«Осень 2024»

Аналар ешқашан қартаймайды

Ана Ардақты да аяулы аруларымыздың, аналарымыздың мерекесі 8 наурызда 1 сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына, аналарына арналған «Ана- өмірдің шуағы » атты кештің сценарийін ұсынамыз: Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Т. Шаханов атындағы №3 орта мектебі











Тәрбие сағаты:





Аналар ешқашан қартаймайды

1 сынып

















Орындаған: Алдебекова Л.К.

































Ана- өмірдің шуағы 

Ардақты да аяулы аруларымыздың, аналарымыздың мерекесі 8 наурызда 1 сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына, аналарына арналған «Ана- өмірдің шуағы » атты кештің сценарийін ұсынамыз:
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер! 
2-жүргізуші: 
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға ...сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады. 
1-жүргізуші: 
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры (апайға немесе ағайға) беріледі.
2-жүргізуші: 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне_________орындауында «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: 
Әлемдегі ең ақылды, дана боп, 
Нұрын шашар жақсыларға пана боп. 
Кім-кім болсын сені алақанында, 
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 
2-жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған, 
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған. 
Бұл сезімге ие болған барша жұрт, 
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!
1-оқушы: Жарты жанын бөліп беріп балаға, 
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана. 
Қиын күндер кешсе дағы басынан, 
Міндет етпей жүрген адам сол ғана. 

2-оқушы: Қасиетті жұмақ кілті табылар, 
Алыс кетсең алаңдар да сағынар. 
Аналарын сыйламаған адамдар, 
Қашан болсын өз ісінен жаңылар. 
3-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
4-оқушы: Аналық алтын борышың,
Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!
Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты.
5-оқушы: Аппақ қар болып шашың да,
Ағарып кетті-ау, жан анам.
Ақындығым да, даңқым да,
Қормалым сенің садағаң.
Өсіру мені о бастан,
Машақат еді не деген.
Ақ армандарды қууға,
Ақ тілегің ғой жебеген.

Ойын «Ананы дауысынан тану» Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану. 
6-оқушы: "Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.
Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл əлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!
Адамзаттың ең бір асқақ бар əні,
Жыр еткемен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені - 
Ана жайлы айтқан сөзі болады.
Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде - 
Ұлым, сенің есімің!.. (Ерлан Жүніс)
1-жүргізуші: 
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. 
2-жүргізуші: 
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса _________ қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Орындайтын: ______________
1-жүргізуші: 
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Сегіз сері» КВН командасын ортаға шақырамыз. (Жігіттерден құралған топ аналар, ұздаздар, қыз-келіншектер жайында қызықты әзілдер айтады).

2-жүргізуші: 
Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай ________________ орындауында «Адай» күйі.
1-жүргізуші: 
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып __________________ орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: 
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
1-жүргізуші: 
Қамымды ойлар күн- түні,
Анам- менің көктемім.
Ақтай алсам, үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып ...сынып ұлдарының ұзтаздар мен аналарға арнап жасаған шағын дүниелерін қабыл алыңыздар! (Сынып ұлдары аналары мен ұстаздарының қызықты суреттері мен даналы сөздер арқылы слайд жасап, көрсетеді).
2-жүргізуші: 
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада «Қазақ» биі қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: 
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
2-жүргізуші: 
Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға ...сынып оқушыларының аналарын шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).
1-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. __________орындауында «Анамызға мың алғыс» әні.
1-жүргізуші: 
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
2-жүргізуші: 
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті оқушылар арнауына береміз. (Үш оқушы шығып, анаға, ұзтазға, қыздарға арнауын немесе шығарма оқиды).
1-жүргізуші: 
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ____________орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
2-жүргізуші:
 
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
1-жүргізуші:
 
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп көрермендеріміз аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік? Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек. Ең көп тапқан көрерменімізге сыйлығымыз бар.
 
1. Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
4. Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
5. Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
6.Тапқан ана емес, баққан ана.
7. Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.
8. Анаға баланың алалығы жоқ.
9. Ердің анасы – елдің анасы.
10. Ананың ізін қыз басар,
Әкенің ізін ұл басар.
11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
12. Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
1-жүргізуші:
 
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда «Үнді» биі.
2-жүргізуші:
 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап «Ана туралы жыр» әні. (Осы уақытта оқушылар аналар мен ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынады).
1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін ________________ береміз.
2-жүргізуші: Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1-жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-саболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!

» 

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее