Сабақтың тақырыбы: Вирустар дүниесі, құрылысындағы ерекшеліктер
Сабақтың мақсаты:
Вирустар дүниесімен таныса отырып, құрылысындағы ерекшеліктер туралы ақпарат алу.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: оқушыларды жасушасыз тірлік құрамы-вирустармен таныстыру; Вирустардың құрылыс, көбею, таралу ерекшеліктерімен, олардың басқа ағзалардан айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың өздігімен тақырыпты танып-ізденуге, топпен жұмыс істеуге; алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету; білімге құштарлығының дүниетанымдылық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: санитарлық – гигиеналық білім беру; салауатты өмір салтының ұстанымдарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Презентация, үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: Экология, медицина.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (рефлексия, ой маржан)
2. Үй тапсырмасын текеру (биологиялық диктант)
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту жұмыстары
5. Қорытынды
6. Үйге тапсырма
1-кезең. Рефлексия
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.
Ой маржан
«Білімді себетті» оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерімен толтыру.
2-кезең
Үй жұмысын тексеру. «Телеграмма» Оқушылар бір-бірін тексеріп бағасын қояды.Мұғалім дұрыс жауабын оқиды.
Жабайы өсімдік, іріктеме,Н.И.Вавилов,азық-түлікпен, шикізатпен,6,күздік бидай,дәнек,алқа
1-нұсқа «Телеграмма»
Алғашқы адамдар тек…………………………бөліктерін ғана пайдаланды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарылған бір түр дарақтарының жиынтығы…………………….деп аталады. Мәдени өсімдіктердің сан алуан және шығу орталығын орыс ғалымы……………………..зерттеді. Мәдени өсімдіктер адамдарды………………………..қамтамасыз етеді.Қазақстанда бидайдың…………..түрі өсіріледі ………………………..суық түскнге дейін түптеніп үлгереді.Бидайдың тұқымы………………..деп аталды. Картоп-………………..тұқымдасына жататын өсімдік.
жинаушы,селекция,Кәрім Мыңбаев.бидай.жылу сүйеді,көктемде,крахмал,айқаспалы
2-нұсқа «Телеграмма»
Өсімдіктерді қолда өсіре алмай, тек жабайы түрін ғана пайдаланған кезең………………кезең деп аталады. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін алумен шұғылданатын ғылым……………………….деп аталады.Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан сипаттаған ғалым-………………. Дәнді дақылдардың ішіндегі ең маңыздысы-……………………Қатты бидай топырақ талғайды және……………………Жаздық бидай……………………егіледі.Бидай тұқымын егу әдісі тар қатарлы және………………….себіледі. Картоп түйнегінде…………….мол болады.
3-кезең.Жаңа сабақ
Жер бетіндегі тірі ағзалар: жасушасыз тірлік құрлымдары, ядросыздар және ядролылар болып үш топқа бөлінеді.
Жасушасыз тірлік құрлымына вирустар жатады. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайды. Жасушасы болмаған соң, ядросы да болмайды.
Сыныпты үш топқа бөлу. Кластер қорғау.
1-топ
Вирустың шығу тегі, вирусология ғылымы. Бұлар бактерияларға қарағанда анағұрлым ұсақ, құрылысы қарапайым организмдер. Жай микроскоптармен көруге болмайды.
Оларды 1892 жылы орыс ғалымы Д. И. Ивановский ашқан болатын.Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жұқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бұл организмдерді Д. И. Ивановский «у» деп атады. Вирус ұғымын 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. Қазір бірнеше мың есе ұлғайтып көрсететін микроскоптардың құрастырылуы вирустарды жете зерттеуге мүмкіндік туды. Олардың 200-ден астам түрлері анықталды.Сондықтан вирустар жеке класс ретінде қарастырылады, оларды вирусология ғылымы зерттейді.
XX ғасырдың басында негізгі 3 түрлі вирус белгілі болды. Олар бактерия, өсімдіктер және жануарлар ауруының вирустары еді. Содан кейінгі жылдар тап бүгінге дейін вирусология ғылымының өте терең жаңалықтары ашылған жылдар болды. Вирусология ғылымы вирустардың табиғатын, шығу тегін, химиялық құрамын, өсіп-жетілуін, қасиеттерін зерттейді және вирустардың жасушалармен өзара байланыстарын, вирусқа қарсы иммунитетті, вирус ауруларын зертханалық тәсілдер арқылы зерітеумен айналысады.
2-топ
Вирустардың құрылысы. Вирустар — жасушаға дейін пайда болған түзіліс. Оларды ағза ретінде қарауға болмайды. Себебі ағза дегеніміз-өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Ал жасуша ішіндегі органоидтар ағзаға жатпайды. Себебі олар өз бетімен тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды тірі организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне басқа ағзаның жасушасы керек. Вирустарда жасуша болмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан жай көзге көрінбейді. Вирус екі түрлі нуклеин қышқылының біреуінен және сыртында нәруызды және липидті қабығы бар заттан тұрады. Пішіні: шар, сопақ, тақша, жіп тәрізді болады.Жасушадан тыс формалары-вирион деп аталады.
Бактерия жасушасына енетін вирус фаг немесе бактериофаг деп аталады. Грек тілінен аударғанда «бактерион»-тақша, «фагейн»жеп қою, жою деген мағынаны береді. Бактериофагтар (фагтар) – бактерия вирустарының ерекше тобы. Фагтар бактерия жасушасына енiп, оны жоя алады. Iшек таяқша фагының денесi бас бөлiмнен және ақуызбен қапталған iшi қуыс таяқшадан тұрады. Таяқша алты жiпшеден тұратын тақташамен аяқталады. Бас бөлiмiнде ДНҚ орналасқан. Бактериофаг өсiндiлерi арқылы iшек таяқшасына бекiнедi, түйiскен жерінен жасушаға кiредi. 10 – 15 минуттан соң, осы ДНҚ әсерiнен бактерия жасушасы түгел өзгерiп, ол өзiнiң емес, бактериофагтың ДНҚ синтездеудi бастайды. Бұл процесс 200 – 1000 жаңа бактериофагтың пайда болуымен және жасушаның жойылуымен аяқталады.
3-топ
Вирустардың негізгі ерекшеліктері
1. Олар микробтардан да өте ұсақ болады;
Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді.
3. Вирустар тек жасуша ішінде ғана тіршілік ететін паразиттер, демек тек жасуша ішінде ғана көбейеді. Бір адамнан екінші адам денесіне тез ауысып отырады.
4. Вирустардың көбеюі де ерекше. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейеді. Ал вириондар жасуша ішінде кіреді де жоғалып кетеді. Себебі вирус жасуша ішінде нәруыз пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың бөлшектері жасушаның әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы — ядрода, цитоплазмада, нәруыздары — цитоплазмада, содан кейін барып олардан жаңа вириондар кұралады. 30 минутта 1 жасушадан жүздеген жаңа вириондар пайда болады.
5. Вирустар өздігінен нәруыздарды құрай алмайды.
6. Вирустар жасанды орталарда өспейді. Себебі оларда тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі жасуша керек, тек жасушаның ішіндегі материалдарын пайдаланып қана көбейе алады.Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес өзгергіш келеді.
Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температура +55 +60°-қа көтерілгенде олардың кейбіреулері бір сағаттың ішінде, ал көпшілігі +90 градуста қырылып бітеді. Вирустар құрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бұларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар вирустарды қырып жібереді.
Олар кристалл күйіндеде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады.
4-кезең.Бекіту
1.«Сиқырлы сандар»
Слайдта 1-12 дейін сандар тұрады. Әр санның астында сұрақ жасырылған. Әр топ мүшесі санды таңдап жауап береді,
1.Вирустарды ашқан кім? Д.И.Ивановский
«Вирус» деген сөзінің мағынасы? у
3.Вирустарды зерттейтін ғылым? Вирусология
4.Вирус неден құралады? НҚ, нәруызды және липидті қабық
Бактерия жасушасына енетін вирус? Фаг н/е бактериофаг
6.Вирустардың тіршілік ету ортасы? Жасуша
7.30 минутта 1 жасушадан қанша вирус пайда болады? 100-дей
8.Вирустарды жасанды ортада өсіруге болама? Жоқ
9.Вирустардың көбеюі үшін не керек? Тірі жасуша
10.Вирустар неше градуста тіршілігін жояды? +90
11.Қандай заттар вирустарды қырып жібереді? Химиялық
Вирустың жасушадан тыс формалары қалай аталады? вирион
2.«Менен-сұрақ, сенен-жауап» топтар бір-біріне сұрақ қояды.
№ | Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | «Кластер қорғау» | «Сиқырлы сандар» | «Менен-сұрақ, сенен-жауап» | Баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5-кезең
Қорытынды.
Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактерияларданда өте кіші, жай көзге көрінбейді.Вирус-жасушасыз құрылым. Вирустар адам және өсімдік, жануарлар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады.
6-кезең. Үй жұмысы
2-параграфты оқу. «Вирустар тудыратын аурулар» мәлімет жазып келу.