Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское селосы
Шаховское орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рияпова Толқын Алпысбаевна
1 категория еңбек өтілі 15 жыл
5-сыныпқа қазақ тілінен арналған емтихан билеттері
1-билет
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Үстеу дегенміз не?
Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап.
София үйдің ішін жинады.
Ақан- қазақтың ең үлкен композиторы.
2-билет
Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Сын есім дегеніміз не? Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
Мына сөздер арқылы жаңа сөз жаса..: би, тақ, жи.
3-билет
Көп мағыналы сөздерге түсінік бер.
Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
Мына сөздермен сөйлем құра: Астана, ата, шатыр.
4-билет
Эвфемизм дегенді қалай түсінесің? Мысал келтір.
Есімдік қандай сөз табы?
Мына сөздер жалпы зат есім бола алады ма? Мысалы: кітап, Екібастұз, оқушы, Қаратау.
5-билет
Тұрақты тіркестер туралы не білесің?
Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Мына тұрақты тіркеспен сөйлем құрастыр. М: бетінен оты шықты, көз ілмеді.
6-билет
Дауысты дыбыстарға түсінік бер.
Көнерген сөздер дегеніміз не?
Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса: көгершін, атажұрт
7-билет
Диалект сөздер дегеніміз не?
Тасымал туралы не айта аласың?
Мына сөздермен сөйлем құра: қария, қонақжай, жауынгер.
8-билет
Мақал-мәтелдердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар ма?
Ашық және қысаң дауыстылар қалай жасалады?
Сөйлем мүшесіне талда.
Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру.
9-билет
Жаңа сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Мына сөздерден сөз тіркесін жаса: таза, оқушы, мектеп.
10-билет
Термин сөздер дегеніміз не?
Еріндік және езулік дауыстыларға мінездеме бер?
Сөздерді септе: ғарыш, елтаңба.
11- билет
Кәсіби сөздер дегеніміз не?
Үндестік заңы дегенді қалай түсінесің?
Мына сөйлемді ретке келтір. Тәңір, жоқ, басқа. Алладан.
12-билет
Әдеби тіл туралы түсінік бер.
Дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?
Сөздерді жікте: шебер, құрылысшы.
13-билет
Мәтін туралы әңгімеле.
Буын дегеніміз не?
Мына сын есім сөздермен сөйлем құра: әдемі, жасыл, биік.
14-билет
Кірме сөздер дегеніміз не?
Буын үндестігі туралы не айта аласың?
Мына зат есім сөздерді септе: оқушы мектеп.
15-билет
Лексика деген не? Бөлімдерін ата.
Екпіннің қандай түрлері бар?
Жаңа сөз жаса: оқ, айт.
16-билет
Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата.
Сөздік қор дегенді қалай түсінесің?
Буынға бөліп жаз: бағалы, құнды, қымбат.
17-билет
Синоним дегеніміз не?
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздерге түсінік бер.
Тәуелде: қалам, орындық.
18-билет
Антоним дегенміз не?
Сан есім туралы не білесің?
Мына сөздің синонимін тап: күшті, сабырлы.
19-билет
Орфография дегенді қалай түсінесің?
Жуан дауыстылардан жасалатын сөздерге мысал келтір.
Жуан буынды сөзге дыбыстық талдау жаса.
20-билет
Орфоэпия дегенді қалай түсінесің?
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерге түсінік бер.
Мына сөздердің антонимін тап: биік, жақсы, көңілді.
21-билет
Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
Ашық буын қалай жасалады?
Мына сөзді омоним ретінде қолдан: жүз, қара.
22-билет
Бітеу буын қалай жасалады?
Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерге түсінік бер.
Мына қос сөдермен сөз тіркесін құрастыр: дәрі-дәрмек, құрбы-құрдас.
23билет
Тұйық буын қалай жасалады?
Жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөздерге түсінік бер.
Жіңішке буынды сөзге дыбыстық талдау жаса.
24билет
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.
Жалқы зат есімдер дегеніміз не?
Мына етістік сөздерді қатыстырып сөйлем құра: оқу, құйды.
25-билет
Жалпылама лексика дегеніміз не?
Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге түсінік беріңдер.
Буынға бөліп жаз. Қатшыбайдың өзі домбыраның құлағында ойнайды.