұрған кезде сөздің морфологиялық құрылысына, олардың жіктелуіне назар аудармайды да, өзінің ойын түсінікті етіп айтып береді. Ал жазуда грамматикалық ерекшелік белгілі дәрежеде ойға оралып отырады. Жаңадан жазуға үйрене бастаған бала жеке әріптерден сөз құрағанда сөздің грамматикалық құрылысының элементтерін сақтайды. Осыдан барып қатесіз жазу дағдысы көрініс береді [2.65].

Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) кіреді. Алфавит –тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір формаға келтірілген ережесін сақтап жазу.

Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді. Жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді.

Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.), оны дұрыс қолдану жатады [5.27].

Орфография ( грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.

Қазақ тілі орфографиясының негізгі 3 принципі бар: морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлі ( тарихи ). Морфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да емес, сөз шекарасында да, біріккен сөздерде де сақталып жазылады.

Фонетикалық принципке сүйеніп, сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Дәстүрлі принциппен көнерген біріккен сөздер естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.

Орфографияны үйрету – біртұтас қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы:

  • оқытылатын баланың психикалық бірлігімен;

  • қабылдау бірлігімен;

  • тіл мен ойлаудың бірлігімен;

  • ауызша және жазбаша тіл бірлігімен жүзеге асырылады.

Орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады: 1) байқау әдісі; 2) баяндау әдісі; 3) әңгімелесу әдісі; 4) кітаппен жұмыс істеу әдісі; 5) жаттығу әдісі; 6)талдау-жинақтау әдісі; 7)салыстырмалы әдіс; 8) индукция-дедукция т.б.[2.118].

Байқау әдісі. Нақтылы материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды. Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы қорытындыланып, абстракт ой туады. Байқау танымдық рөл атқарады. Ол шындық өмір құбылыстары туралы түсінікті реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді.

Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нұсқау түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы, тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі боларлық сипатта құрылуға тиіс. Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік маңызы жоғары. Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау процесі үйлесе келуі тиіс. Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды тыңдай білуге баулиды. Баяндауды тыңдау ойлау қабілетін арттырады, әрекетке тікелей араластырып, оқушының сезімін оятады.Баяндау әдісі басқа әдістер элементтерімен ұштастырылып отыруы тиімді. Баяндау барысында байқау, әңгімелесу және жазбаша жұмыстар қоса жүргізіліп, мұғалімнің сөзі өтіліп отырған объектіні көрсету, сұрақ- жауаптар арқылы толықтырылып отырылса, оқушы жалықпайды. Көрнекі құрал пайдалану оқушының тікелей сезінуі және қабылдауын дамытады.

Әңгімелесу әдісі. Оқытуда жиі қолданатын әдістің бірі -әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуді жаңа материалды түсіндіруге кірісу мақсатында да, қайталау кезінде де, оқушылардан сұрау кезінде де, тіпті материалды түсіндіру мақсатында да ұйымдастырып отыруға болады. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңінде сыныпқа сұрақтар беріп, оқушылардың жауаптары арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отырады. Баяндау әдісінің құрамына да әңгімелесу әдісі енгізіледі.

Оқушылар үшін әңгімелесу – ұжымдық еңбек. Оқушыларды негізгі материалмен алдын ала таныстыру, сұрақ-жауаптың логикалық жүйесін дұрыс белгілеу, олардың кеңінен ойлау мүмкіндігін жасау, класты ұжымды түрде құрастыру, жауап беру кезінде оқушылардың еркін сезінуі, мұғалімнің бағыттаушы рөлі мен оның қорытынды сөзі әңгімелесу әдісінің амалдары болып табылады.

Кітаппен жұмыс істеу әдісі. Оқушылар, ең алдымен, жұмыс істеуге үйретілуі тиіс. Оқулық нақтылы материалдарды меңгеріп, одан тиісті қорытындылар жасап отыруға көмектесетін, практикалық жұмыс икемділігіне нұқсайтын құрал болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға сөздіктер мен анықтама кітаптарды пайдалану тәртібі, көркем шығармалар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерді пайдалану жолдары үйретіледі.

Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу әдісі көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялық білім қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық функцияларға негізделеді. Ол – оқушының сезінуі мен түйсінуіне тікелей байланысты. Жаттығу үстінде қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы тоқтамайды. Жаттығу зейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге көмектеседі [4.128].

Талдау- жинақтауәдісі. Заттар мен құбылыстарды тану үшін олардың жекелеген элементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын біле отырып, олардан тиісті логикалық қорытындылар жасап отыру - талдау- жинақтау әдісі бойынша жүзеге асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу – талдау, ал бөлшектен бүтін құрау – жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке-жеке емес, бірлікте қаралатын болғандықтан, талдау-жинақтау әдісі деп қосылып айтылады.

Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы әдіс оқушылар зейінін өтіліп отырған объектіге аударып, оны жақсы меңгеруге көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, алған білімін практикада саналы түрде қолдана білу мүмкіндігін жасайды, оқушылардың сөздерді өз орнына қолдануын, тіл мәдениетін дамытады.

Грамматикалық ереже немесе емлені салыстыру кезінде грамматикалық категориялар мен формалар арасында қандай ұқсастық немесе қандай айырмашылық бар екендігі ашылады. Сөйте отырып материал арасындағы бәріне ортақ ерекшелік аңғарылады.

Салыстырмалы әдісті әртүрлі сипатта жүргізуге болады.

1. Сабақта орын алатын ақыл-ой жұмыстарының сипаты бойынша салыстыру екі түрлі мақсатты көздейді:

а) ұқсастық белгілерін анықтау;

ә) айырмашылық белгілерін анықтау.

Объектінің көлемі бойынша бір ғана жолмен салыстырылатын жай салыстыру және әртүрлі жолмен салыстырылатын күрделі салыстыру әдісі жүргізіледі.

2. Салыстырылатын объектілер сипатына қарай:

а) емле ережелері салыстырылады;

ә) сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстырылады;

б) сөздердің лексикалық мағынасы салыстырылады;

в) сөздердің морфологиялық бөліктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары салыстырылады;

г) грамматикалық категориялар мен олардың тұлғалары салыстырылады.

Жазу дағдыларын ойдағыдай меңгеру орфографиялық ережелерді меңгерумен тығыз байланысты. Орфография – грамматиканың күрделі бөлімдерінің бірі.

Емле материалдарын өтуде мұғалім дыбыстардың айтылу ерекшелігін байқатып, дұрыс оқытып, ол дыбыстар бар сөздердің жазылуын есте сақтауға машықтандырады.

Грамматикалық ереже қолдану тәртібі Я.А.Коменскийге дейін былайша жүйеленген еді. Алдымен, ереже айтылып, одан кейін мысал келтіріліп, ең соңында жаттығу жүргізілетін. Я.А.Коменский бұл сызбаға өзгеріс енгізіп, бірінші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды [11.187].

Емле ережелерін оқытуда ескеретін жалпы принциптер бар. Емлені меңгеріп алу психологтардың зерттеуі бойынша үш кезеңнен тұрады:

1 – кезең. Емле ережесін тану, білу.

2 – кезең. Емле ережесін жазу кезінде пайдаланып жаттығу.

3 – кезең. Емле ережесін пайдалануды еркін, ырықсыз әрекет дәрежесіне жеткізу, яғни ережені оқушы автоматты түрде пайдаланатын ету. Бұл кезеңнің талабы – емле объектісін тауып, емле ережесін қолдануды, сөзді жазуды тұтас бір-ақ процесс ету [2.209].

Грамматикалық ережені меңгеру оны практикада іске асыра білу процесінде жүзеге асады. Анықтама ережені оқушылардың түсінуі материалды меңгерудің алғашқы бастамасы ғана. Орфограммалардың жазылуын есте сақтап қалу үшін қайталама қажет болады. Орфограммаларды қайталай түсу оқушыларды анализ және синтез операцияларын орындауға дағдыландырады. Жаттығу неғұрлым мол орындалса, оқушылардың материалды меңгеруі де соғұрлым жеңілдейді. Грамматикалық форманы тану оны қабылдаумен бір мезгілде жүзеге асады. Сөйтіп, орфографиялық жаттығулар орындау кезіндегі оқушылардың күрделі аналитикалық- синтетикалық қызметі, біріншіден, ережені түсінуге, екіншіден, орфографиялық дағдыларының қалыптасуына негіз жасайды.

Жаңа материалды түсіндіру алдында оған әзірлік жұмыстарын ұйымдастырған тиімді. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу әзірлік жұмысының бір түрі болып табылады. Алайда бұл істі барлық мұғалім әр уақытта орындап отырмайды. Өтілетін материал тақырыбын тек ауызша айтып қана қою оқушылар зейінін аудара алмайды. Ал егер «біз бүгін ү әрпінің жазылу емлесін оқимыз. Сендер ү әрпі і әрпімен ауысып жазылатындығына назар аударыңдар» деген түрде алдын ала ескерту жасалып отырылса, оқушы сабақ мақсатын түсінетін болады. Санаулы сөздерде ғана сөйлемнің соңғы буынындағы ү әрпі жазылатындығы жөнінде орфографиялық ережені мұғалім түсіндіріп, сөздер көрнекі құралдар немесе тақтаға жазылып көрсетіледі.

Мұғалімнің мақсаты – белгілі грамматикалық категорияға байланысты оқулықта берілген ережені ғана білгізіп қою емес, сол ережеге сүйене отырып тілдік материалды таныту, соның төңірегінде оқушыны ойландыру, ақыл-ойын дамыту. Оқылған грамматикалық категорияны оқушы тани білуге, оны түрлендіруге, емлесін жазу практикасында мүлтіксіз қолданып отыруға тиіс. Бұл үшін материалды жақсы түсініп, берік меңгеруі керек. Мұғалім түсіндіру үстінде оқушылар назарын өзіне аудартады. Жалықтырмас үшін сұрақ-жауап арқылы оларға әңгімелетеді. Сөйтіп сабаққа оқушылардың белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда оқушылардың оқулықпен өздігінен жұмыс жүргізуі материалды пысықтау немесе қайталау түрінде жүзеге асырылады.

Грамматикалық материал түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Жаттығу жұмысының мақсаты – грамматикадан алған білімді жазу практикасында пайдалана білуге икемделу.

Жаттығу жүргізуде мынадай дидактикалық талаптар қойылады:

  • жаттығудың әр жақтылығы;

  • қайталай жаттығу.

Жаттығуға байланысты қандай жұмыс түрлерін жүргізу оқушылар алған орфографиялық дағды дәрежесі мен дәл сол кезде қойылып отырған мақсатқа негізделеді.

Алғашқыда оқушыларға емле объектісін таныту, ол объектіге қатысты емле ережесін есте сақтау үшін мынадай жаттығулар ұйымдастырылады:

1. Өтілген емле ережелеріне қатысты объектілерді жеке беріп, оқушылардан оның қиыншылығын сұрау, емле ережесін айтқызу. Мәселен, қос сөздер жеке беріледі де, мұғалім оқушылардан бұлардың қандай сөз екенін, жазылуына қатысты қандай ереже бар екенін сұрайды.

2. Берілген сөйлем ішінен жаңа өтілген емле объектісін тауып, жазылу емлесін түсіндіріп, мәтінді көшіреді.

3. Оқушылардың өздеріне өтілген емлеге сай мысал таптырып, оларды жаздыру, жазылу ережесін айтқызу.

Ғалым Б.Құлмағанбетова жаттығуларды орындау сипатына қарай:

  1. көру сезімі арқылы;

  2. есту сезімі арқылы орындалатын жаттығулар деп бөледі.

Көру сезімі арқылы орындалатын жаттығуға көшіріп жазу жұмыстары жатады. Есту сезімі арқылы орындалатын жаттығуға негізінде диктантты жатқызуға болады [2.92].

Ал ғалым С.Рахметова жаттығу жұмыстарын үш факторға негіздеп қарастырады [3.131]:

  1. көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу;

  2. есту арқылы;

  3. орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.

Ғалым С.Рахметова: «Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мәселен, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б.» - дей келіп, бастауыш кластарда жазу дағдысын жетілдіре түсетін жаттығулардың негізгі түрлерін көрсетеді. Олар мынадай [3.131]:

Грамматикалық – орфографиялық талдау. Бұл оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың арақатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.

Көшіріп жазу. 1-2 сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте мәтінді көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің астын сызу, сөз табын анықтау, жақшаға көрсету т.с.с. белгіленеді. Балалар көшіру техникасына үйретіледі. Жазғандарын түп нұсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге арналған материал қызықты, түсінікті болуға тиіс. Көшіріп жазудың бірнеше түрі бар: есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру, грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру.

Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Содан соң мұғалім жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Мұны кейде көру диктанты деп те атайды. Бұл, әсіресе, қиын сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Мұндай сөздердің жазылуын есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдер қолданады:

  • зейін қойып, іштерінен және дауыстап оқып шығу;

  • мағынасына көңіл бөлу;

  • буындап оқу және жазу;

  • есте сақтауға қажет сөздің астын сызу;

  • жазғандарын сөздікпен тексеру;

  • бір сөзді екі- үш рет қайта жазу;

  • сол сөзге сөйлем ойлау.

Еркін көшіру. Балалар мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын ұққандары бойынша жазады.

Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру.Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады. Қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқта, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.

Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойланып, анализ-синтез жасау керек. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды.

Оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қалыптастыруға көп көмегін тигізетін әдістердің бірі – диктант. Мәселен оқушылардың білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуде, алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін диктанттарды пайдалану өте тиімді.

Диктантты есту факторына негізделген жаттығу жұмыстарының бірі деп атау керек. Дикто – /латын сөзі/ естіртіп айту. Диктант оқушылардың сауаттылық дәрежесін сынау үшін өткізіледі. Орфографияны, пунктуацияны үйретуде диктант жазғызу оқушылардың тіл пәнінен үйренген білімін іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Диктантта жіберілген қателерді түсіндіріп, талдау және кездескен қателерді оқушылардың өздеріне түзеттіру арқылы сауатты жазуға, қателерін көріп, оларды алдағы уақытта ескере жүруге үйретеміз. Сауаттылық үшін грамматикалық ережелерді білу аз, сол ережелерді орындай білуге дағдыландыру керек.

Бастауыш сыныптарда диктанттың: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, суретті, терме, графикалық, есту, бақылау диктанттары, «өзімді тексеремін» тәрізді түрлері қолданылады. Мақсатына қарай оларды өткізудің де тәсілдері түрлі-түрлі.

Әріп диктанты. Бірінші сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін жүргізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету дауысты дауыссыз дыбыстарды ажырата біруге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады. Мысалы, әріптер салынған қалта ішінен оқушы кез-келген әріпті алады, магнит тақтаға іледі, дауысты, дауыссызын ажыратады. Ол әріпті баспа түрінен жазба түріне айналдырып жазады. Әріп диктантын мына түрде де алуға болады.: мысалы: сырға, асқабақ, құс.

Суретті диктант. Бұл диктантты түрлендіріп өткізуге болады. Мысалы, суреттегі заттың атын ататып, ондағы сөзде неше дыбыс болса, сонша тор көз сыздыру. Немесе суреттегі заттарды атап, дауысты дауыссыз дыбыстарды көк не қызыл дөңгелекпен белгілеу, суреттегі заттардың атауын буынға бөлгізіп жаздыру. Айтып отырып жазу әдісін қолдану.

Сөздік диктанты. Әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты жүргізіледі. Бұл диктант түрін күнде сабақ алдында жаздырып алуға болады. Мысалы, қарындаш, жүзім, көгершін, құлын т.б. Сөздік диктантын күрделендіріп алуға да болады. Бірнеше сөздер жаздырып, осы берілген сөздердің жұрнақ, жалғауын сызба арқылы ажыратып шығады. Бұл жерде сөздік диктанты графикалық диктантпен байланысып тұр.

Буын диктанты. Сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Аула, саңырауқұлақ, аққала.

Есту диктанты күз келді, күн суыта бастады, жапырақтар сарғайып жерге түсті.

Шығармашылық диктанты. Үйрету диктанттар ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейін, өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін, танымдық белсенділігін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау, суреттер бойынша бір тақырыпта сөйлемдер құрау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктер болады. Мысалы:

1. Ауамен, біз, дем, аламыз.

2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.

3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар

4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып

Бұл жерде сөзді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрап жазу керек. Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді өздері де ойлап табады.

Терме диктант. Бұл диктант түрі белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді толық жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мысалы, оқушыларды үш топқа бөліп деңгейлеп тапсырма беру.

І топ: заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазу.

ІІ топ: тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазу.

ІІІ топ: заттың сапасын білдіретін сөздерді теріп жазу.

Өздік диктанты. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөзбен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады. Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктантын қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Мысалы, көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру.

Көктем… Қар… Жер… Жаңбыр… Найзағай… Құстар туған жерге… Арықтарда су…

Көру диктанты немесе есте сақтау диктанты. Мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы диктантқа үйрететін жұмыстардың ең бастысы болып есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын жеке сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады. Диктант мәтіндері үзілісте тақтаға немесе үлкен қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-үш рет оқып шығуына көріп жадында сақталуына 1-2 минут уақыт беріледі. Сондан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан мәтінді есіне түсіріп, дәптерге жазады.

Бақылау диктанты немесе тексеру диктанты. Бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенінің анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бұл диктант белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін өткізіледі. Ол төмендегіше жүргізіледі:

- диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі;

- диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзілісте тақтаға жазып қояды;

- диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алуын ескертеді.

Егер диктант мәтіні жеке сөздермен сөз тіркестерінен немесе байланысты сөздерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім 3 рет қана қайталап оқиды. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отырғанын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен келесі сөйлемді оқиды.

Оқушылар түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.

Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Сонан кейін мағынасы қиын, жазылуы қиын сөздер еске түсіріледі. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі.

Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды. Оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады. Ең бастысы, оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.

Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп те аталады. Бірақ мазмұндамадан сәл оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе-сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады. Алдын ала қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5-6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттап алатындай өте қысқа болмауы керек.

«Өзімді тексеремін» диктанты – диктанттардың жаңа бір түрі. Мұғалім диктант мәтінін оқиды, оқушылар жазады. Олар өздеріне жазылуы қиындық туғызатын сөздердің астын сызып, кейін оларды мұғалімдерінен сұрап алады. Ол үшін мұғалім баға қоймайды. Диктанттың бұл түрі баланың өз бетімен ізденуіне, орфографиялық дағдысының артуына ықпалын тигізеді.

Диктант жұмыстарының барлық түрін магнитофон арқылы да жүргізуге болады. Магнитофон арқылы жүргізілген диктантта оқушылардың зейіні еститін сөзге ғана аударылады.

Білімді жүйелі қабылдау әрқашан белгілі бір икемділік пен дағдыға байланысты. Білім алуға негізделген әрекет қандай да бір икемділіктің, кей жағдайда дағдының болуын қалайды.

Кесте 1.1

Орфографиялық дағдысын қалыптастыру жолдары


Р.с

Орфографиялық жаттығулар

Оқыту әдістері

Дағды түрлері

Орфографиялық жаттығуларды орындау кезеңдері

1

Дыбыстық артикуляцияны дұрыс айтып үйрету, дыбыс таңбасын жаза білу

Байқау,баяндау,

талдау-жинақтау,

салыстыру

Қимыл-

дық,сен-

сорлық

Дағдыны бекітудің алғашқы кезеңі

2

Графикалық диктант

Талдау-жинақтау,

Баяндау

Ой еңбегі,

сенсорлық

Орфограмманы білу кезеңі

3

Сөздік жұмысы

Талдау-жинақтау, кітаппен жұмыс,

Әңгімелеу

Ой еңбегі

Орфограмманы білу кезеңі

4

Оқушыны өздігінен жұмысқа бағыттайтын нұсқау

Салыстыру,баян-дау,байқау

Ой еңбегі

Орфограмманы білу кезеңі

5

Көшіріп жазу(есте ұстау арқылы көшіру,еркін көшіру,грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру)

Кітаппен жұмыс істеу, жаттығу,

салыстыру,бай-қау

Ой еңбегі

Орфограмманы білу кезеңі

6

Қатемен жұмыс

Талдау-жинақтау, салыстыру,баян-дау,жаттығу

Ой еңбегі

Үйрену кезеңі

7

Тірек-сызба

Байқау,баяндау, әңгімелеу,салыс-

тыру

Ой еңбегі

Үйрену кезеңі

8


Диктант (ескерту, шығармашылық, іріктеу, бақылау т.б)

Жаттығу,салыс-

тыру,талдау-жинақтау

Ой еңбегі

Автоматтана бастау кезеңі

9

Тіл дамыту жұмыстары (шығарма, мазмұндама)

Әңгімелеу, баяндау,байқау

Ой еңбегі, сенсорлық

Қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі

Көріп отырғанымыздай, сауатты жазуға үйрету әліппесі 1-сыныптан басталады. Сондықтан оқушы дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуын жете меңгермейінше, ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды. Сондықтан тілдік нормаға 1-сыныптан бастап өз дәрежесінде үйрету қажет.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан экономикалдық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2005.

2. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Білім, 2000.

3. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы:Мектеп, 1975.

4. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 1992.

5. Аханов Т. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Мектеп, 1978



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее