«Осень 2024»

Бастауыш класс сабақтарын оқыту барысын жақсартуда жеті модульді қолдану

Бұл доклад 7 модуль бойынша бастауыш класс оқушыларына тиімді әдісті ұсынуға араналаған

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Баяндамамның тақырыбы "БАСТАУЫШ КЛАСС САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫН ЖАҚСАРТУДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ ҚОЛДАНУ". бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Бүгінгі таңда білім беруде өмірдің өзі жаңа идеялар мен әдістерді талап етеді. Әр мұғалім білім беруде көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ «мұғалім» атты мәртебелі мамандық иесі бұндай қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру бағытында жұмыстанады. Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, шәкірттерімнің өз ойларын еркін және ашық айтып, көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, практикада қолдана білуге үйреткім келеді. Кембридж университетінің «Мұғалімге арналған нұсқаулығын» негізге ала отырып, мен өз сабақтарымда жеті модульді бір-бірімен ықпалдастырып, оқыту барысын жақсартуға тырыстым.
Бастауыш класты оқыту, бұл баланың бастапқы білімінің қалыптасар кезі екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Тақырыпты балаға меңгертуде өзі түсініп оқып, ойын ашық жеткізе алып, пәнге деген қызығушылығы артып, топ арасында ынтымақтастықты сақтай отырып оқытуға үйретуіміз керек. Егер оқу оқушыларды сабақ беру стратегиялары қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың «Сабақта өзімізді еркін ұстадық», «Дүниетану сабағының осылай өткені жақсы екен. Сурет арқылы ойымызды ортаға салдық», «Сабақ өте қызықты өтті. Өзіміз жаңа сабақты аштық», «Маған ұнағаны ролдік ойындарды құрастырғанымыз», «Бір-бірімізге түсіндіргеніміз», «Қар үйіндісі, Стикердегі он сұрақ ойындары ұнады» берген рефлексиялары дәлел болады.
Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, мен жаңа әдістерді сабақта қолдану ретінде сыни тұрғыдан ойлау модуліне көбірек сүйендім.

Ойлаусыз оқу – зая кеткен еңбек” деп Конфуций айтқан болса, «Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістегі тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек» деп Alexander, (2008) айтқан пікірге сүйеніп сабақтарымда осы сөздердің мағынансын ашатындай тапсырмалар беріп, оқушылардың ойлауда теорияны тәжірибемен ұштастырып оқына жағдай жасадым деп білемін.

Сондықтан да, сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың ерекшеліктері тақырыбының төңірегінде сөз қозғасақ. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сыни тұрғыда ойлауға ғалымдар әр түрлі идеалар жазады. Солардың бірі психолог ғалым В.Г. Крутецкий «Ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру», -дейді.

Бұл ойлау түрі «ойлау туралы ойлану» сипатына сай келеді. Сын тұрғысынан ойлау - қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Осындай әрекеттерді оқушы бойына дарытуда сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы зор екендігіне көзіміз жетті. Десек те, сыни тұрғыда ойлауды сабақтарға енгізе отырып, ондағы негізгі идеялардың маңыздылығын анықтап алуымыз керек. Сыни тұрғыда ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (МАН 49 бет.) Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, білімді саналы түрде алу болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауды әдетте білім берудің киінгі кезеңдерімен-орта мектептің жоғарғы сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда СТО негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. (МАН 49 бет)

Сыни тұрғыдан ойлау негізгі төрт модульмен үнемі байланыста жүреді. Олар «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» және «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу». Олардың арасындағы байланысты көрсетуде, тәжірибе кезіндегі тізбектелген төрт сабағымдағы ықпалдастықты айтқым келеді.

Осындай тұрғыда оқыту оқушылардың сыни ойлай отырып жұптасып, топтасып, бір-бірімен, пікір алмасып, өз ойларын жаңа нәрселермен толықтырып отыруына мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеге негізделе отырып жасалған бұл модульдер оқушының өзін еркін ұстауына , дәлелдерін нанымды жеткізуге, ой-көзқарастарын сыни тұрғыдан дамытуға, танымдық қызығушылығы мен ойлау қабілеті жақсы дамыған оқушыны, оның аржағында «Өзіндік пікірі бар жеке тұлға» қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі жаһандану дәуірінде білім беру үдерісін дамыту үшін бұл модульдің ерекше маңыздылығын байқадым. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу, дәлелдеріне сүйену арқылы болашаққа бейім болып келуіне ықпалдасады. Әр түрлі жаңа тәсілдерді бір-бірімен байланыстыру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай алатындай тапсырмалар берсем деген міндет қоя білдім. Осы міндетті негізге алып және МАН-дағы идеяларға сүйеніп оқушыларға тапсырмалар ұсындым. Барлық сабағымда да ең алғаш топқа бөлу сәтінде де сурет қималарын жинастыруда, бағдаршам түстері бойынша, мақал-мәтелдерді құрстырып және стикердегі негізгі түстер бойынша оқушылар сыни ойлаудың алғашқы тапсырмасын орындады. Бұнда олар бұл тапсырманы не үшін алып отырғанымыз жөнінде білу керек болды. Осындай әрекеттен соң оқушылардан күткен нәтижем көрінген соң, оқушылардың сыни ойлай алатынын байқадым. Осылайша балалар топтасып отырған соң, бүгінгі сабақтың тақырыбын өзім айтып, «Біз бүгін мынандай тақырыпты өтеміз» дегеннен гөрі, өздері ашқанын жөн санадым. Алайда, оқушылардың барлығы жаңа сабақтың тақырыбын бірден тауып айтпаса да, жорамалдап, жақындастырып, түрткі сұрақтар беру арқылы жауап бере алды. Бұл жерде белсенділік танытқан С деңгейіндегі оқушылардан гөрі, А, В деңгейіндегі оқушылар болды. Олар, өз ойларын тәжірибемен байланыстырудың нәтижесінде тақырыптың не туралы болатынын айта алды. Мысалы, бірінші сабағымдағы тақырып «Қазақстан-тәуелсіз демократиялық мемлекет» болғандықтан, «Тәуелсіздік» деп аталатын бейнеролик көрсеттім. Бұны оқушылар қарап, әуенін тыңдап, оның еліміздің Тәуелсіздік тарихы екендігі жөнінде өз ойларын айтып, жаңа сабақтың тақырыбын айтып берді. Ал, келесі сабағымда «Жоңғар шапқыншылығына» байланысты «Елім-ай» әнін тыңдаттым, бұл жерде әннің балаларға әсер еткені соншалық А оқушым «жылағым келіп кетті ғо» дейді. Осыдан барып, ол оқушымның жан дүниесінің байлығын байқауға мүмкіндік туды және басқа оқушылар бұл сабақ «Ақтабан шұбырынды», «қазақтардың басына түскен іс», «соғыс», т.б. деген жауаптарды айтып бірін-бірі толықтырып жатты. Сабақтың нақты тақырыбын кітапқа қарап айтуға да болар еді, бірақ ешқайсысы олай істемеді. Олар, керісінше өз ойларымен, тжірибеге байланыстырып айтуға тырысты. Содан кейінгі сабағымда Ұлы Отан соғысына байланысты мектепте жасақталған бұрышты негізге алу барысында ашқан болатынмын. Онда да оқушылар өмірмен байланыстыру барысында жақсы жауап берді. Біреулері «соғыстан қалған бас киім бар, оны еңбек пәнінің мұғалімі тауып алған», «Аулымыздың сыртындағы алаңнан соғыс кезіндегі қару қалдықтарын табуға болады», «М. Маметованың пулеметі тұр, ол біздің облысымыздікі», «Ауылымыздағы соғыс ардагерлерінің суреттері қойылған, олар біздің ауылды қорғаған», «Стелла жасалынып, мәңгілік алау бейнесі жасалған, бұл еске алу үшін», «Оларды ұмытпауымыз керек» деген өз ойларын айтумен болды. Сонымен оқушылар жалпы бүгінгі сабақ не туралы болатынынан хабардар болды. Содан, төртінші сабақта оқушыларға өздеріне қосымша «Заң бұзушылыққа байланысты көрініс қойып видеоға түсіріңдер» деген тапсырма берген едім. Оқушылар бұл тапсырманы өте жақсы орындап келген. Олар видеоға көрініс дайындап, бір-бірін рөлге бөліп, соны өздерінше фильм етіп айындап алып келіпті. Соны сабақтың басында көрсетіп, балалардың түсірген подкастың неліктен заңбұзушылықты осы түрін таңдап алғандығын сұрағанымда, оқушылар «өйткені, біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды», «иесіне қайтару керек», «көшеде тәртіпті болу керек», ал біреулері болса «бүгін біз осы тақырыпты өтеміз» деді. Осылайша сабақтарымның бастамасынан сыни ойлауға үйрететін тапсырмалар бергенімде балалар өздерінің ойлау қабілеттерінің жоғары екендігін көрсетті. Тіпті, мен күткен жауаптан да зор жауаптар айтты. Келесі сабақтарымда сыни ойлуға бағытталған тапсырмалар беруде, «Елім-ай» әуенін тыңдатып «Бұл әннің шығуына не себеп болды деп ойлайсың?» деген сұрақ әзірлеп қойғанымда, оқушылар жауаптары бірін-бірі толықтырып жатқандығын көріп, алдағы сабақтарымда да кездескен сәтсіздікті осылай жеңу керектігін білдім. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету -шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес. Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Блум таксаномиясы бойынша құрылған сабақтың негізгі бөлімінде «Ойлан, жұптас, бөліс», «Сұрақтар шеңбері», «Топтастыру», «Рөлдік ойындар» арқылы тапсырмаларды орындады. Бұл тапсырмалардың ішінде балаларға ұнағаны «Рөлдік ойындар». Онда олар тәжірибеде кездесіп жүретін оқиға желісі бойынша, көріністер дайындады. Ал, бірінші сабақта тақырыпты оқып, үш топта талдап, постер қорғады. Бірінші топ өз шығармашылықтары мен сыни ойлауларын ортаға салып, «Еліміздің 15 республиканың құрамында болғанын, тәуелсіздік алған жылдарды, жеріміздің байлығын» өз сөздерімен, топ мүшелері белсенділік танытып жеткізе білді. Ал, екінші топ талдаған тақырып «Қазақстанның жер көлемі» болды. Осы топта бақылаудағы А оқушым бар еді. Сыни ойлаулары мен тақырыпты жақсы түсінгендерін Қазақстанның жер көлемінің кішірейтілген бейнесін салып, оны бағыттар бойынша бөліп, қанша километрге созылатының көрсетіп және де шекаралас мемлекеттердің атауларын жазып, тақтада талдап жеткізгенінен білдім. Оқушылардың өзіндік пікірі бар, жүйелі жұмыстана алатынын байқадым. Келесі топқа берілген тапсырма мәтіндегі соңғы абзацтарды оқып, постер дайындауға берілген еді. Бұл оқушылар дәлелдерге сүйеніп, қосымша мәлімет арқылы, ел басқару жүйесін жасаған кезде «Елімізді ертегі әлемі» деп алып, ел басқару жүйесінде Президентті, ондағы парламентті, сенат пен мәжілісті салғандары өте жақсы ұнады. Бірақ, бұл топтың оқушылары өз ойларын толық жеткізе алмады. Бұл топтағы қыз баланың отбасы орыс тілді болғаннан соң тілге шорқақтау. Ол керемет ойлар айта алады, десек те өз ойын айтар кезде қиналып кетеді. Сонымен қатар, осы топтағы екі ер бала басқа оқушылар оған бағалап қарайды деп ойлап, өз ойын жинақтай алмай қалды. Сол кезде «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы сыни ойлауларын бағалауда, екінші топтағы А оқушысы «Сенат дегенімізді дұрыстап түсіндіріп жібересіздер ме?» деген сұрақ қойды. Осы кезде оқушылар бұл сұраққа жауап бере алмай қиналып қалды. Олар тек «парламент мәжіліс пен сенатқа бөлінеді» десе, екіншісі «олар депутаттар» деген жауапты ғана айта алды. Бұл жерде тақта алдында сыни ойлап, өз ойларын айтуда мазасыздық туғызған мәселе, бұған дейінгі уақытта оқушылардың бұл сөз туралы түсінігі, интерпретация жасау дағдысының әлсіздігі деп білемін. Бұған кедергі болған біздің де сыни ойлай алмауларымыз. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар деңгейлеріне байланысты дәлелдерді жинақтап, топтастыруға, дереккөздерді бағалап, соларға сәйкес сұрақтар қоюға, салыстырып, талқылауға және болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарау секілді дағдылар қалыптаса бастады. Келесі сабағымда оқушылар «Шеңбердегі сұрақтар» деп аталатын әдіс арқылы, мәтінді оқып, түсінгендерін ортаға салды. Бұл сабағым алғашқы сабаққа қарағанда таңдап алған әдісімді дұрыс қолдана алмағанымның себебінен, сәтсіздікке ұшырадым деп ойлаймын. Бұнда балаларды бір шеңбердің бойына жинап, сұрақтар қойғанымда сұрақтың көбін өзім қойғанымды байқадым. Балалардан тек жауаптар алдым. Бұл жіберген қателігімді келесі сабақта болдырмас үшін, оқушыларға үшінші сабақта «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» деп аталатын тақырыпта топтастыру секілді әдісті таңдап алдым. Бұл әдіс балалар арасында диалог орнатуда керемет тәсіл болды. Оқушылар бір-бірінің пікіріне келіспей, «Жоқ, олай емес.», «Меніңше бірінші бейбіт өмірді бейнелейтін суреттерді қоялық» т.б. ойларын айтумен болды. Үш топқа бірдей суреттер берілген болатын. Олар ұқсамайтын суреттерді салыстырып, сурет арасындағы уақыт кезеңдерін талдап, қорытындылап, интерпретациялай алды. Үшінші сабақта оқушылар мәтінді оқып, сол Заңдардың не үшін, қандай қажеттілігі бар екендігін айтуда, «ролдік ойындар» әдісін қолданып көрдім. Сабақта оқушылар екі топқа бөлінгенмен бірдей «Ұрлық» тақырыбы берілген болатын. Сыни тұрғыда ойлауға дағдыланған балалар өз сценарилерін құрып, рөлдерге бөлініп, артистік қабілеттерін іске қосты. Олар күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, көрініс әзірледі. Осы тұста оқушылардың бойында сыни ойлауы дағдысының қалыптасқанын көрдім. Бұл мен үшін де оқушылар үшін де үлкен жетістік болды. Балалар осы әрекеттен кейін балаларға екінші сабағымда визуалды айғақтар арқылы суреттер көрсетіп, оқушылардың, сурет бойынша не ойлайтының сұрадым. Мысалы,

Мұғалім: Мына жолбарыстың суретіне қарап не ойлайсыздар?

Оқушылар: Жолбарыс аңшылыққа шықты.

  • Жолбарыс қазақ даласындағы батырларымыз секілді.

  • Аңшылардан тығылып жатыр

  • Ұлытаудың қасында жаулардан қорғап жатыр

Келесі сурет дуылғаны көрсетіп «Бұл туралы не айтуға болады» деген болатынмын, сол кезде оқушылардан «батырлардың бас киімі», «Абылай ханның бас киімі», «Әр сарбаздың арманы», т.б. жауаптар айтылып жатты осы жерде де «ең тамаша жауап кімнің жауабы деп ойлайсыңдар?» деген сұрақты бірінің жауаптарын тыңдап отыр ма, жоқ па білу мақсатында қойғанымда, оқушылар А оқушымның «жолбарыс қазақ даласындағы батырларымыз секілді»деген жауабын таңдады. Осылайша суреттерді көрсете отырып оқушылардың терең ойлата алатынымды білдім. Осы сабақтарды қорытуда « балалар, біз өз Отанымызды не үшін сүйеміз және мақтан тұтамыз?», «Біздің батырларымыздың ерліктері неліктен ұмыт болмайды деп ойлайсыңдар?», «Бейбітшілікке шақыратын керемет сөздер жазып көріңіздерді» деген тапсырмалар ұсындым. Осы тапсырмадағы оқушылар белсенділігі жақсы болды. Тек өзім жетелейтін сұрақтар қойып отыруыма байланысты кей оқушылардан жауаптар ала алдым. Жалпы оқушыларды осы төрт сабағымда сыни тұрғыда белсенді ойлауға, бір-бірімен диалогке түсе отырып, тамаша жауаптар алуға, жауаптарын бағалауға дағдыландырдым деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін жасаған әрекеттер барысында  қиындықтар да кездесті. Оларды мен әр сабақтан кейінгі өзімнің рефлективті есептерімді жаза отырып, келесі іс-әрекеттерімді жоспарлау арқылы шешіп отырдым. Менің түйгенім сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін , болашақта мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  • Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  • Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдай білу керек.

  • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдау.

  • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

  • Оқушылардың бір – бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

  • Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

Мен осы мәселе туралы не ойлаймын? Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе? Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? Маған бұл ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті  деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Алдағы уақыттағы СТО сабағымда дұрыс қолдануға МАН идеяларды түсініп оқып, оқушыларым сыни ойлап, алдарында кездескен кез-келген сыни ойлауға бағытталған тапсырманы орындай алатындай болуға үйретемін. Және де өзім сыни ойлауға берілген тапсырмалар мен ақпараттарды кеңінен пайдалана отырып жаттығамын. Және де мектептегі ӘБ кеңесінде СТО алдағы оқу жылында 1 кластан бастап қалай қолдануға болатындығы жөнінде әріптестермен кеңес құрып, көмекші құрал дайындауды жоспарладым.

Мен өз ойымды Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларымен қорытындылағым келеді.







Әдебиеттер тізімі:
[1] Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей// НИШ. Кембридж университеті. Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2012.


[2] ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //

Білім - Образование - 2006,















































Новеньков орта жалпы білім беретін мектебі










"БАСТАУЫШ КЛАСС САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫН ЖАҚСАРТУДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ ҚОЛДАНУ"

(тамыз маслихатында оқылған баяндама)




Бастауыш класс мұғалімі

Тулепкалиева Л.Ш.






2014 ж





ІІ нұсқа



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее