«Осень 2024»

"Үшбұрыштар әлеміне саяхат" (7-сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс шара)

Мақсаты: 1.Үшбұрыштың қасиеттерін қолданып, үшбұрыштарды топтастыра білу;

2.Ұсынған алгоритмді қолданып зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін арттыру;

3.Геометриялық интуицияларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: компьтер, интерактивті тақта, түрлі-түсті таяқшалар, үлестірмелі материал.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

«Үшбұрыш» әлеміне саяхат-сабақ.



Мақсаты: 1.Үшбұрыштың қасиеттерін қолданып, үшбұрыштарды топтастыра білу;

2.Ұсынған алгоритмді қолданып зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін арттыру;

3.Геометриялық интуицияларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Көрнекілігі: компьтер, интерактивті тақта, түрлі-түсті таяқшалар, үлестірмелі материал.



Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

2.Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. (3 мин)

3.Практикалық тапсырма (зерттеу жұмысы) (15 мин)

4.Білімдерін бекіту кезеңі.(12 мин)

5.Үй жұмысы. (3 мин)

6.Қорытынды.(3 мин)

7.Рефлексия. (4 мин)

8.Резерв.(3 мин)



І. Ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.

Мұғалім: Біз бүгін «Үшбұрыштар» әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл әлемде өзінің «триангл» деген валютасы бар екен. Сендер әрбір дұрыс жауап үшін 1 триангл аласыңдар. Сабақ соңында кім 7 триангл жинаса сол оқушы «өте жақсы» деген бағаға ие болады. Топтарға бөлініп саяхатқа аттанамыз. Ол үшін қысқаша сұрақ-жауап өткізейік.



ІІ.Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.

  • Өткен сабақта біз қандай фигура туралы сөйлестік?

(Үшбұрыш) Слайд №1

  • Қандай қасиеттері бойынша үшбұрыштар топтарға бөлінеді?

(бұрыштарына қатысты) Слайд №2

  • Осы топқа қандай үшбұрыштар кіреді?

(тік бұрышты,сүйір бұрышты,доғал бүрышты) Слайд №3







Үшбұрыштар



бұрышына қатысты





доғал бұрышты сүйір бұрышты тік бұрышты

  • Қандай үшбұрышты тікбұрышты үшбұрыш деп атаймыз?

(егер бір бұрышы тік болса)

  • Қандай үшбұрышты доғал бұрышты үшбұрыш деп атаймыз?

(егер бір бұрышы доғал болса)

  • Қандай үшбұрышты сүйір бұрышты үшбұрыш деп атаймыз?

(егер барлық бұрыштары сүйір болса)



ІІІ.Практикалық тапсырма (зерттеу жұмысы).

-Үшбұрыштардың екінші тобымен таныс болайық.

Сендердің алдарыңда әртүрлі үшбұрыштари салынған карточкалар.















-Мына алгоритмді орындаңдар: Слайд №4

1.Бір карточканы ал.

2.Үшбұрыштың қабырғаларын өлше.

3.Өлшемдерін дәптерге жаз.

4.Барлық үшбұрыштарға 1-3 командаларды орында.

5.Қорытынды жаса. Қызықты не көрдің?

-Осы үшбұрыштардың аттарын атап көрейік?

1.Барлық қабырғалары тең үшбұрыштарды қалай атауға болады?

(теңқабырғалы)

2.Қабырғалары әртүрлі үшбұрыштарды қалай атауға болады?

(әртүрлі қабырғалы)

3.Екі қабырғасы тең үшбұрышты қалай атауға болады?

(теңбүйірлі)



-Сонымен бізде тағы бір топ пайда болды. Қандай қасиеттері бойынша топтастырылған? (қабырғаларының ұзындықтары бойынша) Слайд №5

-Ендеше «Үшбұрыштарды» екі топқа бөлуге болады екен.

Слайд №6

Үшбұрыштар





бұрыштарына қатысты қабырғаларына қатысты

тік сүйір



доғал



тең қаб. әртүрлі қаб. Тең бүйірлі

Дәптерге сызады.



-Қалай ойлайсыңдар? Әртүрлі үш таяқшадан үшбұрыш салуға бола ма?



(Оқушылардың алдында екі түсті таяқшалар жатыр: қызыл түсті 4см,2см,7см және көк түсті 4см,3см,5см)

қызыл



-Осы таяқшалардан үшбұрыш құрастырып көріңдер?

-Салуға бола ма? (Жоқ)



көк



-Осы таяқшалардан үшбұрыш құрастырып көріңдер?

-Салуға бола ма? (Ия)



6.Қызыл таяқшаларды өлшеп көріңдер?

7.Өлшемдерін дәптерге жазыңдар:

а)Қысқа таяқша..........................

ә)Ұзын таяқша...........................

б)Орташа таяқша......................



8.Салыстырыңдар:

а)Қысқа мен орташаның қосындысын ұзын таяқшамен.

ә)Қысқа мен ұзынның қосындысын орташа таяқшамен.

б)Ұзын мен орташаның қосындысын қысқа таяқшамен.



9.Осы әрекеттерді көк таяқшамен жасап көріңдер.

10.Нәтижелерді салыстыр және қорытынды жасаңдар.



-Сонымен: Үшбұрыштың кез келген екі қабырғасының қосындысы үшінші қабырғасынан артық болу керек. Слайд №7



ІҮ. Білімдерін бекіту.

1 тапсырма: Теңқабырғалы үшбұрыштың периметрі 156 см, оның қабырғаларын табыңдар.



2 тапсырма: Қабырғалары 5дм,2дм және 70см болатын үшбұрыш салуға бола ма?



3 тапсырма: Суретте неше үшбұрыш бар?













Ү. Үй жұмысы.

Power Point-та үшбұрыштың түрлерін қолданып сурет салып келу.

(жануарлар немесе геометриялық суреттер)

Слайд №8 Үшбұрыштардан құрастырылған суреттер көрсету.



ҮІ.Қорытынды.

7 триангл алған оқушыға «5» , 6 триангл алған оқушыға «4».



ҮІІ.Рефлексия.

-Осы сабақта сендерді не қызықтырды? Не таңқалдырды?

-Не ұнады?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее