«Осень 2024»

Жақшасы бар өрнектегі амалдар реті

Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау,олардың мәнін табу.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Жақшасы бар өрнектегі амалдар реті

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Мұқатаева А.А.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау,олардың мәнін табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтайды,олардың мәнін табады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Екі амалмен орындалатын өрнектерді сауатты математикалық тілмен оқи алады,тиісті белгілерді қоя алады.

Кейбір оқушылар:

Пайымдау тәсілі арқылы логикалық тапсырмаларды шешу

Тілдік мақсат:

Оқушылар: жақшамен берілген екі амалды өрнектерді оқу мен жазуда арифметикалық амалдардың компонеттері мен атауларын атап, оларды сөйлемнің құрамдас бөліктеріне үйлестіру

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Амалдар реті-порядок действий,азайту-вычитание, қосу-сложение, жақша-скобка, айырма- , қосынды-

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Азайғыш,азайтқыш,айырма,қосылғыш,қосылғыш,қосынды

Талқылауға арналған тармақтар:

Екі амалды жақшасыз өрнектерде амалдар қай ретпен орындалады?

Жақшалы өрнектерде амалдар кай ретпен орыдалады?

Азайту амалының компоненттері қалай аталады?

Қосу амалының компоненттерін қалай аталады?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Неліктен тек «+» амалы бар өрнектерде амалдар ретін орындау маңызды емес?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

«+» , «-», «=», «(», «)» таңбаларын дұрыс жазу




Алдыңғы оқу

«Сиқырлы қар қиыршығы» ойыны.

Нүктелері бар текшелерді қолдану арқылы қар қиыршығының орнына текшенің жоғары жағына түскен нүктелер санын қойып өрнектің мәнін табады.



Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал

«Шымшытырық» ойыны

Ширату жаттығуы: «Шапалақ» ойыны (кеспе қағаздардағы таңбаларға сәйкес шапалақ ұру)

Ариф. амалдар жазылған кеспе қағаздар

Cлайд №1

Үй жұмысын тексеру

Мысалдарды тізбектеп оқу арқылы тексеру


Ортасы

тақырыптың мазмұнын ашу барысында топқа бөлу









10 минут











































Аяқталуы

6 минут

Тапсырма № 1. Ұжыммен жұмыс

Жакшалы өрнектердегі амалдардың ретімен танысып,берілген өрнектердің мәнін табу.










Тапсырма №2. Жақшасы бар санды өрнектерді дұрыс оқи білу, мәнін табу.

  • 10 + (4 + 3) өрнегін былай оқы: 4 пен 3 сандарының қосындысын 10-ға қос.

  • (10 + 4) + 3 өрнегін былай оқы: 10 мен 4 сандарының қосындысына 3-ті қос.

  • (10 - 4) +3 өрнегін былай оқы: 10 мен 4сандарының айырмасына 3-ті қос.

  • 10 – (4 + 3) өрнегін былай оқы: 4 пен 3 сандарының қосындысын 10-нан азайт.

  • (10 - 4) – 3өрнегін былай оқы: 10 мен 4 сандарының айырмасынан 3-ті азайт.

  • 10 – (4 - 3) өрнегін былай оқы: 10-нан 4 пен 3 сандарының айырмасын азайт.


Сергіту сәті. «Көңілді күн» әніне билеу.


Тапсырма №3 Ойын «Себеттегі өрнектер».

Жұппен жұмыс.

3 себетке салынған сандар, арифметикалық амалдар, тең таңбасы, жақшаларды дұрыс қояды, өрнектер құрастырады, мәнін табады.

Тапсырма №4 Шығарып көр.

Оқушылар санды өрнектерді интербелсенді тақтадан тізбектей оқып, жауабын айтады.

(12 + 8) – 3 =17

(30 - 10) – 7 =13

(40 + 20) – 50 =10

50 + (20 - 20) = 50

20 + (70 - 60) = 30

Тапсырма №5 Жақшаларды қой (жоғары деңгей тапсырмасы) жекелей жұмыс.

Жақшаларды орнына қойғанда өрнектің алдын ала берілген мәні бар болатындай етіп қою керек.

17 – (9 - 2) -10

(17 - 9) – 2-6

11- (7 - 2) =6

(11 - 7) – 2 =2

17 –( 9 + 2) =6

(17 - 9) + 2 =10

Тапсырма №6 «Спортшылар» ойыны.

Оқушылар спортшылардың қандай нөмірмен ойын көрсететінің білу керек. Ол үшін жауабы спортшының нөмері болатын дұрыс теңдікті табу керек. Сосын оқушы осы нөмерді сәйкес кескінге жазып қояды.

(12 + 8) – 10 = 10 – шаңғышының нөмірі;

(20 - 10) + 5 =15 – мәнерлер сырғанаушының нөмірі;

100 – (60 + 20) =20 – сноубордисттің нөмірі;

14 – (6 - 4) =12 – фристайлшының нөмірі.

**

Слайд №2










Слайд №3














Слайд №4



Кеспе қағаздардағы сандар, арифметикалық амалдар, тең таңбасы, жақшалар.


Слайд №6






Слайд 7

Кеспе қағаздар










Слайд 8

Оқулық

Қорытынды

Сұрақ – жауап.

  • Жақшамен берілген өрнектердегі амалдар реті қандай?

  • Қалай ойлайсың, математикада жақшалар не үшін қолданады?

Кеспе қағаздарда жазылған өрнектерді оқып, амалдар тәртібін айтады.

Рефлексия

«Кеме» әдісі

Қосымша ақпарат

Спорт түрлеріндегі адамдардың аталуы

туралы ақпарат беру


Саралау

-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау оқушыларды сөзбен мадақтау «Сэндвич», жетондармен бағалау (мұғалім тарапынан)


Пәнаралық байланыс


Музыка, дене тәрбиесі.

Дескрипторлар

Баллдар


1.Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін біледі, мәнін табады.

2.Екі амалды өрнектерді сауатты математикалық тілмен оқи алады, бегілерді дұрыс қоя алады.

3.Берілген өрнектердің тиісті жеріне жақша қойып, мәнін есептей алады.

4. Пайымдау әдісі арқылы логикалық есептерді шығара алады







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее