Үстеуден өткенді қайталау
Х.Е.Жумагалиева
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: | Үстеуден өткенді қайталау | |
Жалпы мақсат: | Үстеу тақырыбы бойынша топтық тапсырмалар арқылы білімдерін пысықтау. Сауаттылығын арттыру. | |
Сілтеме: | 1. Практикалық қазақ тілі. Авторы: Н.А.Оразахынова 2. 6-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. Авторлары: С.Исаев, Ж.Даулетбекова «Атамұра» Алматы, 2015ж. | |
Күтілетін нәтиже: | Үстеу туралы білімін пысықтайды, толыққанды талдайды. Сатылай кешенді талдау дағдысы шыңдалады. | |
Сабақта қолданылатын материалдар: | 1.Постер, маркер, стикер, смайликтер | |
Оқыту әдістері: | Оқытудағы жаңа әдістер СТО Дарынды және талантты балалармен жұмыс Көшбасшылық АКТ Оқуды және оқыту үшін бағалау Жас ерекшелігіне байланысты оқыту | 1.Диалогтік оқыту 2.Жеке жұмыс 3.Топтық жұмыс |
Дереккөздер: | Ш.Бектұров «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы Абайдың өлеңдер жинағы |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І.Оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызу | Тренинг Мейірімді жүрекпен – жүректерін ұстайды Ақ пейілді тілекпен – қолдарын көтереді Амандасып алайық – бір-бірінің қолынан ұстайды Бір жадырап қалайық – бір-біріне күлімдейді Еңбек етіп ерінбей, Жақсы баға алайық! – бас бармақтарын көрсетеді. Топқа бөлу |
Қимылдарды қайталайды. |
ІІ.Қызығушылықты ояту | Ой шақыру үшін берілген сұрақтар:
| Берілген сұраққа жеке жауап береді. |
ІІІ.Мағынаны тану | Тақырыпты ашу мақсатына берілетін І тапсырма: 1-топқа: Тұлғасына қарай түрлері, туынды үстеулердің жасалу жолдары 2-топқа: Құрамына қарай түрлері, күрделі үстеулердің жасалуы 3-топқа: Мағыналық түрлері ІІ тапсырма: Абай өлеңдерінен үстеулерді табу, олардың біріне сатылай кешенді талдау жүргізу 1-топқа: Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. 2-топқа: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. 3-топқа: Жоғары-төмен үйрек, қаз, Ұшып тұрса сымпылдап. |
Тапсырманы топ болып орындайды, қорғайды. Топтар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.
1-топ диалог түрінде орындайды.
2,3-топ қорғаулары арқан тартыспақ ойыны түрінде өтеді. |
Сергіту сәті | Алдыңғы күні – жұма, 3 наурыз Бұрнағы күні – сенбі, 4 наурыз Кеше – жексенбі, 5 наурыз Бүгін – дүйсенбі, 6 наурыз Ертең – сейсенбі, 7 наурыз Бүрсігүні – сәрсенбі, 8 наурыз Арғы күні – бейсенбі, 9 наурыз | Берілген үстеулерге сәйкес апта күндері мен күн жадын жазу |
| ІІІ тапсырма: 1-топқа: Берілген үстеулерден өзара антоним үстеулерді табу. 2-топқа: Берілген үстеулерден өзара синоним үстеулерді табу. 3-топқа: Үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіру |
Топ болып орындайды. |
ІV. Қорытындылау |
| Әркім өз ойын айтады. |
V.Рефлексия | «Бұлттар» әдісі бойынша:
| Стикерге есімдерін жазып, таңдаған бұлттарына жапсырады. |