КЕЛІСЕМІН ................................................................. ................................................................. әдістемелік кабинет меңгерушісі ___________________ аты-жөні «____»______________ 2025 жыл
| БЕКІТЕМІН С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің директоры Рахметов А.Б. _________________ «28» наурыз 2025 жыл
|
Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату бағдарламасы
Автордың аты-жөні | Смайлов Мақсатбек Әбдіуайтұлы |
Ауданы, мектебі | Қызылорда қаласы С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейі |
Пәні немесе қызметі | Дене шынықтыру пәні мұғалімі |
Санаты | Педагог-зерттеуші |
Тақырыбы | Дене шынықтыру сабағында қолданылатын - қозғалмалы ойындар |
Түрі (бағдарлама немесе әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыныс, жинақ т.б) | Авторлық бағдарлама |
Тәжірибені тарату нысаны (семинар, шеберлік сабағы, конференция, шығармашылық шеберхана, тренинг т.б) | Конференция |
Мақсатты аудиториясы | Мектеп педагогтері |
Өткізу жоспары / План проведения
Бөлінген уақыт Время | Кезеңдері Этапы | Мазмұны Содержание | Демонстрация |
| Кіріспе бөлімі
| Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына дене шынықтыру пәніне қосымша оқу курсы ретінде ұсынылады. Бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және оқушылардың жалпыеңбектік білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды. «Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» авторлық бағдарламасын оқу барысында оқушылар өздерінің спортқа деген қызығушылықтарының қалыптасуына жағдай жасай отырып, денсаулық сақтаудың мәні мен мазмұнын оқып – үйренеді. Аталған курсты оқу арқылы жас ұрпақтың бойында денсаулығын нығайтуға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек, жобалай және жоспарлай білу, жаңа технологияны игеру, жауапты шешімдерді қабылдау және тәуекелге бару заман ағысы, уақыт талабы. Курсты оқу барысында экономикалық білімге көп көңіл бөлінеді. Президенттің егеменді және жан-жақты дамыған мемлекетті қалыптастырудағы рөлін оқып – үйренуге ерекше маңыз берілген. | Таныстырылым
|
| Түсіндіру бөлімі
| «Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» тақырыбындағы авторлық бағдарламаның мақсаты: Oқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, дене шынықтыруды қызықты әрі тиімді түрде ұйымдастыру арқылы олардың денсаулығын нығайту. Сонымен қатар, қозғалмалы ойындар арқылы балалардың үйлесімді дамуын, командалық жұмыс дағдыларын, шыдамдылықты, координация мен жылдамдықты дамыту көзделеді. Бағдарлама оқушылардың денсаулықтарын жақсартып қана қоймай, оларды дұрыс өмір салтына тәрбиелеуге бағытталған. «Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» авторлық бағдарламаның міндеттері: - Физикалық дағдыларды дамыту: Оқушылардың дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалмалы ойындар арқылы күш, жылдамдық, төзімділік, үйлесімділік секілді физикалық дағдыларын дамыту. - Командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру: Балалардың топтық ойындарда бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту, өзара қарым-қатынас, командалық рух және жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. - Денсаулықты нығайту: Қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтына баулу. - Ойынның мәнін түсіндіру: Қозғалмалы ойындардың тек физикалық емес, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік даму үшін де маңызды екенін түсіндіру. - Қозғалыс және қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру: Оқушылардың дене әрекеттерін тиімді орындауға және дұрыс техниканы меңгеруге көмектесу. - Қызығушылықты арттыру: Оқушылардың дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қозғалмалы ойындар мен жаттығуларды пайдалану. - Шығармашылық пен белсенділікті дамыту: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру, жаңа ойындар мен әдістерді игеру арқылы олардың белсенділігін ынталандыру. Бұл әдістемелік нұсқау «Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» таңдау курсының бағдарламасына сай мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр. Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада жан-жақты сабақ жоспарлары, дәстүрден тыс сабақ үлгілері берілді. Сарамандық жұмыстарды орындау барысында мұғалім де, оқушы да өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алады. Тәжірибелі және шығармашылықты жұмыс істейтін мұғалімдер әдістемелік нұсқаудан сабақ барысында жаңа идеялар табатыны сөзсіз. Бағдарламаға сай берілген материалдарды әрбір мұғалім өз мүмкіншіліктеріне қарай өзгерте алады. ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл және денсаулығы мықты тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс. Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнатқан) бөлшекті шектелуі мүмкін. Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады. Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар. | Таныстырылым Презентация |
| Тәжірибелік бөлім
| Қозғалмалы ойын ұжымдық сипатқа ие. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Бұл үшін өте қысқа мерзім ішінде қоршаған орта жағдайын бағалап, дұрыс әрекетті таңдап алып және оны орындау қажет. Осылайша қозғалмалы ойындар өзіндік тануға жол ашады. Осыған қоса, ойыны бар сабақтар координацияланған, үнемді және келісімді қозғалыстарды шығарады; ойыншылар жұмыстың қажетті темпі мен ритіміне тез кіру іскерлігін меңгереді, өмірде өте маңызды қажетті күш салу мен тұрақтылық көрсете отырып әртүрлі қозғалыс тапсырмаларын тез әрі епті орындайды.Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплесте шешу қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалмалы ойын балалар мен жасөспірімдердін жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Білім алушылар ұлттық ойын түрі ретінде асық ату ойынын меңгереді; Үйірме мүшелері асық ату ойынына машықтанады, мол тәжірибе жинайды; Ойын барысында дарынды оқушылар іріктеледі; Ойыншылар тәжірибе жинақтайды; Дарынды оқушылар іріктеледі; Осы ойын әдістерін үйрету арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасады. ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Мұғалімдер оқу барысын ұйымдасты-руда төмендегі пәнаралық байланыс міндеттеріне арнайы көңіл бөлулері тиіс. «Қазақ тілі»: оқытуды ұйымдастыру барысында оқушының жалпы және арнайы сөздік қорын байыту, ой- өрісін кеңейту және өз ойын нақты, толық жеткізе алу қабілетін дамыту; ұлттық мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру. «Математика»: асық ату ойынын ойнау барысында логикалық ойлауды дамыту. «Тарих»: ұлттық ойындардың тарихын зерттеу және тарихи қажеттілігін негіздеу біліктілігін қалыптастыру. «Бейнелеу өнері»: асық ату ойынын ойнау барысында графикалық суреттерді салу техникасын қалыптастыру, дамыту. «Дене шынықтыру»: Ойын ойнау барысында қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік шыдамдылыққа тәрбиелеу.
|
|
| Кері байланыс
|
|
|