«Осень 2024»

"Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру"

Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

«№9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ







Сабақ тақырыбы:



«Натурал сандардың 3-ке және 9-ға

бөлінгіштік белгілері»







Сыныбы: 5 «б»

Математика пәні мұғалімі: Боздакова Алия Аскаровна























2018-2019 оқу жылы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.4В.Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілері



Күні: 26.09.2018 жыл


Мұғалімнің аты-жөні: Боздакова Алия Аскаровна


Сынып: 5

Қатысқандар саны:26

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

5.1.2.6 Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлығы:Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану

Көпшілігі: Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін анықтау, белгілерді пайдалана отырып есептер шығару.

Кейбіреулері: Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін салыстыра отырып, дәлелдеу

Бағалау критерийі

Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

  • сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдайды;

  • натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

  • бөлінгіштік белгілерін қолдана алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • санның бөлгіші;

  • санның еселігі;

  • бөлінгіштік белгілері;

  • натурал санның цифрларының қосындысы.

  • натурал сандарың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілеріне мысал келтіре алады;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • натурал ... санының бөлгіші ...;

  • натурал... санының еселіктері ... сандары болады;

  • егер натурал санның цифрларының қосындысы...бөлінсе,онда сан...бөлінеді;

  • егер натурал санның цифрларының қосындысы... бөлінбесе, онда ол сан ... бөлінбейді

Құндылықтарға баулу

Сыни ойлауға, әр түрлі пікірлерді қабылдай алуға, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеуге

Бастапқы білім:

Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері. Натурал сандардың 2-ге,5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру.

«Қораптағы 10 сұрақ» әдісі

Оқу мақсаты мен міндеттерін бірлесіп анықтай отырып,«Қораптағы 10 сұрақ» әдісі бойынша өткен тақырыптарды қайталау сұрақтары қойылады:

  • Қандай цифрлар жұп болады?

  • Қандай цифрларды тақ болады?

  • Жұп сандар мен тақ сандарға мысал келтiрiңдер.

  • Натурал сандардың бөлінгіштік білгілері

  • Натурал сандардың бөлінгіштік белгілеріне мысалдар келтір

Бағалау: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы, бір-бірін бағалайды. Бағалау "Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы жүзеге асады. Оқушылар алынған жауаптың екі жағымды жағын айта кетіп, өз ұсынысын да білдіру арқылы жауапты толықтырады.





Сабақтың ортасы

37 минут

Оқушыларға "Балықтарды аквариумге жина" тәсілі бойынша төрт түрлі балық суреттері таратылып, әр оқушы түрлеріне қарай аквариумына жинау үшін топтасып, төрт топқа бөлінеді.

"Болжау" әдісі

Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін дарыту мақсатында, оқу мақсатын ескере отырып, жаңа тақырыпты оқулықтан іздену ұсынылады. «Болжау» әдісі бойынша оқушылар берілген санның 3-ке, 9-ға бөлінгіштігін, бөлу амалын орындамастан, санның жазылуы бойынша анықтауға болатындығын өздігінен меңгереді. Әр топқа кестені толтыру тапсырмасы беріледі.

Кестеден цифрларының қосындысы 3-ке,9-ға бөлінетін сандарды теріп жазу тапсырылады.


Натурал сан

273

328

384

451

567

Санның цифрларының қосындысы






Натурал сан

623

504

843

111

428

Санның цифрларының қосындысы






Натурал сан

134

801

513

261

414

Санның цифрларының қосындысы






Натурал сан

205

108

623

879

756

Санның цифрларының қосындысы






І және ІІ топтар натурал сандардың 3-ке бөлінгіштік белгілерін, ІІІ және ІV топтар натурал сандардың 9-ға бөлінгіштік белгілерін айтып, кестені толтыру арқылы, мысал келтіріп, қорғайды.

Дескриптор:

  • Тақырыпты өз бетімен меңгере алады

  • Натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін анықтап, қолдана алады;

Бағалау: Жаңа тақырыпты өздігінен меңгере отырып , тапсырманы толығымен дұрыс орындап, кестені толтырған топты мұғалім жұлдызша беру арқылы бағалайды.

Оқушылар ойын толықтырып, жинақтау мақсатында:

1. Цифрларының қосындысы 3-ке бөлiнетiн сандар 3-ке бөлiнедi;

2. Цифрларының қосындысы 9-ға бөлiнетiн сандар 9-ғабөлiнетіндігі туралы ережелер мұғалім тарапынан нақтыланып айтылады.

Сараланған тапсырмалар

Оқу мақсатын ескере отырып, сынып қажеттілігіне орай оқулықтан тапсырмалар сараланып алынады.

Барлық оқушыларға:

І-топ

229.

1) 123, 325, 342, 404, 561, 672, 731, 873, 881, 948, 1041, 1112сандарынан 3-ке бөлiнетiн сандарды терiп жазып, бөліндіні орындаңыз.

ІІ-топ

2) 288, 333, 444, 558, 9468, 507, 8645, 576, 802, 891, 7839, 765, 781, 936 сандарынан 9-ға бөлiнетiн сандарды терiп жазып, бөліндіні орындаңыз.

ІІІ-топ

230.

1) 44, 444, 4444, 444 444, 555, 5555 сандарынан 3-ке бөлiнетiн сандарды терiп жазып, бөліндіні орындаңыз.

ІV-топ

2) 81, 818, 8181, 81 818, 818 181 сандарынан 9-ға бөлiнетiн сандарды терiп жазып, бөліндіні орындаңыз.

Оқушылардың басым көпшілігі:

233. 1) 1*1; 1*5; 2*8; 31*; 23* жазылуындағы жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 3-ке бөлінетін сандардың ең кішісінжазыңдар;

2) 5*3; 42*; 2*8; 7*1; 4*4; *37 жазылуындағы жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 9-ға бөлінетін санды жазыңдар.

Кейбір оқушылар:

236. Гүлдананың осыдан 3 жылдан кейiнгi жасы, осыдан 3 жыл бұрынғы жасынан 3 есе артық. Гүлдана қазiр неше жаста?

Тапсырма топқа беріледі. Тапсырмаларды оқушылар топта кеңесе отырып, дәптерлеріне орындайды.

Тапсырманың дұрыстығын тексеру мақсатында әр топ басшысына орындалған тапсырма дескрипторы үлестіріледі. Топ басшысы топтың мүшелерінің орындаған тапсырмаларын тексеріп, бағалайды.

Дескриптор:

Барлық оқушы №229,230

  • Бөлінгіштік белгілерін ажыратады;

  • 3-ке, 9-ға бөлінетін сандарды теріп жазады;

  • Бөліндіні орындайды

Оқушылардың басым көпшілігі №233

  • Жұлдызша орнына цифр дұрыс қойылды

  • Бөліндіні орындады

Кейбір оқушылар №236

  • Есеп шарты дұрыс құрылды

  • Есеп шығаруда бөлінгіштік белгілерін пайдалана білді

  • Есептің шешімі дұрыс табылды

Бағалау: тапсырмалардың шешімін тауып, қатесіз орындаған оқушыға топ басшысы жұлдызшалар ұсынады. Кейбір оқушыларға берілген тапсырмалар топтардың арасында талқыланады.

"Бас қатырғылар базары" әдісі

Сабақ өз мақсатына жету үшін, белсенді оқыту әдісін пайдаланамын. Оқушылардың есеп шығарумен қатар логикалық қабілетін дамыту аясында "Бас қатырғылар базары" әдісі қолданылады. Ойын барысы түсіндіріле отырып, барлық топқа ортақ №235 тапсырма беріледі. Тапсырманы әркім өз бетімен шығарады. Жұлдызшалардың орнына тиiстi цифрларды қойып, І топ және ІІ топ 3-ке, ІІІ топ және ІV топ 9-ға еселiк сандардың ең кiшiсiн жазады.

235.

1) Жұлдызшалардың орнына тиiстi цифрларды қойып, 3-ке еселiк сандардың ең кiшiсiн жазыңдар:

І топ: а) 5*9*; ә) *71*; б) **41; в) 6*7*;

ІІ топ: а) 30*4*; ә) 2**71; б) *4*21; в) 6*23*.

2) Жұлдызшаның орнына тиiстi цифрларды қойып, 9-ға еселiк сандарды жазыңдар:

ІІІ топ: а) 2*76*; ә) *47*3; б) 30*1*;

ІV топ: а) 38*6*; ә) 73*8*; б) 2*3*0.

Дескриптор:

  • 3-ке, 9-ға еселік еселік сандарды табады;

  • Бөліндіні орындайды;

Бағалау: өзіндік жұмыс болғандықтан, жұлдызшаның орнына дұрыс санды қойып, тапсырманы аяғына дейін дұрыс орындаған әр оқушыға жұлдызша беріледі.

"Ойлан да, қорыт" әдісі

Жаңа тақырып пен орындалған тапсырмаларды қорыта отырып, оқушыларға:

  • Егер сан 2-ге де, 3-ке де бөлiнсе, онда ол сан 6-ға да бөлiнедi.

  • Егер сан 3-ке де, 5-ке де бөлiнсе, онда ол сан 15-ке де бөлiнедi.

  • Егер сан 5-ке де, 9-ға да бөлiнсе, онда ол сан 45-ке де бөлiнетіндігі

түсіндіріледі, мысалдар келтіріледі.

"Шыршаны безендір" әдісін қолдану арқылы

232 тапсырма орындалады. Әр топқа флипчарт пен сандар жазылған түрлі-түсті ойыншықтар таратылады. Берілген сандардың цифрларының қосындысын табу арқылы

І-топ: 114, 116, 132, 143, 372, 438, 647 сандарының қайсылары 6-ға бөлiнетіндерін

ІІ-топ: 105, 156, 255, 275, 345, 412, 465 сандарының қайсылары15-ке бөлiнетіндерін

ІІІ-топ: 135, 315, 325, 360, 495, 505, 585 сандарының қайсылары 45-ке бөлiнетіндерін

ІV-топ: 108,456, 234, 989, 189,321, 732 сандарының қайсылары 3-пен 9-ға бөлінетіндерін теріп алады. Шыршаның суретін салып, шыршаға сандарды жапсыру арқылы, безендіреді. Таңдап алған сандардан бөлiндiнi табады.

"Өкіл" әдісі бойынша әр топтан бір өкіл орындаған тапсырмаларын келесі топқа түсіндіріп, қорғап келеді.

Дескриптор:

  • Топ ережелерін орындайды;

  • 3-ке,6-ға, 9-ға, 15-ке, 45-ке бөлінетін сандарды таба алады;

  • Орындалған тапсырмаларды нақты түсіндіре алады;

Бағалау: берілген тапсырманы толығымен дұрыс орындап,шыршаны шапшаң безендірген топтар бір-бірін «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша бағалайды. Оқушылар тапсырманың орындалуына қарай

1-бөлік: ұнады

2-бөлік: сындарлы сын (нені жақсарту керек)

3-бөлік: келешекке арнау (маған үнады, бірақ келесі жолы)бөліктері арқылы алған әсерлерімен бөлісе отырып, өз ойларын, ұсыныстарын білдіреді.

Оқушылар

  • натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін ажырата отырып, есептер шығаруда қолданады

  • натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін салыстыра отырып, дәлелдейді.

Сабақ өз мақсатына жеткендігін ескере отырып, сабаққа белсене қатысып,бірнеше жұлдызша жинаған оқушыларға мадақтау төсбелгісі ұсынылады.



Математика 5 сынып, Алматы, Атамұра, 2017ж

Т.А. Алдамұрат ова,

Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов


Кесте


































Математика 5 сынып,

Алматы, Атамұра, 2017ж

Т.А. Алдамұратова,

Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов










































Математика 5 сынып,

Алматы, Атамұра, 2017ж

Т.А. Алдамұратова,

Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов



















Математика

5 сынып,

Алматы, Атамұра, 2017ж

Т.А. Алдамұратова,

Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов




Флипчарт


Маркерлер


Желім


Tree























Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия. Сыныпта "Бағдаршам" әдісі арқылы, кері байланыс орнатылады. Оқушылар бағдаршамның жасыл түсін көтеру арқылы сабақты толық түсінгендігін, сарыны көтеру арқылы жартылай түсініп, әлі де көмек керек екендігін, қызылды арқылы сабақты мүлдем түсінбегендігін көрсетеді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жаңа тақырыпты меңгерудегі "Болжау" әдісі өте тиімді. оқушылар жетелеуші тапсырмалар мен сұрақтар қою арқылы өз бетімен меңгереді. Тапсырмалар сараланып беріледі,сондықтан қабілетті оқушы өзіне ұсынылған тапсырманы жеке орындауға мүмкіндігі бар

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырамын.

  • Оқушы деңгейіне қарай сабақ жоспарын құру

  • Үнемі қайталау сұрақтарын пайдану

  • Жаңа тақырыпты өздіктерінен меңгеру

  • Сараланған тапсырмалар

Сабақ барысында

"Шыршаны безендір", "Өкіл" тәсілдерін қолдандым. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының сабаққа қызығушылығы арттырып, сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да , оқу туралы да ойлаңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да , оқу туралы да ойлаңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім ,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее