
«12 жылдық білім беруде
оқушыда қалыптасатын құзіреттіліктер»





12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ МАҚСАТЫ:
интеллектуалды, физикалық және рухани тұрғыдан
дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру
тез өзгермелі әлемде табысты білім алуға деген
сұранысын қанағаттандыру
елдің экономикалық әл- ауқаты үшін бәсекеге қабілетті
адами капиталды дамыту.

Соңғы онжылдықта білім беру саласын жетілдіруде көптеген мемлекеттік ресми құжаттар қабылданды:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (2004 ж.);
- Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (2004 ж.);
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 ж.);
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010 ж.).

12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі , вариативті білім мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылық технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс .

Жаңа тұрпатты мұғалім:
- Бақылаудың орнына ынталандырады .
- Мәжбүрлеудің орнына кеңес береді .
- Ауыстырудың орнына сенім белдіреді .
- Үгіттеудің орнына түсіндіреді .
- Дауыс көтерудің орнына әзілдейді.
- Кінәлаудың орнына қорғайды.
- Талап етудің орнына бірге жұмыс істейді .
- Нәтижені талап етпей, нәтижеге бағыттайды .
- Оқушыны үйрете отырып, өзі де үйренеді .
- Оқушыны шығармашылыққа баули отыра өзі де ұдайы ізденеді.
- Қателескен жағдайда оқушыдан бірінші кезекте кешірім сұрайды.