Қысқа мерзімді жоспар |
| |||||||
САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті | Мектеп: № 16 орта мектеп Қостанай қ. | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сактаганова Ж.Х. | |||||||
Сынып: 8 Б,В | Қатысқан: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Арал теңізі | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.4.5.1 - тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер) | |||||||
Сабақтың мақсаттары | бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесін білу, қолдану | |||||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннен бірге жазылатын сөздерді таба алады; Мәтінненбөлек жазылатын сөздерді таба алады; - Арал теңізі туралы білімдері толығады. Сұрақтарды талқылауға қатыса алады, бір – бірін тыңдай біледі; Жалпы ой – өрісі дамып, сабақтың тәрбиелік мәні ұлғаяды. Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Тірек сөздер: Арал теңізі Теңіз түбі Көлқора Бозбие Тау-тау үйілген балық Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы» бөлімі бойынша қалыптасқан дағдылары мен білімдері | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||
Сабақтың басы
5 минут
| Сабақты ұйымдастыру Мұғалім сабақтың т(ақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. Оқушыларды санау арқылы үш топқа бөледі. |
| ||||||
Жаңа сөздер Сабақтың ортасы 5 минут
15 минут
| Ағын – течение, ауызсу – питьевая вода, бөгет – дамба, емдік – лечебный, қойма – склад, лайлану – помутнеть Сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов Өмір сүрген жылдары: 1924 Туған жері: Қызылорда облысы Арал ауданы, Үшкөң жерде дүниеге келген. Тұңғыш шығармасы – «Курляндия» романы «Қан мен тер» трилогиясы : «Ымырт», 2-кітап – «Сергелдең», 3-кітап – «Күйреу» Жазылым тапсырмасы Оқушылар топта 2-қосымшада берілгенмәтінді оқиды.Әр топ өздеріне берілген шарт бойынша тапсырманы орындайды. 1-топтың тапсырмасы. Мәтіннен күрделі атауларды тауып, олардың жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз. - Міне, мынау –Арал теңізі. - Ғажап! Өзі қандай көк! - Дүние жүзіндегі таза теңіздің бірі дейді. - Иә, Эгей теңізінен кейінгі таза теңіз осы көрінеді ғой. Дескриптор: - бөлек жазылатын сөздерді табады; - жазылу ерекшелігін түсіндіреді. 2-топтың тапсырмасы.Мәтіннен біріккен сөздерді ажыратып, олардың жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз. Әуелі бұлар Көлқораның, онан бекіре, қаяз жүретін дәмелі қайырым еді деп Бозбиенің тұсын сүзді. Балық аз түсіпті, әрі тайызға салған аудың арқалығы мұзға жабысып қалыпты. Еламан он шақты қылыш балықты кендір жіпке сағалығынан тізіп алған. Шәугім бас сары сазанды қапқа салды. Бүгін, әсіресе, түске қарай күн қатты жылып, тоң балықтар су бетіне қалқып шықты. Сөйтіп жүргенде Қаражардың астындағы қайырымнан балыққа қарық болды. Түс ауа әлсіз мұздың әр жерінен жарық шығып, бұлардың көп балығы теңізге кетті.(Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») Дескриптор: - бірге жазылатын сөздерді табады; - жазылу ерекшелігін түсіндіреді. Жазылымнан кейінгі тапсырма «ИӘ» «ЖОҚ» Дұрыс жауапқа «ИӘ» деп, бұрыс жауапқа «ЖОҚ» деп жауап беру керек. 1) қос сөздер сызықша арқылы жазылады (ЖОҚ) 2) біріккен сөздер бірге жазылады (ИӘ) 3) күрделі атаулар бірге жазылады (ЖОҚ) 4) «Қан мен тер» романында Арал теңізінің балықшылары туралы баяндалады (ИӘ) 5) дефис арқылы жазылатын - қос сөздер (ИӘ) | http://kitap.kz/reader/qan_men_ter_i_kitap
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан үзінді
| ||||||
Сабақтың соңы
10 минут
| Кері байланыс Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді: Мына ... топтағы оқушылардың бөлек жазылатын сөздер туралы жауаптары толық болды. Мына ... топтағы оқушыларға әлі де ережені оқу керек. - Мына топтағы оқушылар мәтіннен біріккен сөздердің емлесі бойынша нақты жауап берді. Бағалау критерийлеріне сүйене отырып оқушылар өзіндік бағалау жасайды. Рефлексия мен білемін; - мен түсінемін; - мен жаза аламын. |
| ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс | ||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
| ||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті | Мектеп: №16 орта мектеп Қостанай қ. | |||||||||||||||||||||||||
Күні: 09.01-10.01 | Мұғалімнің аты-жөні: сактаганова Ж.Х. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда. Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады ?» | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» Сауда мен көмек | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мəселе бойынша өз ойын дəлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе); | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Лексикалық құрылымдарды қолдана отыра аргументативті эссе жазады | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мақал-мәтелдер мен кілтті сөздерді орынды қолдана отыра аргументативті эссе жазады. | |||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар | Берілген сөздерді мәтіннен тауып мағынасын түсіндіреді Тақырыпты ашатын аргументтер келтіреді Аргументтерін мысалдармен дәлелдейді Мақал-мәтелдерді дұрыс қолданады Кілтті сөздерді орынды қолданады | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара сыйластыққа үйренеді. Бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеу Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет | |||||||||||||||||||||||||
АКТ дағдылары | Интерактивті тақта қолданылады | |||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | - | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Оқушылар: ата заң тақырыбында оқушылар өз көзқарастарын білдіреді. Пән лексикасы және терминология: Əмбебап дүкен, Сауда үйі, азық-түлік, кеңсе заттары, ыдыс-аяқ, керек, қажет . Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша, меніңше, сізбен келісемін, бірақ ... | |||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар тақтадағы суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Оқу мақсаттарымен танысады.
| Слайд 1-4 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 мин 5 мин 17 мин
| Жазылым алды тапсырма. Мәтіннен берілген сөздерді тауып, мағынасын төменде берілген кестеге толтырыңыз. Дүние қалай етсең табылады? Ы.Алтынсарин Француз жұртының бір білімді адамы жазады: — 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, əр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда əрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, əдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты: — Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің жəне жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, əуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң əуелі аздап, бара-бара кебірек, əр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты жəне еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі əйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды. 1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда əлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты: — Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? Сонда ойыма түсіп, таң қалып: — Сен Антонбысын? — дедім. — Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.
Мұғалімнің кері байланысы. (Сөздердің мағынасы сыныпта мұғаліммен бірге талқыланады) Жазылым тапсырмасы. Берілген тақырыпта эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында берілген сөздер мен мақал-мәтелдерді қолдануға тырысыңыз. Еңбекқорлық табысқа жеткізеді деген пікірмен келісесіз бе? Кілтті сөздер: қайыр сұрау, шүберек, тіленші, еріншектік, аштық, машақаттану, бұйыру, ісіне нық болу Мақал-мәтелдер: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек еткен - мұратқа жеткен. Дескрипторлар. Тақырыпты ашатын аргументтер келтіреді Аргументтерін мысалдармен дәлелдейді Мақал-мәтелдерді дұрыс қолданады Кілтті сөздерді орынды қолданады Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі арқылы бірнеше оқушы өз жұмыстарын оқиды. «f» бағалау. «Сэндвич» әдісі арқылы бағаланады. Ұтымды тұсы / Ұсыныс / Ұтымды тұсы
| Таратпа материалдар Таратпа материалдар Таратпа материалдар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс. Берілген суреттен оқушылар өздерінің сабақта жеткен жетістігі бойынша, ағаштың қай жерінде отырғандығын белгілеп бояйды. Себебін түсіндіреді.
Үйге тапсырма:Жаңа сөздерді жаттау. | | ||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс | ||||||||||||||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, жұптық жұмыс. Топта бірлесіп оқыту.
| Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады. | Пәнаралық байланыс – әдебиет | ||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: | Мектеп: №16 орта мектеп | ||||||||||||||
Күні: 09.01-10.01 | Мұғалімнің аты-жөні:Сактаганова Ж.Х. | ||||||||||||||
Сынып: 9 А,Б,В | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жаһандану және ЕКСПО | ||||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары | 9.3.6.1. мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға береу (оқылым) | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлықоқушыларорындайалады:«ЭКСПО-2017- Қазақстан болашағы»мәтінінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға бере алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып талқылайды Кейбір оқушылар орындай алады:мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып, өз нұсқасын ұсынады, пікірін білдіреді | ||||||||||||||
Бағалау критерийі | - мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстырады; - сыни тұрғыда баға береді. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | 1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана. Патриоттық тәрбие беру | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | География | ||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ізденіп келу | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал туғызу «Шаттық шеңбері» (оқушылар бір-біріне тілек айтады, сәттілік тілейді) Мақсаты: оқушылар көңіл күйлерін көтеріп, сабаққа деген қызығушылығын оятады. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Мозайка» әдісін қолданамын. Мозайкадан шыққан сурет арқылы оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды және топқа бөлінеді. Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін айтып өтемін. | | |||||||||||||
| Жаңа сабақ Балалар, «ЭКСПО-2017» көрмесі өнертапқыштар әлемге Қазақстанды таныту үшін түрлі ұсыныстар, жобалар ұсынылуда. Мысалы, газбен жүретін такси қызметін көрсету әрі арзан, әрі экономикалық жағынан тиімді. Күн энергиясы арқылы электр энергиясын алу және т.б. - Ал, балалар, сендер де өз ойларыңды, ұсыныстарыңды айтыңдар. Ол үшін мына бейнебаянға назар аударамыз. «Қазақстан – әлем және Еуразия картасында» Түртіп алу стратегиясы Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. • ) Оқылым. Тыңдалым. Айтылым.Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. Мәтіндермен жұмыс. Әр топ өз мәтіндерін оқып, аудармашылар қызметіне жүгііп, о. тіліне аудару. А)Эйфель мұнарасы ЭКСПО -1889 жылғы Бастилияны алудың жүз жылдығына арналып өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. “Темір ханым” деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара париждің символы. Ә)Шанхай қаласы – ЭКСПО 2010 "Жақсы қала - жақсы өмір". 2010 жылдың 1 мамыр мен 31 қазан аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. Көрме тақырыбы “Жақсы қала-жақсы өмір”. Көрменің жалпы ауданы – 5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 миллион адам қатысқан екен. Ұйымдастырушыларға 12 млрд.доллар пайда әкелінді.Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты. Б) Монреаль қаласы ЭКСПО -1967 жыл 1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер. Франция Жак-Ив-Кусто экспедицияларының олжаларын қалың жұртшылыққа көрсетсе, Кеңес Одағы Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласын әкелді. 1967 жылғы АҚШ Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. “Адамдар планетасы” тақырыбындағы көрмеге 50 миллионнан астам адам келген. Салыстырып көрелік: сол жылдары Канаданың халқы небәрі 2 млн болатын. Мәтінмен жұмыс Мәтінді мәнерлеп оқу. Жұпта, топта талқылайды. «Үш қадамды сұхбат» «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы оқушылар "Қазақстан әлем картасында" мәтінін түсініп оқиды (2 мин). Оқып болған соң, әр топтан тілші, ғалым, хатшы шығады. Тілші мәтінге қатысты сұрақтар қояды. Ғалым жауап береді. Хатшы жазып шығып, соңыңда қорытындылайды. ІІІ.Жобаларды жүзеге асыру, талдау «Қалам үстел ортасында» әдісі (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң қаламдарын партаның ортасына қояды екі топтан екі оқушыдан шығып, өздеріне ұнаған қаламдарын алады. Сол қалам иесінің орындаған тапсырмасы оқылады). Оқушылар берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін теріп жазып, н байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай талдайды. І топ Қазақстан жер көлемі бойынша ... Қазақстанның климаты айтарлықтай ... ІІ топ Еліміздің ең басты байлығы – ... Табиғи ресурстарды тиімді ... ІV. Халқымыздың құндылық
Жұптық жұмыс 1-тапсырма. ТЖ. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, ғаламдық мәселемен салыстырады. 3 мысал келтіріп, сыни тұрғыда баға береді. Белсенді әдіс «Кубизм» әдісі арқылы жүзеге асады Дескриптор: мәтінде көтерілген мәселені анықтайды; ғаламдық мәселемен салыстырады; 3 мысал келтіріп, сыни тұрғыда баға береді ҚБ:бағалау парақшасы арқылы жүзеге асады, топбасшы бағалайды «Екі жұлдыз, бір тілек» ынталандыру үшін айтамын 2-тапсырма ЖЖ. Мәтінде көтерілген мәселемен ғаламдық мәселенің тиімділігін салыстырып, талқылайды. Белсенді әдіс:«Венн диаграммасы» графикалық органайзер. Дескриптор: -мәтінде көтерілген мәселенің тиімділігін табады; -ғаламдық мәселемен салыстырып талқылайды. ҚБ: бағалау парақшасы арқылы жүзеге асады, бір-бірін бағалайды. (Оқушыларды ынталандару үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» ) 3- тапсырма Ж. «ЭКСПО-2017- Қазақстан болашағы» тақырыбында өз ойларыңды мысал келтіріп, дәлелдеп, қорытындылап айтады. Белсенді әдіс: «ПОПС» формуласы арқылы жүзеге асады Дескриптор: өз ойларына мысал келтіреді; дәлелдейді; қорытындылап айтады; ҚБ: бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалайды.
| | |||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «Стикердегі диалог» | | |||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Балықшылар өмірі | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушыларға көркем әдеби шығарманың үзіндісін оқыту арқылы сөздік қорын арттыру. Синоним сөздерді еске түсіру, сөйлемде қолдану. Оқушыларды Әбдіжәміл Нүрпейісовтіңөмір жолымен таныстырып, «Балықшылар» еңбегінің мазмұнын меңгерту. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Қосымша ақпарат көздерінен ақпараттарды алады; ақпараттарды тілдесімде қолданады; мәтінге өзгерістер енгізеді; ерекшеліктерін бақылайды. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тірек сөздер: балықшылар ауылы, теңіз, ауа-райы, кедейлік пен жоқшылық, қиын тұрмыстық жағдай. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: асын ішкелі жатыр екен, арпалысып, шаршаған, тыңдады, бір кезде, кедейлік, қажырлы, күні ұзағына, кеудесіне, тыныш жатқан, болжады. | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы» бөлімі бойынша қалыптасқан дағдылары мен білімдері | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
7 минут
| Қызығушылықты ояту.
Оқушылар мақалдардың сыңарын табады, мағынасын ашады. Мақалдар бөлігі арқылы жұпқа бірігеді.
Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен танысады. | https://www.zharar.com/tags | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
15 минут 8 минут
| Әбдіжәміл Нүрпейісов – Арал теңізінің жағасында дүниеге келген. «Күткен күн», «Курляндия» романдары және «Қан мен тер» трилогиясының авторы. Арал балықшыларының ХХ ғасыр басындағы Қазан төңкерісі жылдарындағы қазақ ауылының ауыр өмірін, ұлттық табиғаты мен күллі адамзатқа тән арман – мұраты ерекше образдар арқылы айқын бейнеленген. Мәселен, Еламан,Тәңірберген, Ақбала, Судыр, Ахмет, Қаратаз, Құдайменде т.б әр түрлі кейіпкерлер арқылы әрі отаршылық, әрі әлеуметтік қыспаққа түскен қарапайым қалың елдің тыныс – тіршілігі айтылған. Оқушылар енді « Балақшылар» шығармасын оқиық. Сұрақ – жауап: 1)Шығарма не жөнінде айтылған? 2)Балықшыларға Андрей қандай қасиеттерімен ұнайды? 3)Еламанның Федоровты өлтіру себебі неде деп ойлайсыңдар? Сөздікпен жұмыс: Репті – Қаратаз- Үркердей үйіріп – І – тапсырма: Кейіпкерлерді топтастырыңдар. Кейіпкерлер ІІ – тапсырма: « Балықшылар » әңгімесіне сатылай кешенді талдау: 1. Шығарманың басталуы: 2. Шиеленісуі: 3. Шарықтау шегі: 4. Шешуі: 5. Қорытынды: ІІІ – тапсырма: Еламан мен Феодоровқа мінездеме беріңдер.
Оқылымалды тапсырма, сұраққа жауап беру. -Балалар, қалай ойлайсыздар, теңіздің адамзаттың тұрмыс- тіршілігінде алатын орны қандай? Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім жетеулеші сұрақтарды әрі қарай қоюына болады. Оқылым тапсырмасы Мәтінді оқыңыз, мәтіндегі қара сөздерді басқа сөздермен қалай айтуға болады? Сөздер мен сөз тіркестерін синонимдермен мағыналас немесе балама сөздермен ауыстырып, сөйлемдерді қайта жазыңыз. ...Осы оймен Еламан балықшылар аулының шетіне кірді. Көп үй кешкі асын алдына алыпты. Кей үйден күні бойы теңіз үстінің көк толқынымен алысып титығы құрып қайтқан кісілердің қалжыраған қарлығыңқы даусы естіледі. Тек осы ауылдағы ең үлкен үйдің есігі алдынан өте бергенде Еламан домбыра сағағында қылқылдаған әлдебір күйге құлағын тікті. Құдай біледі, мынау кешегі Тілеу-Қабақ байының жалғыз баласы Әли. Бір кезде бұлғақтаған мырза кешегі шапқыншылықта қыруар малы қолды боп, бір сәттежоқшылық басына түскесін, қайратты жігіт қара жұмысқа қос ескек,бір таяуды алып, қара қайыққа отырды. Кәзір бұ да балықшы. Күні бойы ескек тартып екі қары салдырап қайтқан жігіт бауырына қысып алған кішкентай жиде домбыраның екі шегін бебеулетіп отыр. ...Ертеңіне Еламан ерте тұрды. Жел көтеріліпті. Түнімен шырадай тынып жатқан теңіз қазір таңмен таласа білінген аңғардың азанғы қатқыл желіне жынданып, дөңбектей ауыр толқындар аударылып-төңкеріліп жатыр екен. Еламан «дауыл болады-ау, сірә» деп топшылады. (139 сөз) Қажетті сөздер:асын ішкелі жатыр екен, арпалысып, шаршаған, тыңдады, бір кезде, кедейлік, қажырлы, күні ұзағына, кеудесіне, тыныш жатқан, болжады. Оқушылардың тілдік ерекшелігіне қарай дифференцияациялап ұсынылады. Дескрипторлар: Мәтіндегі сөздердің мағынасын біледі; Сөздер мен сөз тіркестерінің синонимін табады; Сөйлемдерді түрлендіріп қайта жазады. Бағалау Оқушылар дәптерлерін бір-біріне жылжыта отырып, тексереді. Шартты белгілер арқылы бағалайды. + дұрыс, - қате, v ұсынысым бар Оқушылар ұсыныстарын ауызша айтады, тексерген жұмыстары бойынша пікір айтады. Бекіту. 1. Балықшылар тұрмысы қалай суреттелген? 2. Мөңке үйінің күйін сипаттау арқылы жазушының айтпақ ойы не? 3. Ауру бала халі мәтінде қалай суреттелген? 4. Андрейдің сипатталған тұрмысын мәтіннен тап, Андрей ісін қалай бағалайсың? 5. Федоровты Еламан не үшін өлтірді деп ойлайсың? | http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1005-qan_men_ter_i_kitap 679-680 бет | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Табыс баспалдағы Оқушылар өздерінің қай сатыда екенін белгілейді Сөздік қорым артты. Тілдесімде қолданамын. Түрлендіре аламын. | | |||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс | |||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |