Биология 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жасуша-өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жасуша пішіні, құрылысы және жасуша бөліктерінің қызметі туралы біледі.
Міндеттері:
| Бағалау критерилері |
| -ББҰ стратегиясымен жұмыс істеу кезінде; -Екі жақты күнделік стратегиясымен жұмыс істеу кезінде; -Топ ережесінің сақталуы |
Қолданылатын әдістер: ББҰ, Бағыттап оқыту, Екі жақты күнделік
Қолданылатын материалдар: Мәтін, жасуша суреті, слайд, микроскоп, препарат даярлауға қажет құралдар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
І. Қызығушылықты ояту: -Ауызша сұрақтар
-Терме диктант
1.Микроскоп затты неше есе ұлғайтып көрсетеді? ( 100-2000 есе)
2. Жасушаны ең алғаш көрген кім? (Роберт Гук)
3.Затты 3-5 есе ұлғайтып көрсететін құрал? (ұлғайтқыш қол әйнек)
4.Микроскоп сөзінің грекше мағынасы? (ұсақ, қараймын)
5.Көру түтігінің жоғарғы жағында орналасқан ұлғайтқыш әйнек? (окуляр)
(Оқушыларды ұпай сандарына байланысты топқа бөлу)
Әр топқа тапсырма: -Микроскоптың құрылысы;
-Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі;
-Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар;
-Препарат дайындау тәсілі;
«ІІ. Мағнаны ажырату: Стр: ББҰ « Жасуша туралы»
Білемін | Білгім келеді | Ұқтым |
|
|
|
стр. Бағыттап оқыту
а) Мәтіннің І-бөлімін оқу
1-сұрақ: - Жасуша пішіні қандай? -Құрылысы неден тұрады?
2 -топта ой бөлісу, 1 оқушы қорғау
ә) Сұрақ: Жасуша қабықшасының ерекшелігі, атқаратын қызметі қандай?
Жасуша қабықшасы ( -топта ой бөлісу, 1 оқушы қорғау)
Құрылысы | Қызметі |
-қатты -қалың -жұқа (саңылау)
| -пішін береді -қорғаныш -су, газ, зат алмасу |
стр. Екі жақты күнделік
Цитоплазма
Құрылысы | Қызметі |
-мөлдір- су -қоймалжың- нәруыз, май -тірі зат | -барлық тіршілік әрекетіне қатысады -үздіксіз қозғалыс |
Ядро
Құрылысы | Қызметі |
-тығыз -қабықшалы -дөңгелек | -зат алмасу -көбею |
Пластид
Құрылысы | Қызметі |
тек өсімдік жасушасында -түсі бойынша 3-ке бөлінеді Хлоропласт Хромопласт Лейкопласт |
-жасыл түс (органикалық зат) -қызыл, сары -түссіз (қор жиналады) |
Вакуоль
Құрылысы | Қызметі |
-қабықша -шырын
| -зат алмасу (улы зат шығару) -сұйықтықты жинау |
Зертханалық жұмыс: Жасуша құрылысы
ІІІ. Ой толғау:
стр. Кішігірім дөңгелек стол
-Жасуша бөліктері (шапалақ белгісімен)
Стр: Жасуша макетін құрастыру жасушаның әр бөлігінде тапсырмалар берілген.
Стр: Екі жұлдыз, бір тілек
Үйге: 2-тақырып Кесте: Жасуша құрылысы
Бағалау:
Стр: Сұқ саусақ (жоғары- түсіндім, көлденең- орташа деңгейде, төмен- түсінбедім)
Бағалау парағын толтыру
Рефлекция