«Осень 2024»

Алтын күз Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі.

разработка для осеннего баллаКүз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сәлем саған алтын күз!
1-Жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!Бармысыздар, жадыраған жас достар!Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшілігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.
Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата – бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Сәлем саған, алтын күз» жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі жарыста бастауыш сыныптар сынға түспекші.
Ал енді ортаға қатысушы топтарды шақырайық. (Әуен ойналып ортаға қатысушы топтар шақырылады. Топ басшылары ортаға шығып, реттік нөмірлерін алады).
2-Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1.     ______________________________________________________________
2.     ______________________________________________________________
3.     ______________________________________________________________
4.     ______________________________________________________________
1-Жүргізуші:
Ал енді жарысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. Таныстыру (Топтың аты, топтың ұраны, эмблема т.б.)
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (Әр топ өз өнерлерін көрсетеді)
3. Полиглот. Топ басшылар сайысы. (Жұмбақтар шешу)
4. Күзгі сән үлгілері.
5. «Кім жылдам» (Әріптерден жемістердің атын теру)
6. Кім көп біледі? (Сұрақ – жауап)
7. Үй тапсырмасы («Күз береке, молшылық» атты қабырға газеті және «шебер қолдар» көрмесі)
2-Жүргізуші:
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Сәлем саған, алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар ортада _Жапырақтар тобы.
1-Жүргізуші:
Ортаға келесі топты шақырамыз!Бидай тобы
2-Жүргізуші:
Ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Таныстыру бөлімінің бағасын сұраймыз.
1-Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Топтарымыздың өнерлерін тамашалайық.
2-Жүргізуші:
Әділ қазылар алқасынан «Өнерлі өрге жүзеді» кезенінің бағасын сұраймыз.
1-Жүргізуші:
Бұл жандардың қылығына сай ісі, Сәуленіп тұрады әрбір жай ісі. Топ басшыларды шақырамыз ортаға.Ендігі сәт капитандар сайысы, - дей отырып ортаға топ басшыларын шақырамыз.
Топ басшылар сайысы бойынша әрбір топ басшыларына жұмбақтар қойылады.
2-Жүргізуші:
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.         (бидай)
1-Жүргізуші:
2.  Көзге көрінбейді, инеге ілінбейді. (Жел)
2-Жүргізуші:
3. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр.   (қызанақ)
1-Жүргізуші:
4 . Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.  (пияз
2-Жүргізуші:
5.Отыз көйлек киген,
Бір түйме жоқ ілген. (қырыққабат)
1-Жүргізуші:
6. Көк ала киім киеді,
күннің көзін сүйеді.  (қарбыз)
2-Жүргізуші:
7.  Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.  (пияз)
1-Жүргізуші:
8.Жер астында жер қазық,
Жеуге болар ас қазық.  (сәбіз)
2-Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз,- дей отыра, кезекті күзгі сән үлгілеріне береміз.
1-Жүргізуші:
Ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Күзгі сән үлгілерінің бағасын сұраймыз.
2-Жүргізуші:
Келесі «Кім жылдам?» бөлімі бойынша «Құрастырғыш» ойыны ойналады. Әрбір топ екі конверттің бірін таңдайды. Конверттің ішінде әріптер бар, сол әріптерден 1 жемістің, 1 көкеністің атын құрау керек.
1-Жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан «Кім жылдам?» кезенінің бағасын сұраймыз.
2-Жүргізуші: Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда кәрзеңкелер беріледі. Кәрзеңкелерін қолына алып, бақшадан жеміс – жидектер, көкеністерді бір – бірлеп алып, артындағы сұрақтарға жауап бере отырып өз кәрзеңкелеріне салады. Қай топ сұраққа жауап берсе, кәрзеңкесі тез толысып, сол топ жеңеді.
1.     Мезгіл атаулары.
2.     Балалар, сендер күз туралы осы уақытқа дейін көп оқып білдіңдер. Ендеше, күз дегеніміз не?
Балалар күз мезгілі туралы білетіндерін әңгімелейді.
3.     Жыл құстарын айтып беріңіздер!
4.     Мақал – мәтел білесің бе?
5.     Күз туралы өлең жолдарын білесіңбе?
6.     Күз туралы ән білесіңбе?
7.     Күз айларын ата.
8.     Күздің соңғы айы қай ай?
9.     Көкеністерді ата.
10.    Жемістерді ата.
1-Жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан «Білгенге маржан» кезенінің бағасын сұраймыз.
2-Жүргізуші: Үй тапсырмасы бөлімі бойынша әр топ өздері шығарған қабырға газеттерін таныстырады.
1-Жүргізуші:
Ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Қабырға газетінің және «шебер қолдар» көрмесінің бағасын сұраймыз.
2-Жүргізуші:
Ал енді әділ – қазылар алқасы қорытынды шығарғанша ортамызға 3 – сынып өнерпаздарын шақырамыз!
1-Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімегін,
Қатысуда бір жеңіс, жан болсан сен ұғатын.
2-Жүргізуші:
Ал енді қазылар алқасын сөз береміз.
Марапаттау.
Қазылар алқасы жеңген топтарды мақтау қағаздарымен марапаттайды.
1-Жүргізуші:
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «сәлем саған, алтын күз» атты жарысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!











































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее