«Қызғалдақ» бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Күні:18 .11.2019
Тәрбиеші:Сабитбекова А.Е.
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Пән: Жаратылыстану, Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Дұрыс тамақтану»
Тақырыбы:Жемістер.Алма
Мақсаты:
1.Тәрбиелік:жемістерге күтім жасай алады. 2.Дамытушылық:балалар жемістердің түрлерін ажыратып, түсіндіре алады. 3.Оқыту: алманың дәмін ,көлемін ажырата, айта алады.
Ресурстармен қамтамасыз ету:жемістердің суреті салынған картиналар, муляждар.
Билингвальды компонент: алма - яблока
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Ұйымдастырушылық кезеңі:Сәлеметсіздер ме,балалар! Балалар келген қонақтарменде амандасуды ұмытпайық.
Енді менің қолымдағы смайликтерге қарап өздеріңнің көңіл-күйлерінді білдірсендер.
-Жақсы көңілде болсандар, ҰОҚ бастайық онда.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Күзде не піседі?
-Иа, жеміс жидектер піседі.
-Сол жемістердің ішінде ,бүгін біз сендермен алма жемісімен танысамыз.
-Енді балалар алма жайлы білу үшін , жемістер бағына барсақ қалай болады?
Жемістер бағына қалай жетеміз? Менің сендерге ұсынысым бар, балалар бәлкім жаяу, серуендеп, таза ауа жұтып барасақ, келісесіндер ме? Жақсы, олай болса кеттік.
Сергіту сәті:
Баққа біздер барайық,
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық
-Балалар баққа келдік, қараңдаршы қандай керемет.
Негізгі бөлім:Тосын сәт:
Сәлеметсіздер ме , балалар деп алдымыздан Күз шығады.
-Мен, күзбін, сендер менің баубақшамның жемісін көруге келдіңдер ме?
Тәрбиеші: иа, Күз, біз балалармен жемістер жайлы білсек дейміз...
-Әрине, білген дұрыс. Онда мен сендермен аралап, піскен жемістерді жинап алайын
Жақсы онда ,балалар бақшада піскен жемістер болса, Күзге жинап берейік ,иа?
Ойын тәрбиешінің жетекшілігімен : Алманы теріп алу
Аяқтың ұшымен тұрамыз,
Алманы жұлып аламыз.
-Алма ағашта өседі, дәмі тәтті, түсі қызыл, сары, жасыл, алманың пішіні дөңгелек. Алмадан тосап, шырын, жасалады.
- Қараңдаршы балалар, алмұртта өсіп тұр.
-Балалар күз молшылықтың, береке мен мерекенің айы, күзде қамбамыз астыққа толады, жемістер мен көкөністер піседі. Көкөністер мен жемістердің сендерге берер пайдасы мол. Олардың құрамындағы дәрумендер сендердің тезірек өсулеріне көмектеседі.
-балалар ,Күз сендерге бақшадағы жемістер жайлы біле алдыңдар ма ,соны тексеру үшін, сендерге тапсырма дайындап қойыпты. Орындаймыз ба?
Құрылымдалған ойын:(саралау тәсілін қолдана отырып,деңгейі төмендеу балаларға)көлеңкелерінен тап ойыны. (Деңгей жоғары балаларға ) алманы мүсіндеу.
Ойын ойнамас бұрын, саусақ жаттығуын жасасақ.
Бала ,бала ,балапан.
Қайсы қане алақан?
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Жарайсыңдар!
Енді жұмысымызды жалғастырсақ болады.
-Елнұр, Ақерке, Салім, бізге ермексаздан не жасағандарынды айтып берсендер!
Мөлдір, Карина, Жансая, Алидің жұмыстарын көрсек.
Жарайсыңдар, балалар. Өте керемет.
-Күз саған балалардың жасаған жұмыстары ұнады ма?
-Иа, тамаша екен. Балалар жемістер жайлы біледі екен.
-балалар жинаған алманы Күзге ұсынып ,Күзбен қоштасатын уақыт келді!
-рахмет сендерге балалар, алмаларды теріп беріп, тапсырмаларымды орындап, барін мұқиат жасап бердіңдер. Сау болыңдар!
Еркін ойын: жемістерді дұрыс жинау.
Қане қол ұстасып, бір-бірімізден алыстамай балабақшаға оралайық.
Қорытынды: балалар ,бүгін біз қайда бардық?
Онда біз кімді көрдік?
Қандай жемістермен таныстық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Жарайсыңдар, маған өте қатты ұнады. Сендерге ұнады ма?
Олай болса келген қонақтармен қоштасайық!