Сайыстың тақырыбы: «Үздік информатик»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру, өмірмен байланыстыру. Оқушыларға XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру, нақты ғылымдар ғасыры деген ұғымдар туралы түсініктерін қалыптастыру. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру. Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Түрі: сайыс сабақ
Сайыстың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сайысқа шақыру
ІІ. Сайысты өткізу жоспары
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Жүргізуші:
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсыңба елеңдесіп.
Ата-салт, баба-дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас,
Сыныптас бірге оқып болған сырлас.
Жақсы ма, денсаулығын қал-жағдайың,
Отбасында аман ба мал менен бас?!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Үздік информатик» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Жас достарым!
Мұны дұрыс ұғайық,
Компьютер ол құрметтеуге лайық
Ғылымдардың жаңасы,
Дегенмен, бала-данасы,
Информатика жайында
Сайысымызды бастайық!
Сайысқа қатысушы оқушылар ортадан келіп нөмір алуларыңызды сұраймыз. Алынған нөмірлер таныстыру және ІҮ-сайыс бойынша шағын жобаны қорғау реттілігін анықтайды. Бүгінгі байқауға қатысушы оқушылармен таныс болсаңыздар. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушылар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер!
Жүргізуші:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер- дей келе бүгінгі сайыстың әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар!
Көңілді біздің мектеп үздіктері, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І-кезең. «Бізден сұрақ, сізден жауап»
ІІ-кезең. Алтын сандық
ІІІ-кезең. Ойлан тап
ІҮ-кезең. Ғажайып алаң. «Жамбыл мектебі болашақта...»
Құрметті сайысқа қатысушылар дайынбыз ба, олай болса сайысымыздың
І-кезеңі «Бізден сұрақ, сізден жауап». Бұл кезеңде қойылған сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Іске сәт!
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)
Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)
Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
Принтердің неше түрі бар? (3)
1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? (5)
Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)
Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)
Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
Компьютер ауруы (вирус)
Windows деген не? (терезе, ОЖ)
Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)
Компьютердің атасы (Ч.Бэббидж)
Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай аталады? (микрофон)
Ең бірінші есептейтін құрылғыны кім ойлап тапқан? (Блез Паскаль)
Телефон арқылы басқа коспьютерлерге мәлімет алмасуға қажетті құрылғы (модем)
Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (DELETE)
Осымен І-кезең аяқталды. Ұпай санын барлығын қосып сайыс соңында бірге есептесек....
Жүргізуші:
Ең бастысы жарыстың қақпа еді,
Мықтылары сандық ашып, жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді! Сайысымыздың ІІ кезеңі «Алтын сандық». Бұл сайыста «Тас қақпа», «Күміс қақапа», «Алтын қақпа» және «Алтын сандық» болады. Әр қақпада 3 сұрақтан. Тас қақпаның сұрақтары 10 ұпай, күміс қақпаның сұрақтары 20 ұпай, Алтын қақпаның сұрақтары 30 ұпай, Алтын қақпаның сұрағы 1 сұрақ, ондағы ұпай саны-40. Қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып «Тас қақпаны» ашайық!
«Тас қақпаның» сұрақтары:
Microsoft фирмасының авторы (Бил Гейтс)
HewLett-Packard фирмасы Desklet сериясындағы алғашқы сия бүріккіш принтерді қай жылы шығарды? (1988 жылы)
Дүние жүзі бойынша бірінші бағдарламалаушы деп саналатын Ада Лавлейс қай жылы кімнің машинасына алғашқы бағдарлама жазған? (1846 жылы, Бэббидж машинасына)
«Күміс қақпаның» сұрақтары
1. Мультимедиа – бұл компьютерге дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Мультимедиалық компьютердің құрамы: 386-дан жоғары, процессорлы жүйелік блок, 512-ден жоғары килобайт болатын монитор, қатты диск, дыбыстық карта, акустикалық жүйе кіреді.
Сұрақ: Мультимедиа қай жылы, қай елде пайда болды? (Америкада, 1990 жылы)
2. Веб беттердің мәліметтерін компьютер бейне бетіне шығару бағдарламасы (Браузер)
3. Apple фирмасы алғашқы монохромды қолмен істейтін сканерді қай жылы ойлап тапты? (1991 жылы)
«Алтын қақпаның» сұрақтары
Жұмыс үстелін безендіру әрекеті қалай орындалады? (Настройка-Панель управления-Рабочий стол)
Әлемде тұңғыш ұялы телефонды «Моторолла» компаниясы ойлап тауып шығарды. Алғашқы телефондар 790 грамм болған. Оларды ойлап табу үшін 15 жыл, 100 миллион доллар ақша кеткен.
Сұрақ: Алғашқы ұялы телефон қай жылы шықты? (1984 жылы)
1964 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. ХХ ғасырдың 70 жылдары бұл машинаның элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.
Сұрақ: Бұл машина қалай аталады? (Арифмометр)
«Алтын сандықтың» сұрағын тыңдау үшін экранға назар аударайық.
DVD – бұл CD сияқты оптикалық диск. ХХ ғасырдың аяғында ақпаратты 17 гигабайттық тасымалдау мен цифрлы бейнелеуге көшуді алмастыратын жаңа құралдарды шығару басталды.
Сұрақ: DVD бейнемагнитафондар қай жылы шықты? (2001 жылы)
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық-дей келе сайысымыздың ІІІ-кезеңін бастайық. Бұл сайыста қатысушыларға тапсырма берілген. Берілген кестедегі әріптерді пайдаланып, информатика пәніне қатысты сөздер құрастыру керек. Әрбір сөзге 5 ұпай. Іске сәт!
М | Т | П | Л | О | Т | Т | Н | О | М |
И | Ы | П | Р | Р | Т | Е | И | Д | Е |
К | Ш | Н | И | Е | Е | Р | О | М | М |
Р | Қ | А | Н | Т | Р | Н | Н | И | Т |
О | Н | Т | С | Ө | З | Е | Т | Р | О |
П | А | И | Б | А | Й | Т | Т | Е | З |
Р | М | В | П | И | К | М | Е | Р | Е |
О | Ә | И | А | Р | С | О | Ұ | А | Ф |
Ц | Т | Р | И | Х | Е | Д | Д | Й | Л |
Е | І | У | В | Ж | Л | И | Я | И | Ц |
С | Н | С | Д | А | Ь | Ф | И | К | А |
С | О | Р | А | Б | О | Н | Е | Н | Т |
Жауабы: Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.
Сайысқа қатысушыларымыз дайын болғанша көрермендермен ойын ойнайық, яғни «Информатикалық жұмбақтар» шеше отырайық.
Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)
Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
Рахмет! Сайыскерлеріміз дайын болса, тапсырмаларын жинап, әділқазы мүшелеріне тапсыруға рұқсат етсеңіздер!
Жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Сайысымыздың соңғы бөлімі «Ғажайып алаң». Бұл сайыста қатысушылар өзіміз білім алып, екінші үйіміздей болып отырған Жамбыл атындағы орта мектебімізді болашақты қалай елестеді. Осы тақырып аясында әрбір қатысушы өз ойларын ортаға салады. Бұл сайыста ең жоғарғы ұпай саны 50, төменгісі-10. Әділқазы мүшелері әрбір сайыскерлердің тақырып бойынша сөйлеу мәнері мен қорғаған жұмыстарының маңыздылығына қарай ұпай санын есепке алады. Ендеше ортаға 1-ші қатысушымызды шақырайық.
Осымен сайысымыздың соңғы бөлімі де өз мәресіне жетті.
«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі»- деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі үлкен сайыс. Осымен «Үздік информатик» сайысы да өз мәресіне келіп жетті. Сайысқа жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар танытып, қатысудың өзі де үлкен жеңіс деп білеміз. Әділқазы мүшелері сайыс нәтижелерін қорытындылып, есептегенше ортаға 6 «Ә» сынып қыздарын шақырайық.
Егер болсаң мамандықтың иесі,
Не істер едің бұл өмірге жүйелі,
Асыл тастан, өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан, бабам сөзі киелі.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін,
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз сіздерге алғыс бүгін!
Көңіл қойып, уақыт тауып келгендеріңізге мың алғыс! Арманымыз әрқашан асқақ болсын, қанаттарыңыз тек биіктерден қағыла берсін! Жеңістеріңіз көп болсын! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!