Сабақ тақырыбы | Жақшасы бар өрнектердегі амалдар реті | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажыратады
Көптеген оқушылар: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтай алады, дыбыстарды біріктіріп, ауызша қосып оқи алады ,
Кейбір оқушылар: оқу құралдарын ажыратып ала алады | ||||||
Бағалау критерийлері | 1.Өлеңді мұқият тыңдайды, не туралы айтылғанын ажыратады 2.Заттардың атын атай алады, дыбыстарды біріктіріп, ауызша қосып оқи алады 3. болжау арқылы оқу құралдарын ажыратады, оларды жинақтайды | ||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу – білімге деген құштарлығын ояту, баулу | ||||||
Пәнаралық байланыс | денешынықтыру | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио жазбадан өлеңді тыңдату, интербелсенді тақатада тапсырма орындату | ||||||
Бастапқы білім | Оқу құраладрының не екенін біледі және оларды таниды | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 минут | 1.«Алдын ала берілген атаулар» әдісімен сабақ тақырыбын ашу. Мақсаты : Интербелсенді тақтада сызғыш,сурет дәптер,әліппе, қалам, сөмкенің суреті көрсетіледі.Оқушылар суреттерге қарап олардың оқумен байланысты екенін, оқу құралдары екенін айтуы тиіс Сұрақ: - Балалар, суретте нелер бейнеленеген, олар не үшін қажет? Жауап нұсқасы: Олар оқу үшін қажет Мұғалім: Яғни,біз бүгін оқу құралдарымен танысады екенбіз. | Инетербелсенді тақта, суреттер | |||||
Сабақ ортасы 5 минут | Тыңдалым Аудио жазбадан өлең қойылады. Сауатыңды ашатын Кітап – білім бұлағы. Нұрын бізге шашатын Ол – өмірдің шырағы Сұрақ: Өлең не туралы? Сауатыңды ашатын қай кітап? Бірнеше жауап нұсқалары тыңдалады. | Аудио жазба | |||||
Дескриптор | Мұқият тыңдайды Өлеңнің не туралы екенін біледі Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап береді |
| |||||
3 минут | «Ойлан,тап» ойыны Мақсаты :Суретте бейнеленген зат атауларының алғашқы дыбыстарын біріктіріп оқулық атауын табу. Сағат , алама, уық, алмұрт, тарақ, арыстан, шана, уық |
| |||||
Дескриптор | Суреттегі заттардың атауларын біледі Олардың алғашқы дыбысын ажыратады Дыбыстарды біріктіріп, сөз құрастыра алады |
| |||||
3 минут | Модельденген оқу Есіңе сақта! Айналамыздағылардың бәрінің атауы бар. Оны бір-бірімізге сөз арқылы жеткіземіз. Жазуға үйренгенше сөздің сызбасын пайдаланамыз: Яғни, осы белгіні көргенде оны сөз деп ұғынамыз. Мысалдар келтіріледі |
| |||||
9 минут | Дәптермен жұмыс:
| Жұмыс дәптері | |||||
5 минут | Айтылым «Сиқырлы сандықша » ойыны (болжау бойынша) Мақсаты : Бала көзі жұмулы күйде сандықшадан бір затты алады, оны сипап- сезу арқылы атын атайды. Заттар : кітап, дәптер, қаламсап, өшіргіш, алама, машина, жұмсақ аю. | Сандықша, әр түрлі заттар | |||||
5 минут | «Үш табан» ойыны Мақсаты: Бірнеше оқушы тақтаға шығады. Сөмкелеріндегі заттар стол үстіне қойылады. Арасына басқа заттар араластырамын. Ол заттар үш топқа бөлініп қойылады. Бөлінген заттар 3 жерге топтастырылады. Оқушының міндеті: Әр қадам аттаған сайын сол топтастырылған заттардың арасынан оқу құралын тауып алып сөмкеге жинақтау. Ең көп оқу құралын жинаған оқушы «жеңімпаз» болып танылады. Ескерту: заттрады алдын ала дайындап қоюға болады. | Оқу құралдары, әр түрлі заттар, табан суреті | |||||
Дескриптор | Сипап – сезу арқылы затты таниды Оның атауын атай алады Оқу құралын таниды. Шапшаң қимылдап, оны ажыратып алады. Оқу құралын көптеп жинайды |
| |||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс «Блоб ағашы» Оқушы өзінің бүгінгі сабақтағы алған біліміне қарай қай деңгейде екенін анықтап, сол деңгейдегі адам бейнесін бояйды | Блоб ағашы | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Барлық : тыңдалым: аудио жазбадан өлең тыңдау Көптеген :«Ойлан тап» ойыны Кейбір: «Сиқырлы сандықша » ойыны (болжау бойынша); «Үш табан» ойыны | ОҮБжОҮБ | Қаламсапты абайлап ұста. Үшкір заттарды ұқыптап пайдалан
| |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 24 |
|
|