«Зима 2025»

Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.

9-сыныптың қоректену бөлімі бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Мектеп

Алтай қаласының №9 орта мектебі КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Бисатова К.Ш.

Сынып

Барлығы - Қатысқандар – Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


9.1.2. Қоректену

Сабақтың тақырыбы:

Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: адамның асқорыту жолдарындағы ыдырау, сіңіру, бөлу үдерістерін сипаттайды, асқорыту ферменттерінің әсері мен маңызын біледі

Оқушылардың басым бөлігі: ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты анықтайды

Кейбір оқушылар: ыдырау, сіңіру, бөліп шығару – зат және энергия алмасудың ажырамас бір бөлігі екенін түсінеді

Бағалау критерийі

  • Ақуыз, май, көмірсулардың асқорыту мүшелерінің бөлімдерінде механикалық және химиялық өңделу ерекшеліктерін біледі, сипаттайды

  • Асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен оларға сәйкес ферменттердің арасындағы өзара байланысты сәйкестендіреді

  • Ыдырау, сіңіру, бөліп шығару үрдістері – зат және энергия алмасудың ажырамас бөлігі екенін дәлелдейді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

(оқылым-жазылым); Таратпа материалдарды оқып, негізгі түсініктерді теріп жаз (Инсерт), жеке жұмыс

(айтылым-тыңдалым);Түсінгеніңді қысқаша айтып бер (Бір айналым сөйлесу), топтық жұмыс

(оқылым-тыңдалым), (ДЖИГСО 2), топтық, ұжымдық жұмыс

(айтылым-жазылым), Инсерт, жеке жұмыс

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері: ас қорыту, ас қорыту ферменттері, амилаза, мальтаза, пепсин, химозин, трипсин, липаза, өт, абсорбция /сіңіру/

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Көмірсулар мен майлар бір-біріне айналады, өйткені ....

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (көмірсулар энергия көзі)

Неліктен тәттіні шамадан тыс жесе семіздікке ұшырайды?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Сілекей реакциясы әлсіз сілтілі, құрамында ... ... су, 1,5 % ... ... , оның ішінде ... мен ... тұратын сұйықтық. Сілекей нәруызы ... сілекейді желім тәрізді жабысқақ етеді. Сілекейдің құрамында залалсыздандырғыш қасиеті бар нәруыз ... бар. Сілекейде екі фермент болады: ... ол крахмалды мальтозаға дейін ыдыратады. Мальтаза – ол ... ...

Құндылықтарға баулу

Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік, ынтымақтастық, жұптық жұмыс – өзара көмек, сыйластық, жеке жұмыс – өмір бойы білім алуға ұмтылыс сияқты құндылықтарды дарыту

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, химия, физика;

Алдыңғы білім


7.1.2.1. жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау және құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру

7.1.2.2 фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу

8.1.2.1 омыртқасыздар, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру 8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру;

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері




Ресурстар





Сабақтың басы

7-10 минут
















Сабақтың ортасы

22-25 минут



1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин):

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару

Ынтымақтастық ортасын құру (Шаттық шеңбері)

Топқа бөлу (1 мин) «Түйінді сөз»

Қайталау: (5 мин) «Миға шабуыл»

1. Метаболизм дегеніміз ....

2. Анаболизм дегеніміз ...

3. Катаболизм дегеніміз ...

4. Нәруыз – биополимер, ол ... тізбегінен тұрады,

5. Крахмал – полисахарид, ол ....

6. Глюкоза – моносахарид, ол ....

7. Катализаторлар дегеніміз - ....

8. Ферменттер - биокатализаторлар ...

9. Асқорыту мүшелері: ..............

10. Асқорыту бездері: ................

Бағалау: «Ақ тақтада көрсету», кері байланыс

2. Жаңа сабаққа кіріспе: (3 мин)

А) Топтастырудың себебін талқылап, бүгінгі сабақта не туралы өтіледі деп ойлайсыздар деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары қойылады, сабақ мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Б) Топқа тапсырмалар тарату

1- оқушы. Оқушыларға ақпараттық парақшалар таратып беріп нәруыздар, көмірсулар мен майлардың құрамы, қасиеті мен қызметін зерттеуді ұсынамын.

2 - оқушы. Мәтінді оқи отырып, астың ауыз қуысында өзгеріске ұшырауы, сілекей ферменттерінің түрлері мен әсерін зерттеңіз

3- оқушы. Мәтінді оқи отырып, қарындағы ыдырау үдерісі, қарын сөлі, ферменттерінің әсерін сипаттаңыз

4- оқушы. Мәтінді оқи отырып, ащы ішек пен тоқ ішектегі ыдырау және сіңіру үдерістерін салыстырыңыз, ішек сөлінің ферменттері, әсерін сипаттаңыз.

«Түртіп алу» стратегиясымен оқу

Бағалау «Жұлдызша», кері байланыс

Постер құру, қорғау;

Дескриптор: білім алушы

  • Регламентті сақтайды

  • Органикалық заттардың құрамы, қасиеттері, қызметін көрсетеді

  • Көмірсулардың ыдырауын сипаттайды

  • Нәруыздардың ыдырауын сипаттайды

  • Майлардың ыдырауын сипаттайды

  • Сәйкес ферменттерді көрсетеді

  • Ащы ішек пен тоқ ішектегі ыдырау, сіңіру, бөліп шығару үрдістерін көрсетеді

«Басбармақ» арқылы бағалау, кері байланыс



Презентация

ақ тақта,

маркер,

түйінді сөздер жазылған карточкалар:

метаболизм, анаболизм, катаболизм, ассимилляция, диссимиляция















ақпараттық парақшалар

оқулық

қалам, қағаз маркерлер








































































































Сабақтың соңы

(5 мин)


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

1-тапсырма. Ыдырау, сіңіру үрдістерінің сипаттамаларын бөлімдерге жіктеңіз:

А) Птиалин (амилаза) крахмалды мальтозаға , мальтаза дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады

В) Пепсин ет пен жұмыртқаның нәруызын жеңіл, шеміршек пен сіңір нәруыздарын өте баяу ыдыратады

С) Химозин балалардың қарын сөлінде болады, сүтті ірітеді

D) Трипсин нәруыздарды амин қышқылына, липаза майларды май қышқылы мен глицеринге, амилаза көмірсуларды моносахаридтерге дейін ыдыратады.

Е) Птиалин мен мальтаза әлсіз-сілтілі ортада әсер етеді

F) Пепсин мен химозиннің әсерін тұз қышқылы белсендіреді

G) Сөлінің құрамында 20-дан астам ферменттер болады, олар кез-келген қоректік заттарды ыдыратуға қабілетті

H) Моносахаридтер мен амин қышқылдары бүр эпителийі арқылы сіңіріледі де, қантамырына өтеді

J) Май қышқылдары мен глицерин бүр эпителийінде қайтадан майға айналады да, лимфаға сіңіріледі

K) Судың негізгі мөлшері сіңіріледі және бактериялар жасунықты ыдыратады, қорытылған нәруыз өнімдерінің қалдықтарын ыдыратады


Ауыз қуысы

Қарын

Ащы ішек

Тоқ ішек





Бағалау: «Жұлдызша», кері байланыс

Бағалау критерийі:

  • Ақуыз, май, көмірсулардың асқорыту мүшелерінің бөлімдерінде механикалық және химиялық өңделу ерекшеліктерін біледі, сипаттайды

Дескриптор: білім алушы

  • Ауыз қуысындағы ыдырау үрдісіін сипаттайды

  • Қарындағы ыдырау үрдісін сипаттайды

  • Ащы ішектегі ыдырау және сіңірілу үрдісін сипаттайды

  • Тоқ ішектегі ыдырау, сіңірілу үрдістерін сипаттайды

2-тапсырма. Ферменттерді қызметтерімен сәйкестендіріңіз:

Ферменттер

Қызметтері

1

Пепсин

А. Крахмалды мальтозаға дейін ыдыратады

2

Амилаза

B. Дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады

3

Трипсин

C. Ет пен жұмыртқа нәруызын жеңіл ыдыратады

4

Липаза

D. Нәруызды аминқышқылына дейін ыдыратады

5

Мальтаза

E. Майларды май қышқылдары мен глицеринге ыдыратады


1______ 2_______ 3_______ 4_______ 5_______

Бағалау «Смайликтер тарату», кері байланыс

Бағалау критерийі:

  • Асқорыту процесіндегі органикалық заттар мен оларға сәйкес ферменттердің арасындағы өзара байланысты сәйкестендіреді

Дескриптор: білім алушы

  • Сілекей сөлі ферменттерінің қызметін сәйкестендіреді

  • Қарын сөлі ферменттерін сәйкестендіреді

  • Ішек сөлі ферменттерін сәйкестендіреді


3-тапсырма. «Мазмұндық құрылымды-қисынды сызба» (5мин)

Тапсырма: метаболизм, анаболизм, катаболизм, ассимилляция, диссимиляция, осы ұғымдарды қатыстырып мазмұндық құрылымды-қисынды сызба құрыңыздар, бүгінгі тақырыппен байланыстырып қорытынды жасаңдар.

( Дайын құрылымдық-қисынды сызбаны тақтадан көрсетіп, топ жұмыстарын өзара салыстыра отырып бағалау)

«Басбармақ» арқылы бағалау, кері байланыс


Бағалау критерийі:

  • Ыдырау, сіңіру, бөліп шығару үрдістері – зат және энергия алмасудың ажырамас бөлігі екенін түсінеді

Дескриптор: білім алушы

  • Алдыңғы білімге сүйене отырып сызба құрады

  • Жаңа білімді алдыңғы біліммен байланыстыра отырып, қорытынды жасайды


Рефлексия: «Сэндвич әдісі» арқылы алған білімдері бойынша кері байланыс орнатамын.

1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;

2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;

3 қабат – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұсыныс беру: маған ұнады, дегенмен келесі жолы …

Үйге тапсырма беру

*Мәтінді түсініп оқыңыз, тапсырмаларын орындаңыздар.

** Қысқы ұйқыға кететін жануарлар ағзасына май қорын жинайды. Ағзалардың май қорын жинауының себебі туралы түсіндірме жазыңыздар.

*** Зат және энергия алмасудың жүйкелік-гуморальдық реттелуі туралы хабарлама дайындаңыздар.

Презентация

Ақпараттық парақшалар


Қосымша ақпарат



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

  • Сабақ мақсаты бойынша саралау

  • Қарқын бойынша саралау

  • Нәтиже немесе жауап бойынша саралау

  • Тапсырма бойынша саралау

  • Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау

  • Таңдау бойынша саралау

  • Қарым-қатынас формалары бойынша саралау

1 - тапсырма – төменгі деңгей, барлық оқушыларға арналған

2- тапсырма – орта деңгей, көпшілігіне

3- тапсырма – жоғары деңгей, кей оқушыларға арналған

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

-Партада дұрыс отыруына назар аудару.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?











1- қосымша

Липидтер —— барлық тірі жасушадардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты (грекше hydor — су және phobos — қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі — майлар. Майлардың молекуласы үш атомды спирт — глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы — олардың құрамына кіретін май қышқылдарының сипатына байланысты. Май кышқылдары: қаныққан және қанықпаған больп екі топқа бөлінеді. Қаныққан май қьшқылдары бір байланысты, оларга пальмитин, стеарин қышқылдары және т.б. жатады. Ал қанықпаған май қьшқылдары қос байланыс түзеді, оларға олеин, линол және т.б қышқылдар жатады. Жануар майларының құрамында қаныққан қышқылдар көп, сондықтан олар бөлме температурасында да қатты күйде болады. Мысалы, сиыр майының құрамында глицерин, пальмитин және стеарин қышқылдары бар. Өсімдік майының құрамында канықпаған май қышқылдары көп болады. Осыған байланысты олар жеңіл ериді және бөлме температурасында сұйык күйін сақтайды. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен байланысқан олеин қышқылының қалдығынан тұрады. Көптеген жасушалардағы майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5—-10%-ын құрайды. Алайда құрамының 90%-ға жуығы майдан тұратын жасушалар да болады. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, май бездері, шарбы (қарынның сыртындағы жұқа май), түйенің өркеші жөне дельфин сүтінің 40%-ы майдан тұрады.

Фосфолипидтер – күрделі липидтер болып табылады. Мембрананы түзеді.Осы молекулалар жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады

Стероидтар. Стероидтардың маңызды өкілінің бірі – холестерин. Ағзада холестерин бос күйінде де, байланысқан күйде де кездеседі. Бос күйінде мембрана құрамында кездеседі.

Қызықты ақпарат! Ересек адам ағзасында 140 г холестерин болады, көп мөлшерде жүйке ұлпасы мен бүйрекүсті безінде кездеседі. Тәулігіне адам ағзасына 0,3 – 0,5 г холестерин келіп түседі, ал 1 г дейін түзіледі.

Балауыз – бұл тізбектей құрылған май қышқылдары мен мен біратомды спирттен құрылған күрделі эфирлер. Балауыз – жапырақтар, сабақ, жеміс, тұқымдар мен жәндіктердің экзоқаңқасында су өткізбейтін қабат түзіп, қорғаныш қызметін атқарады. Жануарлар мен құстардың тері қабаты мен қауырсындарын жауып, су өтуінен қорғайды. Ара балауызы ара ұясын құрудағы құрылыс материалы. Планктондарда балауыз энергия сақтау қызметін атқарады.


Көмірсулар

Фруктоза - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс - жидектердің құрамында кездеседі. Ол қандағы алкогольдің ыдырауын күшейтеді және де тамақтануда кәдімгі қантты фруктозамен алмастыру – тіс ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.

Сахароза - ақ түсті, тәтті дәмді, қыздырғанда қоңыр түсті карамель түзеді. Табиғатта ең көп таралған полисахарид түрі. Флоэма арқылы тасымалданады. Шаруашылықта қант қамысы мен қант қызылшасынан кәдімгі қант алынады.

Лактоза - сүт қанты деп аталады. Адам мен сүтқоректілердің сүтінің құрамында болады. Сүтқоректілердің балалары үшін маңызды энергия көзі болып табылады. Асқазанға түскен соң лактоза глюкоза мен галактозаға ыдырайды. Ашу үрдісін спирттік ашуға дейін өзгерте алады.

Целлюлоза - жасунық, өсімдіктер жасушаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы көмірсу. Целлюлоза өсімдік тіндеріне механикалық беріктік, серпімділік қасиет береді. Өсімдік жасушасының қабығында құрылыстық, құрылымдық қызмет атқарады. Асқорыту кезінде организм өт қышқылы мен холестеринді бөледі.Сондықтан жасунық «асқазан тазалаушысы» ретінде шлактар мен токсиндерден құтылуда маңызды болып табылады.

Гликоген - адам, жануар және саңырауқұлақ денесіндегі көмірсудың қоры. Гликоген-глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Гликоген жасуша цитоплазмасында, бауыр мен бұлшықетте жинақталады. Егер глюкоза жетіспесе бауырдағы гликоген бүйрек үсті безінің адреналин гормоны әсерінен суда жақсы еритін глюкозаға ыдырайды.

Крахмал – макромолекуласы α-глюкоза қалдығынан тұрады. Өсімдіктің қор заты. Ақ түсті аморфты ұнтақ, суық суда ерімейді, ыстық суда ісініп коллоидты ерітінді, крахмал клейстерін түзеді, бұл жағдайда амилоза, крахмалдың негізгі құрылымдық бөлігінің қызметін атқарып, ыстық суда ериді, амилопектин тек қана ісінеді.Хитин — омыртқасыз жануарлардың тіректік полисахариді (буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізін құрайды) және саңырауқұлақтар мен кейбір жасыл балдырлардың жасуша қабырғаларының құрамдас бөлігі. Хитин суда ерімейді. Организмдердің хитинді биологиялық синтездеуге қабілеттілігі — маңызды биохимиялық белгі болып саналады.





2- қосымша



Майлар

1

Гидрофобты, өсімдіктер мен жануарлардың қор заты.

Жануарларды қыста суықтан, ұйқыға кететін жануарларда қоректену көзі болып саналады.

Ыдырағанда 38,9 кДж энергия бөлінеді.

Қаныққан және қанықпаған болып екі топқа бөлінеді


Фосфолипидтер

2

Құрамында фосфор қышқылының қалдығынан және оған қосымша әртүрлі химиялық атомдардан тұрады.

Жасуша мембранасының ортаңғы екі қабатында кездеседі

Жасушаның химиялық ортасының тұрақтылығын сақтайды


Стероидтар




3

Маңызды өкілінің бірі – холестерин

Бос күйінде мембрана құрамында және қандағы липопротеинде кездеседі

Жыныс гормондарының (тестостерон, эстрадиол т.б..), бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты гармоны (кортикостерон), өт қышқылы (дезоксихоллі), витамин D

Балауыз



4

Жапырақтар, сабақ, жеміс, тұқымдар мен жәндіктердің экзоқаңқасында су өткізбейтін қабат түзіп, қорғаныш қызметін атқарады

Жануарлар мен құстардың тері қабаты мен қауырсындарын жауып, су өтуінен қорғайды

Ара балауызы ара ұясын құрудағы құрылыс материалы

Планктондарда балауыз энергия сақтау қызметін атқарады.













Липидтердің түрлері мен қызметтері



Қызметтері

Мысалдар

Энергетикалық

Негізгі қызметі.1 г липид ыдырағанда 38,9 кДж энергия бөлінеді

Құрылымдық

Фосфолипидтер, гликолипидтер және липопротеиндер жасуша мембранасын құруға қатысады.

Қор жинаушы

Өсімдіктер мен жануарлардың қор заты. Жануарларды қыста суықтан, ұйқыға кететін жануарларда қоректену көзі болып саналады. Өсімдіктер тұқымдарындағы майлар өскінді энергиямен қамтамасыз етеді.

Қорғаныш

Май қабаты мен май капсуласы ішкі мүшелердің үйкелістен сақтайды.
Балауыз қабаты өсімдіктер мен жануарларда су жұқтырмайды.

Жылу реттегіш

Теріасты май қабаты жылуды сақтап тұрады. Су сүтқоректілерінің немесе суық климаттағы жануарлардың тіршілігі үшін маңызды роль атқарады.

Реттегіш

Гиббереллин өсімдіктердің өсуін қамтамасыз етеді. Жыныс гормоны тестостерон ер адамдағы жыныс белгілерінің дамуын қамтамасыз етеді. Жыныс гормоны эстроген аналық жыныс белгілерінің, менструалдық циклдің жұмысын реттейді.

Минералокортикоидтар (альдостерон т.б.) су мен тұз алмасуын реттейді.

Глюкокортикоидтар (кортизол т.б.) көмірсу мен нәруыз алмасуын реттеуге қатысады.

Су көзі

1 кг май тотыққанда 1,1 кг су бөледі. Шөл далада тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызды.



Нәруыздар



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее